Дәріс 8 Өндірістік жарықтандыру. Табиғи және жасанды жарықтандыру, жарықтандыру түрлері, нормалау. Өндіріс орындарында конструктивті қолданысқа байланысты жасанды жарықтандыру жалпы және аралас болуы мүмкін. Жалпы жарықтандыру кезінде жұмыс орны жалпы жарықтандыру қондырғысынан жарықтандырылады. Аралас жарықтандыру жалпымен қатар жергілікті жарықтандыруды қосады, ол жарық ағынын жұмыс орында қамтамасыз етеді. Аралас жүйедегі жалпы жарықтандырудан туатын жарық норманың 10% құрайды, алайда ол люминисцентті лампы үшін 150 лк, қыздыру лампасы үшін 50 лк –дан кем болмауы тиіс. Аралас жарықтандыруды машина залында, мәліметті өңдеу бөлмелерінде, қызмет көрсету бөлмелерінде қолданылған жөн.
Жалғыз жергілікті жарықтандыру болмауы тиіс, себебі ол көз жанарының әртүрлі жағдайға тез бейімделуге қажет етеді. өткір, бұлыңғыр, терең көленке, жарақаттану қаупін т.б. жағымсыз фактор туғызады.
Өндіріс бөлімдерін жалпы жарықтандыру үшін негізінен, люминцентті шам қолданылады. Оның қасиеттері жоғарғы жарық беру ( 75 лм/Вт-дан жоғары), қызмет көрсету уақыты ұзақтығы (10000 сағ). Жанатын қабаттың әлсіз жарықтылығы, берілетін сәуленің спектрлі болуы. Сонымен қатар, оның кемшіліктері бар: жарық ағынының жоғары болуы (пульсация) осыған байланысты стробосскоптық эффектінің болуы (мүмкіндігі шамның жануы, пустереттеуші аппарат (ПРА) жұмыс істеу қабілеті қоршаған орта температурасына тәуелді. Жұмыс уақыты аяғында сәуле ағыны жартылай азаяды.
Қыздыру шамалары қондырғыда жалпы қадағалау жұмыстары, мысалы, желдеткіш пен ауа кондиционерін орнатуда қолданылады.
Жергілікті жарықтандыруда қыздыру шамы негізінен сақталады, сонымен қатар, қуаты аз люминисцентті шам да қолданылу мүмкін. Люминисцентті шамы бар светильниктер қатар-қатар, терезесі бар қабырғаға паралель орналасады, оның себебі, табиғи жарықтандыру мөлшеріне байланысты оларды қосып, өшіп отыру ыңғайлы. Бұл кезде жасанды жарықты бақылау автоматтандырылған болуы мүмкін. Сонымен қатар, жарықтандырғыш қатардың бағыты көру сызығының сәйкес келуі тиіс жарықтандырғыш олай орналаспауы жарық пен көлеңкенің кезектесуін алып келеді, ол көзге зиянды әсер етеді.
Өндіріс бөлмелерінде ең тиімдісі люминисцентті шам (ақ түсті) және жылы ақ түсті олардың қуаты 20, 40, 80 Вт болады. Өндірістік бөлмелер арнайы конструктивті. Аспалы төбеге орнатылған жарықтандырғыштардың шаң түсу аз болу үшін төбеден 50 мм ғана шығып тұруы керек. Колпак өткізу коэфиценті 0,7 ден кеем емес жарықты тарататын сейлтетін материалдан жасайды.
Жұмыс орнын жарықтану көбінесе шағылысқан жарыққа тәуелді. Сондықтан, төбе, қабырға, еден қондырғылар ашық түсті болғаны жөн.
Қазіргі уақытта жарықтандыру нормалары МЕСТ ҚР 2.04.05-2002 бекітілген. Жасанды жарықтандыру үшін өндірістік бөлмелердің жұмыс орындарында ең аз жарықтандыру белгіленген, табиғи мен аралас (біріктірілген) үшін - табиғи жарықтандыру коэффиценті (ТЖК) берілген. Жарықтандыру нормалары белгілі бір мөлшердегі қасиетіне байланысты жұмысты классификациялау негізінде құрылған. Ажыратылушы бөлшек өлшемі жұмыс разрядын анықтайтын негізгі белгі болып табылады. өз кезегінде разрядтар 4 кішкене разрядшаларға бөлінеді. Ол фонның шағылысуы, бөлшек пен фон арасындағы контрастқа тәуелді болады.
Өндіріс бөлмелердегі жарықтандыру нормасы қабылданған жүйеге байланысты. Бұл кезде ТЖК жағынан жарықтандыру минималды, жоғарғы жағы мен жаны орташа мәнді болды.
МЕСТ ҚР 2.04.-05-2002 люминецентті шамды қолданудың артықшылығын қарастырады. Егер бұл шамдарды қолдану техника-экономикалық себептерге байланысты мүмкін емес немесе тиімді емес болса, (мысалы, жарықтандыру төмен болғанда люминесцентті шамдар бұлыңғыр, жағымсыз әсер қалдырады) қыздыру шамын қолдануға рұқсат беріледі. Үнемділігі аз қыздыру шамдарына жарықтандырудың төмендетілген нормалары орнатылған.
Сандық көрсеткішпен қатар, жарықтың сапалық көрсеткіштері де бар. Газ разрядтық шамдардың пулсьтық ағынының жағымсыз әрекетін шектеу үшін пулсация коэффициенті көзбен жұмыс істеуге байланысты 10-20% болғаны жөн. Стробоскоптық әсер тудыру мүмкін емес жағдайда 30% дейін көтеру қарастырылады.
Бөлмеде адамдардың тұрақты түрде болуынан көрудің нашарлауынан көрсеткіші көзбен жұмыс істеуге байланысты 20 мен 60 шамасында, периодты түрде болғанда 60-80 шамасында болады. Кейбір жағдайда жұмыстың разрядын анықтау біршама қиындық тудырады. Сондықтан жоспарлау практикасында қолдану кезінде, санитарлық қадағалауда жұмыс орны мен бөлмелердің жарықтандыру мөлшері мен басқа қасиеттері қарастырылған салалық норма мен ведомствалық кеңестерді қоданылады. МЕСТ ҚР 2.05-05.2002 әртүрлі жағдайға арналған ғимараттардағы өндірістік бөлмелерге арналған табиғи, жасанды жарықтандырудың мөлшерін қадағалайды.