Дәріс 4 Тақырыбы: Солтүстік бұғысының биологиялық және анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Мақсаты


Маралдардың жасы мен жынысына қарай ет өнімінің массасы



бет9/9
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#11634
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Пан.ол.Жаннур-4,5,6.

Маралдардың жасы мен жынысына қарай ет өнімінің массасы



Жынысы/Жасы

Аңның күйлілігі

Ет өнімінің көрсеткіші

Тірі массасы,

кг

Тушасының массасы,

кг

Сою шығымы, %

Аталықтар

1,5 жасар



Жоғары

Орташа


Төмен

154,3±1,62

133,6±3,2

106,6±0,58


84,0± 1,44

71,8±2,3


59,6±3,64

54,1

33,7


52,6

Рогач

4-7 жасар



Жоғары

Орташа


Төмен

193,4±1,1

171,7±3,2

148,2±2,2


108,8±1,1

93,0±2,2


75,7±1,3

36,1

54,2


51,1

Рогач

8жастан жоғары



Жоғары

Орташа


Төмен

248,2±1,3

222,3±2,8

194,1±2,2


141,7±2,4

125,9=3,3

103,4±1,7


57,1

36,2


33,1

Аналықтар

1,5 жасар



Жоғары

Орташа


Төмен

129,3±1,5

115,1±2,0

98,0±0,8


73,0±1,8

61,2±1,1


40,8±1,4

56,5

33,2


41,7

Ұрғашылар

4-7 жасар



Жоғары

Орташа


Төмен

160,0±0,3

146,0±0,4

139,8±0,3


82,2±0,4

78,2±0,3


65,8±0,7

56,2

33,2


47,1

Ұрғашылар

8жастан жоғары



Жоғары

Орташа


Төмен

185,7±1,4

161,8±2,2

144,9±0,7


103,6±1,8

88,8±2,0


74,6±0,7

55,8

54.9


51,5


Тері және жүн өнімдері

Маралдан өте бағалы тері мен жүн өнімдері алынады.Солтүстік халықтары марал терісінен көшуге арналған баспаналардың төбесіне жапқыш, одеяла жасайды, киімдер мен аяқ-киімдер тігеді.Жүнімен еденге төсеп, жылытады.

Марал терісі үш қабаттан тұрады.Сыртқы эпидермис(1%), ортаңғы-дерма(84%), төменгі-теріасты май қабаты(15%).

Тері өнеркәсіптерінде марал терісінен жүн, майларды сылып алып тастайды.Тек қана таза теріні қолданады.


Марал терісін екі категорияға бөледі: ересек марла терісі мен жас марал терісі.Терісін бүкіл тушасынан (басынан басқа) сыпырып алады да қаннан, ластанудан, қалдық еттен, майдан тазартады.Өнделген теріні сұрыптап, консервілейді.Теріні жартылайтұзды, құрғақтұзды, қыста қатыру тәсілдерімен консервілейді.

3 айлық бұзаулар терісі әдемі жүн жамылғысын (мех) алуда қолданылады.


Сүт өнімі


Марал сүті құнарлығы жоғары, биолгиялық пайдалы өнім.Олардың сүтін төлдерін азықтандыруда қолданады.

Жас төлдерді емізу сәуір-мамыр айынан бастап қазан-қарашаға дейін созылады.

Марал сүті өте қою, сиырдың кілегейіне ұқсас.Сиыр сүтіне қарағанда 5,8 есе майлы, 3,1 есе нәруызды, 2 есе минералды тұзды болып келеді.1 литр марал сүтінің құнарлығы сиыр сүтінен 3,8 есеге артық.

Маралдарды маусым айының соңында,бұзаулары өсіп,жасыл шөпті жей бастағанда сауа бастайды да қыркүйек айында, күйлеу уақытында тоқтатады.

Тайгалық аймақтарда күніне 2 рет, тундралық аймақта 1 рет сауады.Аналықтарын сауу кезінде бұзаулары аналарының қасында жүре береді.

Дәріс 6

Тақырыбы: Маралдар қолтұқымы(породасы)

Соңғы 20-жылдық зоотехникалық зерттеулер нәтижесінде маралдарды 4 қолтұқымға бөлді.



Қолтұқым-белгілі-бір аймақтық-климаттық жағдайларға байланысты адамдардың қолымен жасалған бір-бірінен биологиялық ерекшелігімен ажыратылатын бір түрге жататын жануарлар тобы.
Ненецтік қолтұқым.

Ненецтік тұқымдық бұғыларды Мурманск,Архангельск, Тюмень облыстарында өсіреді.Жалпы саны 900 мың бас.

Еркегінің бас сүйегінің ұзындығы 378 мм, ені 168 см; ұрғашысында 340мм және 155мм.Бас сүйектері арка тәрізді иілген.

Түсі қоңыр және қою-қоңыр.Бұл тұқымның өкілдері орташа денелі, сирақтары жақсы дамыған, бастары жалпақ, сүйекті әрі бұлшықетті.

Дене өлшемдері:аталықтарында- шоқтығынан биіктігі 104 см, кеуде тереңдігі-44см,кеуде енділігі-26см, кеуде орамы-126см,дененің көлденең ұзындығы-113см, табанының орамы-12,5.Аналықтарында сәйкесінше-98см; 40см; 25см; 119см, 103см; 11,4см.

Ересек бұғылардың салмағы 130-135кг,5,5 жастан жоғары бұзаулар күзде-90-95кг, 5-6 айлық бұзауларының салмағы:еркектерінде-55кг, ұрғашыларында-50 кг.

Орташа сойымдылық мөлшері- 50,5 —51 ,5 %.

Аталған қолтұқымды ең алғаш ненецтіктер шығарған.XII-XV ғасырда марал шаруашылығымен ханта, манси халықтары, XV-XVII ғасырда долган, нганасан,селькуп халықтары да айналыса бастады.Ненецтік қолтұқымның дамуына үлес қосқан халықтар ішінде саамдықтар да бар.

Орталық және Батыс Сібірде өмір сүретін ненец және басқа да халық өкілдері еттілік өнімділігі жоғары, жұмыстық күші бар ненецтік қолтұқымның қалыптасуына зор еңбек сіңірді.

Ненецтік қолтұқым маралдарының конституциясы өте жақсы дамыған, әрі тундра мен орман-тундраның қатал климатына бейімделген.



Бұл қолтұқым екі тұқымдыққа бөлінеді: Мурман облысының маралы және Тюмень облысындағы Ханта-манстялық автономдық округі маралы.




Чукоттік қолтұқым

Чукоттік бұғы тұқымдарын РФ-ның Магадан,Камчатск облыстарында өсіреді.Жалпы саны-650 мың бас.

Еркегінің бас сүйегінің ұзындығы 362 мм, ені 167 см; ұрғашысында 334 мм және 157мм.Бас сүйегі кішірек, ми және бет бөліктері де кіші.Басқа қолтұқымдарға қарағанда басы алдыға қарай ақырын созылған.

Түсі қоңыр, Якутиядағы бұғылар қою-қоңыр.

Бұл тұқымның өкілдері орташа денелі, сирақтары жақсы дамыған,денесі сопақша келген, кеуде орамы үлкен, бастары жалпақ, сүйекті әрі бұлшықетті.

Дене өлшемдері:аталықтарында- шоқтығынан биіктігі 101 см, кеуде тереңдігі-44см,кеуде енділігі-27см, кеуде орамы-134см,дененің көлденең ұзындығы-110см, табанының орамы-13,1.Аналықтарында сәйкесінше- 95см; 42см, 24см; 127см; 105см; 23см.

Ересек бұғылардың салмағы күйлеу алдында- 130-140кг,5,5 жастан жоғары бұзаулар күзде-93-96кг, 5-6 айлық бұзауларының салмағы:еркектерінде- 60кг, ұрғашыларында-56кг.

Орташа сойымдылық мөлшері- 53 —55%.

Аталған қолтұқымның шығарылуына юкагирліктер, кейінірек чукча және коряк халықтары үлестерін қосты.

Чукоттік қолтұқым ұзақ уақыт бойы еттік өнім бағытында өсірілді.

Бұл тұқым маралдарын жаяу жайған, ол үйірдегі шапшаң немесе баяу маралдарды бақылау үшінмүмкіндік берген.Соның нәтижесінде қазір олар басқа тұқымдағы жануарлардан бірден ажыратылады: оларда үйірлік инстинкттары жақсы дамыған, жайылымда аз қозғалады.Оларда күйлеу, төлдеу ерте жүреді және елдің солтүстік-шығыстағы тундралық жағдайына бейімделген.

Эвендік қолтұқым

Эвендік бұғы тұқымдарын Якутияда өсіреді.Жалпы саны-500 мың бас.

Еркегінің бас сүйегінің ұзындығы 381 мм, ені 168 см; ұрғашысында 355 мм және 158 мм.Ненецтік және чукоттік қолтұқымдарға қарағанда бас сүйектеріндегі ми және бет-жақ бөліктері әлсіз ажыратылған.

Түсі ашық қоңыр.Бұл тұқымның өкілдері орташа денелі,жіңішке бірақ терең кеуделі, сирақтары жақсы дамыған,жамбас сүйектері ұзын әрі жіңішке, бастары жалпақ емес, сүйекті әрі бұлшықетті.

Дене өлшемдері:аталықтарында- шоқтығынан биіктігі 107 см, кеуде тереңдігі-46см,кеуде енділігі-26см, кеуде орамы-131см,дененің көлденең ұзындығы-115см, табанының орамы-13,0.Аналықтарында сәйкесінше-99,5см; 41см; 24см; 121см, 109см; 12,0см.

Ересек бұғылардың салмағы 135-145кг,5,5 жастан жоғары бұзаулар күзде- 94-100кг, 5-6 айлық бұзауларының салмағы:еркектерінде-59кг, ұрғашыларында-55 кг.

Орташа сойымдылық мөлшері- 49,5 —51%.

Аталған қолтұқымның шығарылуына звенек,юкагирліктер, кейінірек чукча және коряк халықтары үлестерін қосты.Олар маралдарды тек азық көзі ретінде ғана емес көлік ретінде де пайдаланған.Маралдарға жүк жегіп, мінген.Эвендік қолтұқымға жататын солтүстік маралдар орман-тундралық, солтүстік-тайгалық аймақтар жағдайына бейімделген.Якутияның солтүстігінде көптеп өсіріледі.

Олардың тау-тайгалық зонада өсірілетін түрлеріде бар.
Эвенкиндік қолтұқым

Эвенкиндік бұғы тұқымдарын Хабаровск, Иркутск,Амур облыстарында өсіреді.Жалпы саны-150 мың бас.

Еркегінің бас сүйегінің ұзындығы 406 мм, ені 175 см; ұрғашысында 362 мм және 160 мм. бас сүйектеріндегі ми және бет-жақ бөліктері әлсіз ажыратылған.

Түсі ашық қоңыр және сұр.Бұл тұқымның өкілдері ұзынша денелі,терең кеуделі, сирақтары жақсы дамыған, бастары жалпақ, сүйекті әрі бұлшықетті.

Дене өлшемдері:аталықтарында- шоқтығынан биіктігі 115 см, кеуде тереңдігі-49см,кеуде енділігі-28см, кеуде орамы-136см,дененің көлденең ұзындығы-121см, табанының орамы-14,1.Аналықтарында сәйкесінше-104см; 44см; 25см; 125см, 111см; 11,9см.

Ересек бұғылардың салмағы 140-170кг, 5,5 жастан жоғары бұзаулар күзде-108-120кг, 5-6 айлық бұзауларының салмағы:еркектерінде- 68-70кг, ұрғашыларында- 63-66 кг.

Орташа сойымдылық мөлшері- 48-49%.

Оны көбінесе көлік ретінде қолданған.Эвенкиндік маралдар солүстік халықтарын тайганың ешкім жете алмайтын аймақтарына апарған жалғыз ғана жануар түрі.



Олар тау-тайгалық жағдайға бейімделген, төзімді, мықты аң түрлері.Жақс ыүйретілу үшін маралдарды еркін-лагерлік әдіспен өсірген.Бұл қолтұқымның дамуына оңтүстік сібір халықтарының қосқан үлесі мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет