Себептері– физикалық, психикалық стрестер, тұқым қуалаушылық, әр түрлі жұқпалы аурулардың әсері.
Клиника. Тиреотоксикоздың клиникалық белгілері нерв жүйесі, ас қорыту, жүрек, қан айналу жүйесі тарапынан байқалатын белгілермен және қалқанша безінің үлкеюімен си-патталады.
Нерв жүйесінің зақымдану белгілері: бала мазасыз, тез шаршағыш, ұйқысы бұзылған, ашуланшақ, кейде саусақтарының дірілдеуі т.б. хореядағыдай гиперкинездермен де білінеді. Жүрек пен қан айналу жүйесі тарапынан: тахикардия, экстрасистолия, систолалық қан қысымының көтерілуі, пульстің жиілеп қатаюы байкалады. Ас қорыту ағзалары тарапынан – тәбеттің жоғарылауы, шөлдеу, іш өту, салмақ жоғалту белгілері; көз тарапынан – экзофтальм, қабақгарының ісінуі, дірілдеуі, кірпік қағуының сиреуі, Грэфе белгісі анықталады. Қалқанша безінің үлкеюі 5 түрлі дәрежеде байқалады, бірақ аурудың ауырлығы бездің ісіну дәрежесіне байла-нысты болмайды. Қанда: тироксин жөне трийодтиронин гормондарының мөлшері көбейеді, гиперйодемия (нормада 40-80 мкг/л) байқалады.
Диагаоз қою анамнезге, ауруға тән клиникалық белгілерге, лабораториялық тексерістерге сүйене отырып, қиындыққа соқпайды.
Емдеу. Ауру бала орташа ауыр және ауыр түрлерінде арнайы эндокринологиялық диспансерде емделеді. Қалқанша безінің гормондарының бөлінуін төмендететін препараттар тағайындалады: мерказолил (таблетка 5-10 мг).
Тыныштандыратын дәрілер: триоксазин, элениум, седуксен ауыр түрлерінде; бром препараттары, валериана жеңіл және орташа ауыр түрлерінде тағайындалады. Витаминдер комплексі, кокарбоксилаза, АТФ егіледі.
Аурудың жеңіл түрлерінде үй жағдайында емдеуге болады: йод препараттары (дийодтирозин 5 мг/кг тәулігіне) және мерказолил төмен дозаларда тағайындалады. Консервативті ем әсер етпесе, операция жасалады.
Аддисон ауруы
Аддисон ауруы (бронза ауруы) – бүйрек үсті бездерінің гормондарының жетіспеушілігі белгілерімен сипатталатын ауру.
Себептері – бүйрек үсті бездерінің жүқпалы аурулардан кейін гормондарды (глюкокортикоидтар және минералокор-тикоидтар) бөлу қызметінің төмендеуі.