3-дәріс. Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.) – 2 академ.сағ.
Жоспары:
1.
Алтын Орданың тарихы. Шыңғыс хан және Монғол империясының
құрылуы.
2.
XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер.
1. (2-слайд) XII ғ. аяғы-XIII ғ. басында Орталық Азия мен Қазақстан
далаларындағы саяси жағдай - күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілірінің
арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің
күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында Темучин Орталық Азия
тайпаларын біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретті
жаулап алушыға айналды. 1206 ж. көктемде Онон өзенінің сағасында
құрылтай өткізіліп, Темучин ұлы хан деп жарияланды. Темучинге
Шыңғысхан атағы берілді.
(3-слайд) Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік
құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы оң қанат - барунғар,
сол қанат - жоңғар және орталық - гол атты үш әскери әкімшілік округке
бөлініп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер)
болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» құрылды. (4-
слайд) Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар моңғолдардың әскері 1207-
1208 жж. қысында Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да
«орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғысхан әскерлері
таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қаһарынан сескенген
қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен
бағынды. 1211 ж. Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайды, 1215 ж. Цзинь
мемлекетінің астанасы Чжундуды (Пекинді) бағындырды.
Жетісуды моңғолдар еш қарсылықсыз басып алды. Найман көсемі
Күшіліктің сегіз жылдық билігінен, оның Хорезмшах Мұхаммедпен және
қарлұқ билеушілерімен жүргізген соғыстарынан Жетісу халқы қатты зардап
шекті. Күшіліктің мұсылмандарды қудалауы жетісулықтардың ашуын
тудырып, олар діни төзімділік танытқан моңғолдарды құтқарушылар ретінде
қарсы алды. Күшілік Орта Азияға қашып, Бадахшанда өлтірілді. 1210-1217
жж. Қарлұқ аймағы, ал келесі жылы Баласағұн қаласы да соғыссыз
моңғолдарға берілді. Жетісу халқын өз жағына тартқысы келген Жебе ноян
бұл өлкеде тонауға, қырғынға тыйым салды.
(5-слайд) Шығыс Түркістан мен Жетісудың алынуы моңғолдарға
Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашты. Шыңғысхан мен
хорезмшах Мухаммед арасында соғыс болмай қоймайтын еді. Себебі,
20
Шыңғысханның империясы Орталық Азияның үстем топтарының белсене
қатысуымен құрылған еді, сондықтан жаңа мемлекет осы үстем топтың
мүдделерін білдіруге тиіс болатын. Ал көшпелі шонжарлар үшін жаңа
жерлерді жаулап алумен қатар олжа да әкелетін үздіксіз соғыс, өндірістік
кызметтің рөлін де атқаратын. Көшпелі шонжарлар Шыңғысханды тұрақты
баю көзі-соғыс ұлғайтылған жағдайда ғана қолдауы мүмкін еді. Сөйтіп
Шыңғысхан соғыс олжаларын қолға түсіріп, баюға және бай егіншілік елдерді
қанауға мол мүмкіндік берген жаулап алулар жолына түсті. Шыңғысханның
соғыстағы жеңіске жету себептерінің бірі, оның Орталық Азия мен
Қазақстанның ең үлкен бөлігінің әскер күштерін, моңғол тайпаларын ғана
емес, түрік тайпаларын да біріктіруі болды.
Моңғолдардың бастапқы жаулап алушылығы, Сібірдің, Қазақстанның,
Шығыс Түркістанның түркі халықтарын қосып алуы бүркемелі сипатта болды.
«Киіз туырлықты халықтарды» біріктіру ұранымен Орталық Азия
көшпелілерінің бірлігі жөнінде жалған насихат жүргізілді. Шыңғысхан
сыртқы жорықтарында және келісімдерінде көшпелі халықтарды біртұтас
империяға топтастыру дәстүрін уағыздап отырды.
(6-слайд) Шыңғысханның жеңістері Орта Азияда алуан түрлі пікірлер
туғызды. Хорезмшах Моңғолияға бірінен соң бірін-екі елшілік аттандырды.
Өз тарапынан Шыңғысхан да елшілік жіберді. 500 түйе, 450 адамы бар сауда
керуені 1218 ж. жазында Отырарға келгенде қыпшақ Қайырхан Иналшық
көпестерді тыңшылық жасады деп өлтіріп, керуенді тонады. Бұл
Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды.
(7-слайд) Орта Азияны бағындыру үшін 1219 ж. қыркүйекте Шыңғысхан
өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңдық қалың
қолды бастап шықты. Моңғолдардың басшысы, Шағатай мен Үгедей бастаған
бірнеше түменді Отырарды коршау үшін қалдырып, Жошыны Сыр бойымен
төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедейге Сырдарияның жоғарғы ағысы
бойындағы қалаларды бағындыруды жүктеді. Шыңғысхан кіші ұлы Төле екеуі
әскердің негізгі күштерімен Бұхараға беттеді. Отырар билеушісі
Қайырханның 50 мыңға жуық әскері ерлікпен қорғанды. Алайда, қоршаудың
бесінші айының соңына қарай Хорезмнен көмекке келген әскербасы Қараджа
хаджиб он мың әскерімен моңғолдарға беріліп, қала қақпасын ашып берді.
Моңғолдар қаланы әбден талады, халқын қырғынға ұшыратты. (8-слайд)
Жошы әскері 1219 ж. Сығанақ, Үзгент, Баршанкентті алып, халықты
қырды.1220 ж. монғолдар Жент, Янгикентті басып алды,Үргенішті Амудария
суына тоғытты, Бұхара мен Саманқанды тонады. 1221 ж. көктемде соғыс
Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Иран мемлекеттеріне ауысты. Жебе мен
Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алып,
1222 ж. Кавказға кірді. Моңғол әскерлері алаңдарды, қыпшақтарды және
Қалқа өзенінде орныққан орыстарды тас-талқан етіп, Дешті Қыпшақ даласы
арқылы 1224 ж. Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралды. Сонымен,
1219-1221 ж.ж. шапқыншылықтың салдарынан Қазақстан мен Орта Азия
Шыңғысхан империясының құрамына енді.
21
(9-слайд) Шыңғысхан жаулап алған жерді балаларына бөліп берді.
Ертістен Орал тауларына, онан әрі батысқа қарай «монғол атының тұяғы
жететін» аймақты үлкен ұлы Жошыға берді. (ордасы Ертіс алқабында) Екінші
баласы Шағатайдың үлесіне Мәуеренахр, Жетісу және Қашқар тиді. (ордасы
Іле алқабында) Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері
қарады. (ордасы Шәуешектің маңы) Кіші ұлы Төле Моңғолияның өзін
мұраланды. Шыңғыс әулеті өз ұлыстарын дербес иеліктерге айналдыруға
ұмтылды.
1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін империя бірнеше тәуелсіз
мемлекеттерге ыдырай бастады. (10-слайд) Сол 1227 ж. қайтыс болған
Жошының орнына отырған оның ұлы Батый Батыс Дешті Қыпшақ , Еділ
бұлғарлары жеріне және одан әрі батысқа қарай басқыншылық жорықтар
жасады. Ірі орыс князьдіктері, Польша, Венгрия, Чехия талқандалды. Жеті
жылдық жорықтың (1236-1242) нәтижесінде Бату Еділден батысқа қарай
Дунайдың төменгі ағысына дейінгі жерлерді, соның ішінде Қырымды,
Солтүстік Кавказды және батыс Қыпшақ далаларын биледі. Бату Еділдің
төменгі ағысында Алтын Орда мемлекетін құрды.
Астанасы Сарай-Бату
(Астрахань маңында), кейінірек Сарай-Берке болды. Оның құрамына Жошы
Ұлысының территориялары-Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір
территориясының бір бөлігі, батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер кірді.
Орыс князьдері өздерінің Алтын Ордаға тәуелділігін мойындады, оның
хандарының қолынан «князьдік белгілерін» алды, салық төледі.
Алтын Орда
көп ұлтты мемлекет болды. Көшпелілердің негізгі бөлігі түркі тайпалары,
қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар, наймандар және т.б. болды. Отырықшы
аймақтарда болгарлар, мордвалар, орыстар, гректер, черкестер, хорезмдіктер,
т.б. тұрды. Моңғолдар Ордада азшылық еді. XIII ғ. аяғында және XIV ғ.
моңғолдар түріктенді.
(11-слайд) Батудың тұсында Жошы ұлысы екі мемлекеттік бірлікке
бөлінді. Оң қанаттың (ұлыс) басында Батудың өзі және оның мұрагерлері
тұрды. Қазақстанның көп бөлігін қамтыған Сол қанаттың басында Жошы
Ордасының үлкен ұлы Ежен тұрды. Алғашында Алтын Орда ұлы моңғол
хандарына бағынғанымен, 1260 ж Моңғол империясы тәуелсіз ұлыстарға
ыдырады. Бату ханның інісі Берке ханның (1256-1266) тұсында Алтын Орда
тәуелсіз мемлекет болды. Оның мұрагері Мөңке хан (1266-1280) өз теңгесін
соға бастады.
Алтын Орда өзінің гүлденген шағына XIV ғ. бірінші
жартысында, Өзбек хан (1312-1342) мен Жәнібек хан (1342-1357) тұсында
жетті. 1312 ж. Өзбек хан Исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп
жариялады. (12-слайд)
XIV
ғ екінші жартысынан бастап орталықтан тепкіш
күштер Алтын Орданы әлсірете бастады. 1357-1380 ж.ж. аралығында тақта 25
хан ауысты. 1380 ж. Күлік даласында Д.Донской бастаған орыс әскерлері
Алтын Орданың билеушісі Мамайды талқандады. Тоқтамыс хан Мамайдың
жеңілгенін пайдаланып, Алтын Ордадағы билікті өз қолына алды. Өз билігін
нығайтуға тырысып, 1382 ж. Мәскеуді өртеп жіберді. Осы тұста әмір Темір
Алтын Ордаға бірнеше рет жойқын жорықтар жасап, енді айыға алмайтын
соққы берді.
22
(13-слайд) Шағатай ұлысында, негізінен Жетісу жерінде шағатайлықтар
мен Үгедей ұрпақтары арасында билік үшін бітіспейтін соғыстар болды. 1260
ж. Арық-Бұқа мен Хұбылай өздерін ұлы хан деп жариялап, иеліктері қайта
бөлінді. 1269 ж. ұлы хан Хұбылайға тәуелсіз Хайду мемлекеті құрылғанымен,
XIV ғ. бірінші жартысындағы Хайду мұрагерлері арасындағы қақтығыстар
Жетісуды күйретіп тынды.
Моңғолдарға дейінгі дәуірде жоғары даму
деңгейіне жеткен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның Баласағұн, Тараз, Алмалық,
Алмату, Қаялық, Ілібалық, Екі-Оғыз және т.б. қалалары мен елді мекендері іс
жүзінде картадан жоғалды.
2.
(14-слайд) XIV ғ. басында Жошы ұлысының (Жетісуды қоспағанда)
Жайық өзені, Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік жағындағы аумақты
қамтыған шығыс бөлігі (сол қанат) Ақ Орда құрамына кірді. Алтын Ордада
негізінен-Батый ханның ұрпақтары, Ақ Ордада Орда-Еженнің ұрпақтары
билік құрды. Ақ Орда монғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында
жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. (15-
слайд) Онда қыпшақтармен қатар наймандар, уйсіндер (усундер), қарлұқтар,
керейіттер, қоңыраттар, маңғыттар және басқалар мекендеген. XV ғ. бас
кезінен Орда-Ежен ұрпақтары Сыр өңірінің қалалары мен Жетісу
жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күресті. Сонымен бірге, даланың
көшпелілері мен Сыр өңірінің отырықшы халқы арасындағы сауда-
экономикалық қатынастарды қалпына келтіру сарыны күшейді. Ақ Орда
хандары Ертістен Сырдарияға, Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі кең
далада экстенсивті мал шаруашылығын сақтап, көшіп-қонудың тәртібін
қалыптастырып, Сырдарияның, Таластың, Шудың отырықшы-егіншілік
жерлері мен Ұлытау даласында шаруашылық және мәдени өмірді қалпына
келтіре бастады. XIV ғ. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. (16-слайд)
Ақ Орданың дамыған кезі XIV ғ. II жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі
Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш
салды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, 1376 ж. Алтын
Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс
болғаннан кейін Ақ Орда иелігі баласы Темір Мәлікке көшті. Осы кезде
Маңғыстаудың билеушісі Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге
сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. 1379 ж. өзін Ақ Орда ханы етіп
жариялап, Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ 1380, 1391,
1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан
кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирады. Темірдің басқыншылық
соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. соңы мен XV ғ.
бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалды. 1423-1424 жж. Орыс ханның немересі
Барақ Ақ Ордада хандықты өз қолына алды. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ
Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығынақты және Сыр
бойындағы басқа да қалаларды босатты. Барақ жорықта қаза тапқаннан кейін
Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшіп, олар Ақ Орданың
елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 ж. Жошы ұлысы екіге жіктелгенде
пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді.
23
(17-слайд)
XIV
ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, оның шығыс
бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі –
Мауереннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан
аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып,
«моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен. Дулат ақсүйектері он
алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 ж. Моғолстан ханы етіп сайлайды. Моғол
мемлекетіне Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары да кірген.
Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын,
баарын, барлас, бұлғашы және ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар мен
түркіленіп кеткен монғол тайпалары болды. Астанасы Алмалық қаласы.
Мауереннахр билеушісі Әмір Темір Моғолстанға 1371 ж. 1390 ж. дейін он
шақты рет жорық жасап, 1391 ж. Моғолстан Темірге толық тәуелді болды.
Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 ж.) ғана Моғолстан Мұхаммед ханның
кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастады. Мұхаммед ханнан
кейінгі талас-тартыс кезінде хан тағын Уәйіс иеленіп, 1428 ж. Уәйіс хан
қайтыс болғаннан кейін, балалары Жүніс пен Есен-бұға билікке таласып, дулат
әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға (1433-1462 жж.) хан тағына отырады. Бірақ
Жүніс хандық билік үшін күресін тоқтатпай, 1462 ж. Есен-бұға қаза болған
соң, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан Жүніс ханның немересі Абдар-
рашид ханның кезінде ыдырай бастап, оның Жетісу аймағы Қазақ
хандығының құрамына енеді.
(18-слайд) XIII ғ. ортасынан бастап Жошының ұлы Орда Ежен негізін
қалаған Ақ Орданың батыс жағында Шыңғысханның тағы бір немересі-
Шайбан ханының үлесті жері даралана бастайды. Шайбан бұл жерлерді Бату
ханның батыстағы соғыстарына қатысқаны үшін сыйлық ретінде алса керек.
XIV ғ. Орда-Ежен мен Шайбан ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-
тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. XV ғ. 20-жж. аяғына қарай
Шыңғыс ұрапақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің
нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан
ұрпақтарына ауысты. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі
саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі - Жайықтан және оның батысына
қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс
жағындағы Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойындағы, Тобыл мен Есілдің
жоғарғы ағыстарындағы Шайбан ұрпақтарының иеліктері Көшпелі өзбектер
хандығы деп аталған. Шайбани ұрпақтарының арасында жер үшін, билік үшін
ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар болып тұрған. (19-слайд) Осы талас-
тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған 17 жасар
Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 ж. Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында
хан болып жарияланды.
Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс
аймақтарының көптеген жерін қамтыды. Халқының құрамына Ақ Ордаға
кірген қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын,
шыңбай, күрлеуіт сияқты түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары
жатты. Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.) елде
тұрақтылық пен тыныштық болмады. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына
24
алған соң, басқа хандар сияқты, елдегі үстемтап өкілдерінің талабына сай
қызмет етті. Осы мақсатта ол басқа елдерді басып алу, соғыс барысындағы
олжаны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты. Алтын
Орданың әлсіреуін пайдаланып Еділ бойын басып алды. 1430 ж. Хорезмді,
Үргенішті тонады. 1446 ж. Сырдария мен Қаратау баурайындағы Созақ,
Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты хандықтың
астанасына айналдырды. (20-слайд) Бұл басқыншылық Барақ ханның
тұқымдары Керей мен Жәнібек сұлтандардың және оларға тәуелді қазақ
руларының мүдделеріне қайшы келді. Олардың арасындағы күрес, қазақ
сұлтандары мен оларға қарасты рулар-тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп
кетуіне әкеліп соқты. Мемлекеттің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы
тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына
бөлінуге ұмтылуы, көшпелі өзбе хандығын әлсіретті. 1456-1457 жж.
Әбілхайыр Сығанақ маңындағы шайқаста ойраттардан күйрей жеңілді. 1468
ж. Моғолстанға қарсы жорыққа шыққан Әбілхайыр кенеттен қайтыс болып,
Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады.
(21-слайд)
Ақ Орда
әлсіреген кезде Еділ мен Жайық аралығында пайда
болған Ноғай ордасы алғашында маңғыттардың атымен «
Маңғыт
Ордасы
» аталған. «Ноғай» атауының шығуы XIII ғ. II-жартысында Алтын
Орда әскерінің қолбасшысы
Ноғай
дың иелігіне қараған халық «ноғай»,
«ноғайлы» аталғандықтан деген пікір бар. Ноғай ордасының негізін
Едіге
қалаған. Ол 15 жыл (1396-1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына
ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Орталығы
Сарайшық
қаласы болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге
де ордалар сияқты Ноғай ордасында этникалық құрылымнан гөрі, саяси
құрылым басым еді. Бас билікті «бектер бегі»-әмір атқарды. Негізгі бұқарасы
«ұлыс адамдары» (ноян, мырза, князь, т.б.), «қара халық» деп аталды. Орданың
құрамына енген тайпалар (
қоңырат
,
маңғыт
,
алшын
,
жалайыр
, қаңлы, керей,
қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этникалық
құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. XV ғ. аяғында Ноғай ордасы
орыс
мемлекетімен
саяси,
сауда-экономикалық
байланыстар
орнатқан. XVI ғ. II жартысында
Қазан
,
Астрахан
хандықтарын
Ресей
жаулап
алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді.
Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Қырым хандығына
тәуелді болды. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел
Қазақ хандығы құрамына енді. Ноғай ордасы түркі халықтары тарихында
үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі
халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына кірген тайпалардың
үлесі өте мол.
(22-слайд) XIII ғ. Шынғысханның жорықтарына байланысты көптеген
тайпалар Батыс Ciбip аумағынан пана тапты. Батыс Ciбip тайпаларымен көрші
болып, оларға елеулi ықпал еткен қазақ тайпаларының негізгі ұйытқысы
қыпшақтар еді. Батыс Ciбірдe ең ipi этникалык-саяси құрылымдардың бipi
Орта Ертіс, Тобыл, Есіл мен Тура аумағындағы түркі тілді тайпалардың
бірлестігі болды да, онда керейлер басты рөл атқарды. Бірлестіктің негізін
25
қалаған және жергілікті әулетті кұрушы Тайбұғы болған. Оның шыққан тегі
туралы бірауызды пікip жоқ, бірақ Тура өзеніне қазақ даласынан келгені
туралы, Батыс Ciбip жерін иеленгені және оның Чинги-Тура қаласын (Тюмень
қаласын) салғаны туралы деректер бар.
Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Ciбip аумағы Жошы ұлысының
құрамына енді және шайбанилердің жері деп аталды. 1428 ж. Әбілқайыр хан
Тураны басып алды. Әбілқайыр хан өлген соң, 1468 ж. Батыс Ciбip аумағының
көп бөлігі оның бақталасы Шайбани ұрпағы Ибақ ханға көшті. Ибақтың
тұсында Батыс Ciбірдің Орыс мемлекетімен байланысы орнатылды. Шамамен
1555 ж. тайбұғылық Көшім, Сібірдің билеушісі Жәдігерді қуып жіберіп, билік
үшін ұзақ күрес басталады. Көшім 1563 ж. Жәдігер әскерін талқандады да,
астанасы Іскерді басып алды. 1570-1571 жж. Көшім бұрынғы Шәйбан
ұлысының бүкіл аумағын, соның ішінде Тобылдағы шейбанидтердің Түмен
хандығын, Ертістегі тайбұғалықтар жұртын өз билігіне біріктіріп, біртұтас
мемлекет құрды. Көшім күшейіп келе жатқан жас Қазақ хандығымен достық
қатынасты нығайтуға көңіл бөлді. Сібір қазақтары, яғни жергілікті түркі тілдес
халық (арғын, қыпшақ, найман, керей, жалайыр тайпалары т.б.) жартылай
көшпелі шаруашылықпен айналысты. Көшім мемлекетінде көпестер мен
саудагерлердің маңызы артып, олар Сібір хандығын халықаралық аренаға
шығарды. Орта Азиялық саудагерлері мен көпестеріне Сібір хандығының
билігі кімнің қолында болғаны маңызды емес еді, олар үшін ең бастысы Сібір
байлығын сату арқылы мол пайда табу болатын. Сондықтан, Ермак Іскерді
басып алғанда, Көшімге Бұхар ханы Абдолла әскери көмек жіберуден бас
тартып, Орта Азиялық көпестер оны тағдырдың тәлкегіне тастап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |