«Жәдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланды.
Қазақ жастарының Уфа, Троицк, Қазан, Орынбор сияқты білім ордаларында ашылған Татар медреселерінде білім алулары ХҮІІІ ғасырдың соңғы жылдарында басталды. Орыстар Христиан қыла алмаған Татар және Башқұрт халықтарын еркін жіберуді ұйғарып, білім беру жұмыстарын дін адамдарына тапсырған болатын. ХІХ ғасырдың соңына дейін жалғасқан осы саясаттың арқасында әр ашылған мешіттің қасынан медресе ашылды.
ХХ ғасырдың басында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде (Уфа) білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-(сенім) жәдидті (жаңару) дамыту мақсатында “Садақ”атты журнал шығарды. “Жәдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып “Оян Қазақ”, “Тұр Қазақ”,“Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратты. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара бастады. Алғаш рет Семей қаласында усул-жәдит мектебінің ашылуы туралы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы хабарлады. Жалпы Қазақстанда 1912 жылы жаңа әдіспен дәріс беретін мектептердің саны 121 оқушы саны 1810 ға дейін жетті. Усулу-жәдит әдісін қолдау мақсатында Мұқаммет Сәлім Кешимов “Қазақтарға өсиет”, “Кітаптарды тану” сияқты еңбектерінде қазақ балалары орыс тілінде білім алса ұлттық құндылықтардан жұрдай болып өседі деп санап балаларды орыс мектептеріне жіберуге қарсы шықты. Осы мәселе төңірегінде Мұқамметжан Сералин Батыста дамыған білім мен жаратылыстанудың үйренуге болатындығын және осыларға қол жеткізу үшін Орыс тілін білу керек екендігін айтты. 20-ғ. басында жәдитшілдікпен бірге дамыған Түркішілдік ағымының символы ретінде Мағжан Жұмабаевты айта аламыз. Ислам дінін жаңашалап жәдитше жазған қазақ қайраткерлерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жәдит қозғалысының арқасында Қазақстанда усул-жәдит медреселері ашылып, білім туралы хабарлар ақпарат құралдары арқылы жарияланып отырды.
XX ғ басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезеңде қазақтың жан-жақты білімді азаматтары-Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалары калыптасты. М. Тынышбаев, Ә.Ермеков, X. Досмұхамедов және басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның іргетасын нақ XX ғ. басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдepi қалаған еді.
2.1917 ж. ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қос өкімет қалыптасты. Бip жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қос өкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Кеңестердің үміті-әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар, яғни Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанга 1917 ж. наурызда жетті.
Сол дәуірде күн тәртібіне қазақ қоғамы дамуының және қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы өткір қойылды, ол үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Осындай жағдайда, халықты тәуелсіздік үшін күреске бастап кете алатын саяси-әлеуметтік күш керек болды. Ол күш саяси күрес майданына шыға бастаған ұлттық интеллигенция-ұлт зиялылары еді. ХХ ғ. басындағы қазақ жастары қандастарымыздың қоғамдық сана-сезімін оятып, оларды әлеуметтік міндеттерді (жер-су дауы, т.б.) шешуден гөрі, біртіндеп болса да саяси күрестерге шыңдау қажет деген қорытындыға тоқтады. 1917 ж. 27 ақпанда Петроградта буржуазиялык-демократиялык революция нәтижесінде патша өкіметі құлатылғаннан кейін, бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар, халықтық өкіметтің жаңа органдары-жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. 1917 ж. наурыз айында барлық жерлерде Уақытша үкіметтің жергілікті билік органдары-облыстық,уездік, болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрыла бастады. Қазақтың зиялы қауым өкілдерінен Уақытша үкіметтің комиссарлары болып: Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқай тағайындалды. Қазақ өлкесіндегі халық билігі органдары - Кеңестер екінші ықпалды саяси билікке айналды. 1917 ж. наурыз-сәуір айларында өлкеде 25-тен астам жұмысшы, шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі құрылды.
Қазақстанның оңтүстік облыстары кіретін Түркістанда «Шура-ислами» партиясының құрылуы аса маңызды саяси оқиға болды, бұл партия қалыптаса келе Түркістанда ресейлік үлгідегі қос өкіметтілікті қолдамады. Сөйтіп Түркістанның саяси аренасында Кеңестер, Уақытша үкімет және өзін жергілікті мұсылман халқының сайланып қойылған үкіметі деп атаған «Шура- ислами» партиясы сияқты үш өкімет орнықты. Егер, салыстырмалы түрде Түркістанда «үш өкімет» құрылды десек, онда Қазақстанның өзінде «көп өкіметтілік» орнықты деп айтуға болады. Мұнда жоғарыда аталған «үш өкіметке» қосымша Батыс, Солтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағында орналасқан Орал, Орынбор және Жетісу казактары үкіметін, сондай-ақ облыстық қазақ комитеттерін және Ә. Бөкейханов пен оның cepiктepi ұйымдастырған, жалпыхалықтық «Алаш» партиясын қосуға болады.
Осының бәpi өлкедегі саяси өмірдің күрделі екендігін және оның коғам- дық-саяси өмірін басқаруға Уақытша үкімет пен жұмысшы және солдат депутаттарының Кенестері органдарымен катар биліктен үмітті болған көптеген ұйымдардың болғанын дәлелдейді.
Осындай жағдайда, қазақ қоғамындағы саяси өмірдің белсенділігі күшейе бастады. Ол бірнеше бағытта жүргізілді: мемлекеттік құрылысқа қатысу, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру, әлеуметтік-экономикалық реформалардың бағдарламаларын жасауға қатысу. Осындай бағыттағы мәселелерді облыстық қазақ съездері шешуге кірісті. 1917 ж. сәуір-мамырда Торғай, Жетісу, Орал, Ақмола, Семей облыстық съездері, Ішкі Орда (Бөкей хандығы) қазақтарының съезі болды. Оларда: 1. Қоғамдық қауіпсіздіктің азаматтық комитеттерін ұйымдастыру; 2. Жалпықазақ және жалпымұсылман съездері; 3. Мемлекеттік басқару түрі және Құрылтай жиналысы; 4. Дін басқармасы; 5. Халыққа білім беру; 6. Жер мәселесі; 7. Сот; 8. Жергілікті басқару; 9. Баспа ісі; 10. Пошта; 11. Қоғамдық қаржы; 12. Шаруалар басшылары (институт крестьянских начальников) және зиянкес чиновниктер; 13. Соғысқа қөзқарас; сияқты мәселелер талқыланды.
Патша әкімшілігі құлағаннан кейін Уақытша үкіметтің жергілікті билік органдарының бірі ретінде Қазақ өлкесінің барлық облыстарында құрылған Қазақ комитеттерінің маңызы өте зор болды. 1917 жылы көктемде өткізілген облыстық съездер қазақ комитеттерінің қызметін заңды түрде бекітті. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен кейін Қазақ комитеттерінің құрылуы, Уақытша үкіметтің мемлекеттік унитаризм идеясына қарсы Қазақ жерінде ұлттық-мемлекеттік автономия мәселесін шешудегі алғашқы саяси қадам болды. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, казактардың басшы топтарына, қазақ ауылдарынын бай-манаптарына арқа сүйеп, бұрынғы патша өкіметінін саясатын одан әрі жалғастырды. Ресейді қамтыған саяси тұрақсыздык жағдайында Орынборда, қазақ оқығандары кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыруды ұйғарып, «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына үндеу жолдады.
3. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі өтті.
Оған Қазақ өлкесінің облыстары мен Ферғана облысы, Бөкей хандығы атынан қазақ өкілдері қатысты. Съездің төрағасы болып Халел Досмұхамедов сайланды. Съездің күн тәртібінде 14 мәселе қаралды: Мемлекеттік басқару түрі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халықтық милиция; жергілікті басқару жүйесі (земство); оқу-ағарту ісі; сот, дін, әйел мәселелері; қазақ облыстары депутаттарының Құрылтай жиналысына дайындығы;
жалпыресейлік «Шуро-и-Ислам» съезі; қазақтың саяси партиясы; Жетісу
облысының жағдайы; Бүкілресей федералистерінің съезі мен оқу комис сиясына қазақ өкілдерін жіберу туралы қаралды. Барлық мәселелер бойынша ұлттық-демократиялық мазмұнда шешімдер қабылданды. Осы съезде қазақтың тұңғыш ұлттық саяси «Алаш» партиясын құру жөнінде қаулы шығарылды. Партияның баспа органы 1918 жылдың қаңтарына дейін Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті болды. «Қазақ» газеті большевиктер тарапынан жабылғаннан кейін, оны Семейде жарық көріп түрған «Сарыарқа»
газеті ауыстырды. Бұл кезде Семейде «Абай» журналы да жарыққа шыға бастаған болатын. «Алаш» партиясының жетекшісі болып Ә. Бекейханов сайланды. Партия құрамына ғылым және шығармашылық зиялы қауым екілдері - А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Жүмабаев, Ш. Құдайбердиев,
С. Торайғыров, X. Ғаббасов, X. Досмұхаметовтар және т.б. кірді.
Партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы - Алашорда Үкіметі - Ұлт Кеңесі кұрылды. «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын Бағдарламасы бекітілді. Олар: 1) Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің Халық Кеңесі төрағасы болып Ә.Бөкейханов бекітілді. Осы қозғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бергі қордаланып келген және әбден пісіп-жетілген наразылығының айқын көрінісі болды.
«Алаш» қозғалысының ұлттық идеясының табиғатын түсіну үшін, алдымен «ұлт» пен «идея» түсініктерінің анықтамаларына тоқталуымыз қажет. Ұлт-ортақ тілі, мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Идея сөзі грек тілінен аударғанда-бейне, яғни, мағына, ой, пікір ұғымдарын білдіретін, философиялық термин. Идея-бар нәрсені емес, әлі жоқ нәрсені, жасалуға тиіс дүниелерді білдіреді. «Ұлт» пен «идея» терминдерін біріктірсек, онда ұлттық идея - бұл ұлттың ойы, санада көрініс табатын мақсат-мұраттары деуге болады. Ұлттық идея ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді.
Қазақ қоғамының сол тұстағы саяси дүниетанымының оянуына, оның өмірдің өзі алға қойған проблемаларына сай дамуына «Алашорда» халықтық демократиялық ағымы тың серпін берді. ХХ ғасыр басындағы жаңа заман талабын дұрыс түсінген білімді-тәрбиелі қазақ жастары мынадай түбегейлі міндеттерді шешуді өз алдарына және қазақ қоғамы алдына қойды: жергілікті жерлерде қазақтарға арнап газет-журналдар шығару, кітап бастыру, орыс тілін меңгеріп, білім алу, Ресейдегі депутаттық орындарға қазақ ұлты өкілдерінің көбірек сайлануларына атсалысу. Кейін «Алашордашылар» атанған ХХ ғасыр басындағы зиялы қазақ жастары бұл тарихи міндеттер биігінен абыройлы көрінді. Қазақ халқының орта ғасырлық мешеуліктен жаңа заманның көшіне еріп, өркениетті елдермен терезесі теңесуі үшін оқу-өнердің ауадай қажеттігін санасына сіңіру – кезек күттірмес міндет ретінде күн тәртібіне қойылды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін саяси мінбеге айналдырып, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы сияқты ұлт зиялылары халқына дәріс берді.
1916 жылғы көтеріліске Алаш қозғалысының серкелері қолдау көрсетпеді, бірақ қазақтарды майданның қара жұмысына алу мерзімін кейінге ығыстыру қажеттігін бір ауыздан көтерді. Орталық билікті басып алып, кеңес өкіметін жариялаған большевиктер жер-жердегі өз тағдырларын өздері айқындап жатқан ұлттық құрылымдарды жойып, автономияларды таптық негізде, кеңестік платформада құру бағытын ұстанды. Қазақтардың мемлекеттілігін қалпына келтіргендей сыңай танытқан Түркістан автономиясын (1917 жылғы қарашаның 28-інде Қоқанда жарияланған) мен Алаш автономиясын (желтоқсанның 12-сінде Орынборда жарияланған) мойындамады.
Большевиктер Алаш партиясына пролетарлық төңкерістің салтанатты шеруі жолындағы кедергі есебінде қарады. Соның салдарынан, бұрынғы империяның шет аймақтарында дами бастаған ұлттық қозғалыстарға үзілді-кесілді тиым салынды. 1918 жылғы 5 каңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құруға да зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы күш есебінде карады. Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы биік арманы - ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі - Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлық-зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.