Асқорыту мүшесі. Оған тіс және асқазан-ішек жолдары жатады.
Солтүстік бұғысында 34 тіс бар.Үстіңгі жақта күрек тісі жоқ, астыңғы жағында алтау.Олар тік, ұсақ, симметриялы, қатты өсімдіктерді кесуге жарамайды.
Азу тістері пішіні жағынан күрек тістеріне ұқсас.
Маралдардың қарны 4 камералы: таз қарын, жұмыршақ, кітапша, ұлтабар.Таз қарын көлемі-20л.Таз қарындағы қышқылдық орта-6,7-ге тең, ол көмірсуларды ыдыратуға қажет.
Жұмыршақтың қабығы жуан-3мм шамасында.Кітапша үлкен емес-12см.Ұлтабардың ұзындығы-40 см-ге жетеді.Ол өте терең қатпардан тұрады.
Тіс пен асқазан-ішек жолдарының жақсы дамуы солтүстік бұғылардың қына, мүк сияқты өсімдіктерді жақсы жеп, қорытуына әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |