Марал пантасын өндеудің көптеген тәсілдері бар.Солардың ішінде кең тарағаны:
1.Вакуумде кептіру;
2.Төменгі температурада салқындату
3.Пантаны қайнатып, ауада кептіру.
Қытайлық фармакологияда пантаны әртүрлі ауруларды емдеуге арналған көптеген препараттар құрамына қосады.Аурудыңтүріне қарай оны қосу мөлшері болады.Солардың ішіндегі ең танымалы- құрамына пантаны майға қуырып қосатын «пилюли», виноға ерітілген панта, марал мүйізінің желімі, құрғақ мүйізден алынған марал майы, көптеген қайнатпалар.
Оңтүстік-шығыс Азияда панталар бітеу немесе бірнеше бөлікке бөлінген күйінде целлофандарда салынып сатылады.Соңғы жылдары пантокринді балмен, женьшенмен араластырып дәрі дайындау белең алуда.
Пантокринді адам организмінің физикалық және психоэмоциональды жағдайын көтеру, иммундық жүйені жақсарту, қауіпті аурулардың алдын алу,жыныс мүшелері ауруларын емдеу, жүрек-қантамырлар жүйесін жақсарту, зақымданған ұлпаларды жазу үшін қолданады.
Марал өсірушілердің дерегі бойынша пантаны қайнатқан су жүйке жүйесінің жұмысына өте жақсы көмектеседі.10-15 минуттық ваннаны 10 рет қабылдау тірек-қимыл аппаратын жақсартады.
Ет өнімдері
Марал етінің өзіндік иісі, тәттілеу дәмі бар.Етінің құрамында келесідей аминқышқылдар кездеседі: серии, аспарагин қышқылы, глутамин қышқылы, май қышқылы, сірке қышқылы.
Марал еті сиырдікіне ұқсас.Бірақ майы аз, шырынды болып келеді.Теңбіл бұғы етінің дәмі сиыр мен қой етіне ұқсас, бірақ жұмсақтау.
1,5-2,5 жасар маралдарды аулаған жөн.
Марал етінің сапасына аңның күйлілігі мен семіздігінің әсері мол.Күйлігі төмен маралдардың еті- 7%, орташа- 8,2%, жоғары- 15,8%-ды құрайды.
Сойылған марал етінің күйлігі жоғары болса: бұқаларында-53,1%, аталық бұзауларында- 53,3% , аналық бұзауларында- 52,0% болады.
Маралдардың конституциялары да ет мөлшеріне өзгерістер әкеледі.Мысалы сойылған марал еттері салмағының айырмашылықтары: аталық бұзауда- 1,8 кг немесе 6,5%,аналық бұзауда-2,1 кг немесе 5,3%, бұқаларында- 2,8 кг немесе 6,1%.
Достарыңызбен бөлісу: |