Дәріс №5 Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері



бет8/10
Дата14.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#114646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5Дәріс Психология

Эпилептоидтық тип. Бұл типтің аталуын эпилепсия науқасындағы өзгерістерді еске салатын, жеке тұлғалық белгілермен байланыстырады. Психопатияның бұл типінің пайда болуы, тұқым қуалаушылықпен, мидың жеңіл түрдегі органикалық зақымдануымен байланысты, алғашқы көріністері балалық шақта көзге түседі: балалар ұзақ жылайды, ашушаң болады, кішкене балаларды ренжітуге, жан-жануарларды жәбірлеуге құмар болады. Балалар ұжымында, олар өздерін билеуші (диктатор) ретінде ұстайды, басқа балаларға жасайтын үстемдігі, басқалардың келісімдерімен немесе қорқуымен жүреді. Қатаң тәртіп жағдайында, көбіне олар өздерін жоғары сезінеді, ересек адамдардың көңілдерінен шығуға тырысады. Мұндай «гиперәлеуметтілік» айқын агрессиямен, жақындарына деген қатігездікпен көрінуі мүмкін.

  • Эпилептоидтық тип. Бұл типтің аталуын эпилепсия науқасындағы өзгерістерді еске салатын, жеке тұлғалық белгілермен байланыстырады. Психопатияның бұл типінің пайда болуы, тұқым қуалаушылықпен, мидың жеңіл түрдегі органикалық зақымдануымен байланысты, алғашқы көріністері балалық шақта көзге түседі: балалар ұзақ жылайды, ашушаң болады, кішкене балаларды ренжітуге, жан-жануарларды жәбірлеуге құмар болады. Балалар ұжымында, олар өздерін билеуші (диктатор) ретінде ұстайды, басқа балаларға жасайтын үстемдігі, басқалардың келісімдерімен немесе қорқуымен жүреді. Қатаң тәртіп жағдайында, көбіне олар өздерін жоғары сезінеді, ересек адамдардың көңілдерінен шығуға тырысады. Мұндай «гиперәлеуметтілік» айқын агрессиямен, жақындарына деген қатігездікпен көрінуі мүмкін.

Истероидтық тип. Бұл типтің ең негізгі белгісі – эгоцентризм немесе өзімшілдік, қошаған ортадағы адамдардың назарын өзіне аударуға деген тойымсыз қажеттілік. Мұндай балалар, өзінен басқаға назар аударылуын көтере алмайды, олар үшін айналасындағылардың көңілін өзіне аудару, өзекті қажеттілікке айналады. Басқаларға ықпал ету үшін, олардың назарын аудару үшін, өз топтарында бастаушы, ұйытқы болуға ұмтылады. Аталған типке жататын жасөспірімдер, көп жағдайда өзіне-өзі қол салу сияқты іске байланысты ауруханаға түседі. өзіне-өзі қол салуға себеп болатын жағдайлар, әдетте, көпшілік алдында болған елеусіз сәтсіздік, басқаларға өзінің ерекше адам екендігін дәлелдеуге ұмтылу т.б.

  • Истероидтық тип. Бұл типтің ең негізгі белгісі – эгоцентризм немесе өзімшілдік, қошаған ортадағы адамдардың назарын өзіне аударуға деген тойымсыз қажеттілік. Мұндай балалар, өзінен басқаға назар аударылуын көтере алмайды, олар үшін айналасындағылардың көңілін өзіне аудару, өзекті қажеттілікке айналады. Басқаларға ықпал ету үшін, олардың назарын аудару үшін, өз топтарында бастаушы, ұйытқы болуға ұмтылады. Аталған типке жататын жасөспірімдер, көп жағдайда өзіне-өзі қол салу сияқты іске байланысты ауруханаға түседі. өзіне-өзі қол салуға себеп болатын жағдайлар, әдетте, көпшілік алдында болған елеусіз сәтсіздік, басқаларға өзінің ерекше адам екендігін дәлелдеуге ұмтылу т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет