Дәріс 4 Тақырыбы: Солтүстік бұғысының биологиялық және анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Мақсаты



бет7/9
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#11634
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дәріс 5

Тақырыбы: Панталық марал шаруашылығының өнімдері.

Мақсаты: Панталар, пантокрин.Ет өнімдері. Қосымша өнімдер.
Панталық марал шаруашылығы(маралдар мен теңбіл бұғыны өсіру) үш түрлі өнім береді: панта(мүйіз), ет және қосымша өнімдер(тері-жүн,қан,сүт, жыныс мүшелері, құйрық). Панта- ең негізгі әрі бағалы өнім түрі, ол марал шаруашылығының экономикалық базасын құрайды.Панта- медициналық мақсатта қолданылатын жас маралдың тармақталмаған мүйізі.

Морфологиялық жағынан панталар үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты- түкпен қапталған тері, екінші қабаты- қантамырлары орналасқан дәнекер ұлпасы, үшінші қабаты- ми заттарынан тұратын орталық қабат. Ми заттары эмбриональді жасушадан тұрады.Ең бағалысы осы орталық қабаты.


Марал пантасы- өсіп келе жатқанда кесілетін мүйіз.Олар қалың жүн жамылғысымен қапталады.Жүн ұзын немемсе қысқа болуы мүмкін.Маралдың терісі қою-қоңыр, бірақ ол жүнінен көрінбейді.Пантаның түсі жүн жамылғысымен анықталады,ол көбінесе ашық. Қою сұр, сарғыштау болады.Қоңырлау, қара түстері өте сирек кездеседі.

Жыл өткен сайын марал пантасы ірі әрі мықты бола бастайды.4-5 жасқа дейін өсінділер саны артады.Дені сау, жақсы қоректенетін маралдарда мүйіз 15 жасқа дейін шығады.

6-7 жастағы марал пантасының салмағы екі жасарларына қарағанда үш есе үлкен болады.Панта 86-92 күн бойы өседі.Орташа өсу жылдамдығы тәулігіне 10-12 мм.

Марал мүйізі өте жылдам өседі.Бірде бір ұлпа, мүше дәл осылай тез өсе алмайды.Жыл бойы дұрыс тамақтандырылып отырған маралдардың мүйіз сапасы жақсы болады.Оны кейін асылдандыру,сұрыптау кезінде таңдап алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет