дәріс. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы – академ сағ


-дәріс. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы – 2 академ.сағ



бет4/9
Дата19.10.2023
өлшемі218,95 Kb.
#119294
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер жинағы

5-дәріс. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы – 2 академ.сағ.
Жоспары:

  1. Қазақстан Ресей империясымен, ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қимақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде.

  2. Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы

  3. ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері

  4. Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында: әкімшілік реформа (ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі – ХХ ғ. басы)

1.XVIII ғасырдың бipiншi ширегінде қазақ қауымдық құрылымдарының ең көп бөлігі аймақтың оңтүстік, орталық және солтүстік-шығысында болды.


Ұлы жүз Оңтүстік Балқашта, Мойынқұмда, Іле, Шу және Талас өзендерінің бойында, Тянь-Шань мен Каратаудың солтүстігінде орналасты. Ұлы жүздің көшіп-қоны Ташкенттен Ферғана алқабына дейін, Сырдария маңында Бұхара хандығымен шектесіп, Жетісуда Орта жүз қоныстанған ауданмен ұласты.
Орта жүздің шекаралары оңтүстігінде Сарысу және Шу өзенінен Сырдария арқылы Жоңғар хандығымен, солтүстікте Kiшi жүз қоныстарына, одан әpi Ciбip башқұрттарымен шектесті. Шығысында Epтістi бойлай орыстар мен ciбip казактарының станицаларымен тоғысты, оңтүстікте жоғарғы Ертіс өңірінде Жоңғар хандығымен тағы да ортақ шекарасы болды.
Kiшi жүз Батыс Қазақстан аумағында, шығысында Орта жүздің жеріне, ал оңтүстігінде Қаракұмға және Сырдарияның төменгі ағыстарындағы қарақалпактардың коныстарына, Түркістан қаласы аймағына қарай созылып, Ұлы жүз және Орта жүз тайпаларымен шектесті. Жайлаулары Үстіртте, Ор, Жайық, Елек, Жем, Teмip өзендері мен Мұғалжар тауында, қыстаулары Ырғыз, Сырдария өзені, Аралдан батысқа карай Манғыстауда, Атырау алқабында, Нарын құмдарында орналасты.
XVII ғ. аяғы - XVIII ғ басында үш жүздің құрамына 110 нан астам рулар кіріп, халықтың саны 2-3 млн адам болған. XVII-XVIII ғғ. қазақ қоғамында интеграциялық сарын күшейді, хан билігі нығайып, үш жүз өкілдерінің жиналысы тұрақты түрде шақырыла бастады. Хан билігін күшейтіп, ежелден қалыптасқан құкықтық дәстурлер мен нормаларды реттеуде Жәңгірдің ұлы Тәуке хан (1680-1718) үлкен рөл атқарды. Алайда, сұлтандардың билік үшін күpeci мен оқшаулануға ұмтылуы көп ұзамай бірлікті бұзды, мұны көршілер дереу пайдаланды. Оңтүстік-батыстан еділ қалмақтары, солтүстіктен ciбip казактары шабуылдады. Жайықтағы қоныстардан башқұрттар да дәмеленді. Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары-Бұхара, Хиуа қысым көрсетті. Бірақ, қазақ халқына үлкен қауіп батыс монғолдардың (ойраттардың) көшпелі империясы-Жоңғар хандығынан төнді. Осындай жағдайда, XVIII ғ. 20-жж. бір-бірінен қашық жатқан географиялық аудандарда бip мезгілде соғыс агрессиясына қарсы ұйымдасқан тойтарыс беру үшін ipi әскери-саяси орталықтар құру қажет болды, бірақ олардың билеушілері аға ханға мүлде тәуелсіз болуға ұмтылды.
Қартайған Тәукенің тipi кезінде-ақ Kiшi жүздің шағын бөлігі мен Орта жүз Жошы ұрпақтарынан шыққан Кайып сұлтанды, Kiшi жүз ақсақалдары 1710 ж. дала дәстүрін бұзып жас сұлтан Әбілқайырды хан eтiп жариялады. Орта жүз қоңыраттары мен найман руларының көпшілігі қазақ сұлтандарының әулетті өкілі Тұрсын ханның билігін таныса, Ұлы жүзді XVIII ғ. алғашқы eкi онжылдығында Иман, Рүстем және Абдолла хандар кезектесіп басқарды. 1720 ж. бастап Ұлы жүз руларын Абдолланың ұлы Жолбарыс хан басқарды. Тәукеден кейін Орта жүзде бірсыпыра уақыт бойы оның ұлы Болат хан (1715—1724) ал, Отан соғысы кезінде оның інісі Сәмеке хан (1724-1738) билік eттi.
Тәуке қайтыс болғаннан кейін болған жонғарларға қарсы күресте Kiшi жүз ханы Әбілқайыр алдыңғы қатарға шықты. 1730-1731 жж. Әбілқайырдың әлеуметтік мәртебесі «үлкен хан» немесе «ең басты хан» атағына сәйкес келді. Әбілқайыр мәртебесінің артуы қазақтардың ақсүйек басқа өкілдерін қанағаттандырмады, өйткені, үлкен ханның билікке толық ие болуы олардың iшкi және сыртқы мәселелерді шешудегі билік аясын шектер еді, сондай-ақ сол Шыңғыс ұрпақтары Әбілқайыр билігінің күшеюін ұнатпады. Әбілқайырды Батыр, Барақ, Әбілмәмбет және басқа сұлтандар шыққан тегі нашар, ататегінде ақ киізге көтеріп хан болган eшкімi жок, жолы болғыш «мансапқұмар» деп білді. Осының бәpi қуатты одақтастар іздеуге мәжбур eтіп, XVIII ғ. 20-30-жж. Әбілқайырдың назары, тұрақты монархиялық режимі бар, еуразиядағы күшті және беделді держава Ресей империясы жағына ауды.
XVIII ғ. алғашқы онжылдықтарында Қазақ хандықтарының халықаралық жағдайы өте ауыр болды. Дүниежүзілік сауда жолдарының құрлықтан Атлантикаға ауысуына және Ресейдің Ciбipгe, ал Цин империясының Орталық Азияға ұмтылуына байланысты Орта Азия елдерінде әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай шиеленісе түсті. Екі империяның бір-біріне қарсы қозғалысы барысында жергілікті халық сауда жолдарынан ығыстырылып, көшіп-конудың дәстүрлі жолдары мен бағыттары бұзылды. Осыдан барып, көшпелі халықтар арасында өзара жанжалдар өршіді. Қазақтардың сол кезде Ресей билігінде болған көршілес еділ қалмақтарымен қатынастары күрделі болды. 1697 ж. 1-Петр Ресейдің шептерін көшпелі халықтардан қорғауды тапсырғанын пайдаланған қалмақ ханы Аюке (1646-1724) қазақтарға, башқұрттарға, түркімендер мен қарақалпақтарға басқыншылық жасады. Ғалдан Бошақтының жиені Цеван Рабтанның (1663-1727) тұсында Жоңғарлардың экспансиясы күшейіп, Kiшi жүз бен Орта жүздің көптеген рулары солтүстікке, Ор, Ой, Елек және Тобыл өзендеріне, Орал тауларына дейін жетіп, сол жердегі Ноғай және Ciбip башқұрттарын ығыстырды. Башкұрт қоныстарына басып кiрген соң қазақтар мен башкұрттар және ciбip казактары арасында кантөгісті қақтығыстар болды.
Ресейдің империялық санасында, басқа халықтардың тағдырына «құдайлық» негізде де, «табиғи құкықпен» де билік етуге деген сенім болды. Осындай түсінікпен I Петр қырғыз-қайсақ ордаларын Ресей бодандығына келтіру туралы тілмаш А.И. Тевкелевке «миллионга дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан.., бip парақ қағазбен-ақ Ресей империясының қарамағында болуға міндеттенетін болсын» деп ұсынған-ды.
XVII ғ. соңғы ширегі-XVIII ғ. алғашқы үштен бірінде қазақтардың жайық казактарымен, еділ қалмақтарымен және башқұрттар мен өзара саяси қатынастарының шиеленісуі, сондай-ақ жоңғарлардың Орта жүз бен Ұлы жүзге басып кіруі қазақ даласы арқылы өтетін Ресей-Орта Азия саудасының дамуына кедергі болды. XVII ғ. аяғы-XVIII ғ. басында Ресей мен қазақ жүздері арасындағы дипломатиялық қатынас жандана түсті. Екі жақтың келіссөздері тұтқындар алмасу pәciмi, қалмақтар, орал және ciбip казактары және башқұрттар арасындағы жанжалдарды реттеу, сондай-ақ орыс көпестерінің Kiшi жүз бен Орта жүздің халқымен сауда байланыстарына қолайлы жағдайлар жасау туралы болды. Қайып пен Әбілқайыр хандардың жоңғарларға қарсы бірлесіп соғысу туралы ұсыныстарын Ресей өкіметі мақұлдамады, өйткені, күш-қуаты мен экспансиялық дәмесі тез өсіп келе жатқан Цин империясына Жоңғарияны қарсы қоюды жоспарлаған патша билігі оның әлсіреуін қаламады.
Қазақ және жоңғар әміршілері арасындағы жайылым үшін бақталастық күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Цин империясынан қысым көрген Жоңғария өзінің басқыншылық ниетін Қазақстанға бұрды. 1722 ж. Қытай императоры Канси қайтыс болған соң, жоңғар-қытай бітімін пайдаланып, жоңғарлар 1723 ж. қазақ жepлepi мен Орта Азияға басып кірді. 70 мың әскермен басып кipyгe жалпы басшылықты Цеван-Рабтаннын ағасы Шона-Доба жүзеге асырды.Олар өз жолындағыны жыланша жалап, қынадай қырды. Сондықтан ол жылдар халық жадында «зар заман жылдар» қасіреті ретінде сақталған. Бұған «Елім-ай» әні дәлел болады. Бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Сырдариядан өтіп, Ходжентке көшіп, Орта жүз руларының көпшілігі Самарканға кетті, ал Kiшi жүз Хиуа мен Бұхара шегіне көшіп барды.
Жоңғар басқыншылығы ұшыратқан бүкілхалықтық қасірет қазақ халқын бірігуге жетеледі. Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің үйлестіруімен қазақ жасактарын Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Наурызбай, Шақшак Жәнібек батырлар баскарды. Сол тарихи сын сағатта Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748) ерекше көзге түсті. 1726 ж. күзінде Бадам өзені маңындағы Ордабасыда бүкілқазақ съезі шақырылып, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар мен сұлтандар, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер мен қолбасшылар мен батырлар қатысқан жиында Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. 1728 ж. көктемде Ұлытаудың етегіндегі Бұланты өзені маңында Қарасиыр деген жерде қазақ әскері жоңғарларға ойсырата соққы берді. Бұл шайқас халық жадында «Бұланты шайқасы», ал соғыс даласы «қалмақ қырылған» деген атпен қалды. Маңызды жеңіске қол жеткізуге қолбасшы Әбілқайырмен бірге Қабанбай, Жәнібек, Наурызбай, Бөгенбай, Есет, Малайсары т.б. көптеген халық батырлары зор үлес қосты. Қазақ халқы жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрестегі екінші тарихи жеңіске 1730 ж. көктемінде жетті. Бұл оқиға Балқаш көлінен 120 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Итішпес-Алакөл маңындағы Аңырақайда болған еді. Шайқаста Әбілқайыр хан қолбасшылық етті. ¥рыс батырлар жекпе-жегімен басталды. (Әбілмансұр, «Сабалақ»-Шарыш) Аңырақай шайқасында майдан даласы 200 шақырымға дейін жетіп, қазақтар ұлы жеңіске жетті. Алайда, осы жеңістерді қазақ халқы одан әрі жалғастыра алмады. Оған қазақ қоғамының саяси элитасы арасындағы бақталастық, Болат хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығында ұлы хан болу үшін саяси күрестің басталуы себеп болды. Бұланты мен Аңырақай шайқасындағы тарихи жеңістерден кейін Әбілқайыр ханның беделі мен саяси салмағы да арта бастап еді. Бірақ ұлы хан бола алмайтынын білген ол өз әскерімен Кіші жүздегі ордасына көшіп кетті.
2. Қазақ-жоңғар соғыстары мен шаруашылықтың күйреуі қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен байланыстар орнатуға тырысты. Қазақ хандығы Орта Азия хандықтары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 ж. Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары қолынан қаза тауып, Қазақ хандығына жете алмады. 1594 және 1595 жж. Мәскеуге Тәуекел хан Құл-Мұхаммед басқарған қазақ елшілігін жібергені белгілі. XVI ғ. бір орталыққа біріккен Ресей мемлекеті нығайып, өзінің шығысындағы халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді түрде жүргізе бастады. Сібір мен Қазақ жерлерін қосып алудағы Ресей империясының мақсаты шикізат көздері мен бағалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты болатын.
Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1726 ж. Санкт-Петербургке Әбілқайыр хан жіберген Қойбағар Көбеков елшіліктің жұмысы сәтсіз аяқталды.1730 ж. Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілер Әбілқайырдың Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтінішін Ресей патшайымы Анна Иоановнаға тапсырып, 1731 ж. 19 ақпанда «Әбілқайыр ханды және бүкіл қазақ халқын Ресей империясының қол астына алу туралы» грамотаға қол қояды. Ант қабылдау үшін Ресейдің тілмашы А. Тевкелев бастаған елшілер жіберіледі. (Оның татар есімі Кутлумбет мырза, Құтлу-Мүхаммет.) 1731 ж. 10 қазанда Ырғыз өзені бойындағы Майтөбеде Ресей бодандығын қабылдау және оған адал болу жөнінде антты Әбілқайыр хан, онан соң Бөкенбай батыр, Есет батыр мен Құдайменді мырза береді. Алғаш ант қабылдағандар ішінде 29 беделді би-сұлтандар мен батырлар болды. XVIII ғ. 30-жж. жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылдары қайта басталып, әсіресе Орта жүзге қауіп төндірді. Бұл жағдайда 1734 ж. 10 маусымда Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығын қабылдауы мәжбүрліктен туған қадам болды. Бірақ Орта жүз әлі де болса дербестігін жоғалтпады. Орта жүз ханы Сәмеке қайтыс болғаннан кейін бұл жарлық жүзеге асырылмай қалды. 1822 жылы М. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» енгізілгенге дейін Орта жүз өз алдына дербес өмір сүре берді. 1733-1734 жж. Ұлы жүздің билеуші ақсүйектері де орыс бодандығын қабылдау туралы шешім қабылдайды. Жолбарыс хан бұл жөнінде Петерборға өтініш жасап,1734 ж. 10 маусымда Ресей үкіметі Ұлы жүздің ықпалды ру басыларын қол астына алды. Бірақ Ұлы жүздің Ресейден қашықта орналасуы, халықаралық және ішкі жағдайдың күрделілігі Ұлы жүздің Ресейге толығымен қосылуына біршама кедергі жасап, бұл үрдіс кейінге қалды.
Қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтуда қазақ ханы Абылай (1711-1781) көрегенді әрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді. 1748 ж. Ресей бодандығын қабылдаған беделді сұлтан оны сақтай отырып, 1756 ж. Қытай бодандығын да қабылдады. Бірақ, іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізген болатын. А.И. Левшин ханның ішкі және сыртқы саясатына талдау жасап, Абылай «қазақтардың барлық билеушілерінен айлакерлігімен және тәжірибелілігімен, ақыл парасатымен, оған қарайтын халықтың көптігімен беделді, Қытайдың боғдыханымен де, Ресей императорымен де қатынасы арқылы бүкіл ордада даңқты болды дейді.
Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауының алғашқы кезінен бастап-ақ Ресей қазақ жерін біртіндеп отарлаудың бағытын анықтады. Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттың обер лейтенанты И.К. Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды. 1737 ж. И. Кириллов қайтыс болғаннан кейін ол Орынбор комиссиясы болып қайта құрылды. 1735 ж. Орынбор бекінісі салынды. 1744 ж. бастап ол Орынбор губерниясының орталығына айналды. Қазақ жерінде тұтас әскери желілер тұрғызылды. Тек 1740-1743 жж. ғана Кіші жүз және Оңтүстік Орал аймағында жиырмадан астам бекіністер мен форпостар салынды. Бұл бекініс желілері қазақтардың келісімінсіз салынып, олардың көші-қон жүйелерін бұзды және мал жайылымдарынан ығыстыра бастады. Қазақ жерін отарлау саясатын Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев пәрменді түрде жүргізді. 1742 ж. 19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарып, оны бұзғандарға қатаң жаза қолданды. И.И. Неплюев «Қазақтардың Жайықтың ішкі жағында көшіп-қонбауы үшін Жайықтың сол жағалауындағы даланы Каспий теңізіне дейін түгел өртеп жіберу керек деген. Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер енгізген Әбілқайыр хан 1748 ж. 11 тамызда 56 жасында қаза табады. Оны қазақтардың Ресейдің боданы болуына қарсы саяси күштерге жетекшілік жасаған Барақ сұлтан өлтіреді. Кіші жүз ханы болып оның үлкен үлы Нұралы тағайындалды.
Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынастардың жай-жапсарын едәуір өзгерткен Әбірқайыр мен оның маңайындағылардың, ал одан сон Орта жүздің көрнекті шыңғыс ұрпақтарының Ресей бодандығын қабылдауын екі тұрғыдан қарастыру керек: бip жағынан, бастапқы кезең оң акт, ол қазақ халқын ойраттардың жойқын жорықтарынан, халық үшін қырғынды салдарынан құтқарды, ал екінші жағынан, кең-байтақ даланы біртіндеп отарлаудың және қазақтардың мемлекеттілігін толық жоюдың басы болды.
3. XVIII-XIX ғ. басында Ресей империясы Орта жүз бен Кіші жүздің негізгі бөліктерін өз құрамына қосып алды. XIX ғ. ортасына карай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа және Ресей арасындағы талас күшейе түсті. Оның үстіне, Орталық Азияға көз тіккен Англияның емеуріні деРесейді Қазақстан жерін өзіне қосып алу әрекетін аяқтауға итермеледі. Ресей үкіметі 1839-40 ж. В.А. Перовскийдің басшылығымен Хиуа хандығына әскери шабуыл жасалды. Кіші жүздің кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Бірақ Орталық Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей отаршылдары Хиуа хандығына үнемі әскери және экономикалық қысым жасап, 1873 ж. К.П. Кауфман бастаған Ресей әскерлері Хиуаны басып алды да, Хиуа хандығы Әмударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты, егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына айналды.
 Хиуа, Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғ. Жоңғар билігінде болды. Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан Ресейдің қол астына кірген кезде Ұлы жүздің атақты билері-Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 ж. 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдады. 1848 ж. сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары Ресей қол астына алу туралы тілек білдіріп, патша үкіметі оларды Ресей азаматы деп жариялады. 
19 ғ. 50-жж. Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан, Хиуа хандықтарының қол астында болып, олар Сыр бойына қамалдар мен бекіністерін салып тастады. Кейбір қазақ рулары екі жақтан қысым көрді. Кейбір қазақ руларының жайлауы Орынбор облысында болғандықтан Ресейге салық төлесе, ал қыстауы Сыр бойында болғандықтан қоқандықтарға да салық төлеуге мәжбүр болды. Сондықтан да қазақтар бірнеше мәрте Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы көтеріліс те жасап, 1843 ж. Сырдың төменгі ағысындағы Қуаңдария бекінісін қиратса, 1845 ж. 2000-ға жуық хиуалық әскери жасағын талқандады. Бұл жерде Орынбор губернаторы В. Перовскийдің қазақтардың қолдауымен бұл аудандардан қоқандықтарды ығыстырудағы сәтті операцияларын айта кету керек. 1858 ж. наурызда Әулие-ата аймағында қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы ең ірі көтерілісі Шымкенттен Пішпекке дейінгі аралықты қамтыды. Жеңіске жете алмаған қазақтар Қоқан әскерінің қысымынан Ресей қарамағындағы аудандарға көшуге мәжбүр болды. Бұл көтерілістер Ұлы жүздегі қоқандықтардың билігін әлсіретіп, Ресейдің қазақ жерінің оңтүстігіндегі әскери қимылдарын белсендірек жүргізуге жол ашып берді. 1860 ж. орыс әскерлері Әулие-ата, Шымкент, Ташкент бағытына қарай жорығын бастап, Тоқмақты, Қоқан хандығының ең негізгі тірегі-Пішпекті алды. Бұл аймақтағы ықпалынан айырылған Қоқан хандығы 22 мыңдық әскерін Верныйға аттандырып, қазан айында Ұзынағаш маңында Қоқан әскері Алатау округінің басшысы Г. Колпаковскийдің әскерімен кездеседі. 19-21 қазандағы үш күндік Ұзынағаш шайқасының нәтижесінде Қоқан әскері ойсырай жеңілді. Қазақтар Қоқан әскерінің қарамағында да, орыстар жағында да шайқасқа араласты. 1864 ж. Верныйдан шыққан подполковник М. Черняевтің әскері Әулие-атаны, ал Ақмешіттен шыққан полковник Н. Веревкиннің әскері Түркістанды, Шымкентті бағындырды. 1865 ж. 17 маусымда үш күндік шайқастан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды. Осылайша Сырдария және Сібір әскери желілері қосылғаннан кейін 1865 ж. 12 ақпанда Түркістан облысы құрылып, ол Орынбор губернаторлығына бағынды. Облыстың әскери губернаторы болып генерал М. Черняев тағайындалды. 1866 жылы көктемде орыс әскерлері Бұхар әмірлігінің территориясын бағындырып, 1867 жылы оның көптеген аумақтары Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енгізілді. Бұл жерде генерал-губернатор болып генерал-адъютант фон К.Кауфман тағайындалған еді. Ресей империясы бұрын ортаазиялық хандықтардың тәуелділігінде болып келген Ұлы жүз аумағын әскери күш қолдану арқылы толық бағындырып алды. Қазақ жерінің барлық аумағы Ресей империясының құрамына енді.
4. Ресей империясы Қазақстанды өзіне қосып алған жағдайда, әскери жағынан әлсіз Қоқан және Хиуа хандықтарын таптап тастап, отаршыл империя-Англияның Шығыс Түркістанға енуін тоқтататын еді. Сондықтан, Ресей империясы Орталық Азияға ілгерілеуін тездете түсті. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның халқының отарлық басып алу кезінде ежелгі қоныстарынан ығыстырылуы, байырғы халықтың қытай жағына ауып, «богдыханның бодандығын» қабылдауы мүмкін деген қауіп те хандық институтын жоюды тездетті.
1781 ж. Абылайдын кайтыс болған соң, хан билігін әлсірету үшін орыс үкіметі Орта жүзде Уәлимен қатар, екінші хан eтіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Хан билігінің Шыңғыс ұрпақтарында болуы үкіметтің ic-кимылын тежеді. 1817 ж. Бөкей хан, 1819 ж. Уәли қайтыс болғанда Петербург Орта жүзде хан тағайындамауға және оларды «Бүкіл әлемді тітіркентуші»-Шыңғысхан заманындағы ғұрып бойынша сайламауды ұйғарды. 1822 ж. Сібір генерал-губернаторы М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» қабылданды. Бұл реформа бойынша Сібір-ІІІығыс және Батыс бөліктерге бөлінді. ІІІығыс бөлігінің басқармасы Иркутскіде, батыс бөлігінің орталығы Омбыда орналасты. Тобыл, Томск, Омбы облыстары және Орта жүз бен Ұлы жүздің бір бөлігі енген Батыс бөлік «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталып, әкімшілік тұрғыда округ-болыс-ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20 болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ кірді. Округ басшылығында округтық приказдар (дуандар) болды. Округтарды аға сұлтан, болысты сұлтан басқарды. Ауылды ағаман (старшын) басқарды. Ағамандар үш жылда бір рет сайланды. Аға сұлтандарды сайлау кезінде заседатель-бағалаушы болып қара халық өкілдері «аса құрметті ақсақалдар сайланды». Хандық билік толығымен жойылды. Сот жүйесіне де Ресей заңдары енгізілді. Дәстүрлі билер соты тек ру арасындағы, ауыл ішіндегі дауларды шешу үшін ғана сақталынды.
XVIII ғ. 80-жж. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс барысында Орынбор губернаторы О. Игельстром Кіші жүздегі хандық билікті жоюға әрекеттер жасап, ол «Игельстром реформасы» деген атқа ие болды. Реформаға сәйкес қазақ даласын жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде хандық басқару жойылып, негізгі билік шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губерниясына бағынатын жаңа әкімшілік органдар-қырғындар (расправалар) құрудағы Ресей өкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправалардың қазақ даласын басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүз сұлтандары қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 ж. Француз революциясынан шошынған патша үкіметі Игельстром реформасы туғызған наразылықтар Ресейдегі монархиялық басқаруға қауіп төндіретінін ойлап, Игельстром реформасынан бас тартты.
1824 ж. Ресей үкіметі генерал-губернатор П. Эссеннің басшылығымен «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабылдады. Кіші жүзді басқару Шекаралық комиссия арқылы жүзеге асырылды. Жарғы бойынша Кіші жүз үш бөлікке бөлініп, оларды сұлтандар басқарды. Бөліктер дистанцияларға бөлінді. Дистанцияларды (бекіністер аралығындағы жерлер) дистанция бастығы басқарды. Дистанциялар ауылдарға бөлінді, ал ауылдарды ағамандар басқарды. Орынбор қазақтары үшін сайлау жүйесі енгізілмеді. Сот жүйесі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыдағы» ережелер сияқты жүргізілді. Сөйтіп Кіші жүздегі хандық билік те жойылды.
Қазақ жерлерін қосып алудың аяқталуы Ресейдің өз ішінде жүргізіліп жатқан саяси реформаларымен тұспа-тұс келді. Қазақ жерінде әкімшілік басқаруды Ресейдің басқару жүйесімен сәйкестендіру үшін 1865 ж. Далалық комиссия құрылды. 1867 ж. 11 шілдеде II Александр «Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», ал 1868 ж. 21 қазанда «Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. Реформа бойынша бүкіл Қазақ жері Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір деген әскери сипаттағы үш генерал-губернаторлыққа бөлінді. Генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Облыстар уездерге, уездер болыстарға, болыс әкімшілік ауылдарға бөлініп, ауылдар 100-200 шаңырақтан құралды. Болыстар мен ауыл ағамандары (старшындары) әрбір үш жылда жасырын сайланды. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібірге Ақмола, Семей облыстары, Түркістанға Жетісу және Сырдария облыстары кірді. Ал бұрынғы Бөкей хандығының жерлері 1872 ж. Астрахан губерниясының құрамына енгізілді. Маңғыстау уезі 1881 ж. құрылған Закаспий облысына кірді. Осылайша Маңғыстау Қазақ жерінен мүлде оқшауланды. 1867-1868 жж. ережелер екі жылға есептеліп, «уақытша» енгізілген болатын. Бірақ жаңа отарлық тәртіптер жергілікті халықтың тарапынан күшті қарсылыққа тап болып, бұл ережелерді енгізу 20 жылға созылып кетті. Әкімшілік-аумақтық реформалар жүзеге асырылғаннан кейін патша өкіметі 1886 ж. 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже», ал 1891 ж. 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» қабылдады. Бұлар енді уақытша ережелер емес, нақты заң ретінде енгізілді. Жаңа ережелерге сәйкес Қазақ жерінде екі генерал-губернаторлық құрылды: 1. Түркістан генерал-губернаторлығының (Ташкент) құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. 2. Далалық генерал-губернаторлығының (Омбы) құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу облыстары енді. 1886, 1891 жж. ереже бойынша генерал-губернаторлардың билігі бұрынғысынан да күшейіп, бүкіл қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жарияланды.
XVIII ғ. аяғы-XIX ғ. басында Kiшi жүздегі қазақ халқының едәуip топтары Жайық пен Еділ өзендерінің аралығына көшіп барып, 1801 ж. ішкі, яғни Бөкей хандығын құрды. XVIII ғ. аяғына қарай Кіші жүздегі Сырым Датов көтерілісі бәсеңдегенде, хандар мен сұлтандар есін жиып, көтеріліске қатысқан руларды қудалау басталды. Қарапайым халықтың дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Күйзелістің терең болғаны сонша, осы бip ауыр кезеңнен «аман қалу» ең басты мәселеге айналды. Киіз үйлері мен күркелері жырым-жырым құрақ киізбен жабылған, алба-жұлба киінген қазақтар, шектен шыққан жоқшылықтан өз балаларын шеп тұрғындары мен хиуалық феодалдарға әйтеуip тipi қалсын деген ниетпен сатуға мәжбүр болды. 1815 ж. Гурьевте бip айда ғана жүзге жуық ұлдар 3-4 дағар (үлкен қап, қанар), қыздар 2-3 дағар қара бидай ұнына сатылған.
Kiшi жүздің оңтүстігінде Хиуа хандығы Сырдария бойындағы қазақтарды күшпен басып алып, ауылдарын тонады. 350 адамды өлтіріп, 1035 кыздар мен әйелдерді құлдыққа алып, 4173 түйе, 7085 жылқы, 113 820 сиыр мен 45 645 қойды айдап әкетті. Осындай жағдайларда Жайықтын оң жағасындағы бос жатқан құмды ауданға ауылдар үдере көшті.
Жаңа жағдайларда патша үкіметі қазақтардың «ішкі жаққа» өтуіне қарсы болмады. Аумақты бере отырып, үкімет Kiшi жүзде отарлауға қарсы басталған күресті бәсеңдетуге, сөйтіп, халықтың сеніміне кіруге үміттенді. Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтан үкіметтің қолдауын пайдаланып, Жайықтың оң жағасында өз хандығын құруға құлшынды. Бөкей хандығы жинақы және шағын болды, аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді қамтыды. Жайылымның аздығынан, дәстурлі экстенсивті игеру әдістерінің орнына, оларды интенсивті игеріп, орыс әкімшілігі ішкі Орданы Қазақ даласының «үлгілі» аймағы етпекші болды. Жер қатынастарында жеке және феодалдық меншік құқықтық мәртебе алды. XIX ғ. екінші ширегінен бастап, Жәңгір ханның бастамасымен шұрайлы жерлер ат төбеліндей феодалдарға беріліп, халықтың негізгі бұқарасы жер таршылығы мен ауыр қанаудың қыспағына түсті. Бөкейдің баласы, хан тағына 1824 ж. отырған Жәңгір патша үкіметінің қолдауына сүйеніп, қоғам өмipi мен халық тұрмысын, жергілікті басқару жүйесін қайта құра бастады. Ол көшпелілердің отырықшылануын, хуторлар салуын, далада ағаш өcipyдi, мал тұқымын жақсартуды және ауыл шаруашылық саймандар әкелуді, мектептер, училищелер, мешіттер ашуды және ауылдарда молдалар санының өсуін, сауданы қолдап отырды. Жәңгір ханның еуропалық үлгідегі алгашқы мектептер ашуы сол кездегі Қазақстан үшін елеулі жаңалық еді.
Алайда, Ішкi Орданың бүкіл халқы хан мен оның маңайындағылар тарапынан, сонымен 6ipгe патша үкіметі тарапынан аяусыз қаналып жатты. Жәңгірдің жаңалықтары күштеу арқылы енгізілді. Сондықтан XIX ғ. 30-жылдарының ортасында саяси дағдарыс шиеленісіп, И. Тайманов пен М. Өтемісов басшылық еткен көтеріліске ұласты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет