Мінез-құлық жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым-қатынасынан көрінетін, тұрақты жеке-дара белгілерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Мінез-құлық адам темпераменті мен тәрбие жағдайларының өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Темпераменттің негізгі қасиеттері базасында қалыптасса да, мінез-құлықты темперамент анықтамайды. Мінез-құлықтағы қалыптасатын моральды, интеллектуалды, эстетикалық даму деңгейлеріне, тәрбиенің қосар үлесі мол.
Мінез-құлық типі, адамның дұрыс әлеуметтендірілуіне тікелей әсер етеді, ол әлеуметтік-психологиялық бейімделудің әртүрлі формаларында байқалады, оған патогендік формалар да жатады. Жеке тұлғалық дамудың әртүрлі дисгармониялық типтері туралы айтқанда, қалыпты тұлғалық дамудан ауытқу дәрежесі сөз болады, яғни мінез-құлықтың патологиялық типтері сипатталады. Қазіргі кезде, адамның әлеуметтендірілу қиындығын туғызатын мінез-құлыққа, негізінен девиантты мінез-құлықты және психопатияны жатқызады. Ал акцентуация, әлеуметтік-қарым-қатынас қиындықтарын туғызуы ықтимал, уақытша күйлер болып табылады.

А. Г. Абрумова мен Л. Я. Жезлова девиантты мінез-құлықты 4-ке бөліп қарастырады.

Жалпы тәртіпке кері мінез-құлық. Бұл қоғамдағы тұрақталған, жалпыға бірдей міндетті тәртіпке бағынбау болып табылады.