Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет16/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
 
3.Жазылым үдерісі 
 
Ғылыммен айналысатын немесе зерттеу жұмысын жүргізіп жатқан кез-келген адам 
өзінің күнделікті уақытын өзіне ыңғайлы етіп жоспарлап алады. Сонымен қатар әрбір 
адамның, жұмысы мен атқаратын қызметіне қарай, жекелеген мақсаты мен міндеттері 
болады және олардың зерттеу еңбектерінің көлемі мен жанры да әртүрлі. Осыған 
байланысты олардың күрделілігі мен қиыншылықтары да әрқалай болады. 
Сонымен қатар жазба жұмысын бірден бастап кету үлкен қиындық туғызуы мүмкін. 
Себебі көп студенттер алдындағы ақ параққа нені жазудан немесе жазба жұмысын қалай 
бастаудан жүрексінеді. Мұндай кедергіден арылу үшін жұмысты бастамас бұрын студент 
өзін ешқашан түзуші немесе сыншы рөліне қоймауы тиіс. Ол үшін алдымен өзін 
шығармашыл адам ретінде есептеп, тек дайын болған жұмысты тексеру барысында ғана 
өзін сынаушы рөліне ауыстырғаны дұрыс. Өзін шығармашылық қабілеті жоғары, ойы 
ұшқыр жан ретінде ойына келген тақырып жөнінде 
ойшақырту 
амалдарын жасау қажет. 
Ол үшін алдымен тақырыпқа қатысты кілт сөздердің тізімін жасап, сол сөздер арқылы карта 
жасағаны дұрыс. Бұл – жазбаша зерттеу жұмысын жазудың тиімді қадамы. 
Ойшақырту 
амалдарын 
жүзеге 
асырғаннан 
кейін
 ғылыми 
әдебиеттерге 
шолу
жасалынады. Бұл кезеңде студент өз алдына дербес жұмыс жасайды және тақырып 
бойынша өз бетімен ізденеді және ойланады. Бұл арқылы жаңа ғылыми білім, көзқарасы, 
ойы өзгереді. 


 
4.Жазба жұмысын жоспарлау 
 
Жазылым үдерiсi сәтті жүзеге асуы үшiн оны жоспарлау кажет. Тақырыпка катысты 
толыққанды акпарат жиналғаннан кейiн «осы ақпараттарды жүйелеп, өалай жақсы 
бағаланатын жұмысқа айналдыруға болады?» деген сауал мазалауы мүмкін. Ол үшін 
жоспар қажет. Жоспар алғаш құрылғанда ретсiз болуы мүмкін, себебі автор өз ойына келген 
алгашкы идеяларды өз жазбасына косу үшін жоспарға енгiзе беруі мүмкін. Мұндай 
жоспарды құрудын мынадай жолдары бар: 
Ойшақырту – ойшақырту амалы такырыпка катысты ойға келген барлық сөздерді 
жазу. Содан кейін оларды ұмытып қалмас үшiн тақырыпшаларға топтастыру қажет. Бұл 
амал біршама ретсiз орындалуы мумкiн, бiрак такырып жөнiндегi идеяларды қагазға 
түсiрудiң жаксы тәсілі. 
Топтастыру – бұл әдіс ойшақырту амалына ұксас, бiрак өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл 
әдісті колдану барысында такырыпка катысты ойларды қағаз бетіне түсiрiп, тек 
тақырыпшаларына қарай топтарға жіктеп жазуға болады. 
Тізім жасау – топтастыра жазудың жүйелi түрi. Мұнда негiзгi ойдан бастап
тақырыпшаларға қатысты идеяларды жалғастырып жазу басты назарда тұрады. Бұл 
жазылым барысында кандай тұжырымдарға келу қажет екенін ұмытпауға мүмкіндік береді. 
Сауал қою – жоспарлаудын мұндай түрiн қолдану барысында жазба жұмысынын 
негiзiн кұрайтын белiмдердiң сұрактары туралы ойлану кажет. Əрбiр бөлiм үшiн негiзгi 
деген бір сұрактан ойлап табуға тура келеді. Осыған байланысты жазылым үдерiсi 
барысында кұрастырылған сұрактарға жауап беруге болады. 
Зерттеу жасау барысында жобанын жоспарын бірнеше мәрте өзгертiп, кайта - кайта 
түзетулер енгiзiлуi мүмкiн немесе зерттеуші әлі де материалдарды оқу аркылы мәліметтерді 
жинауды жалғастыра беруiне болады. Дегенмен зерттеу жұмысын жазуды алғаш бастап 
отырган студент уакыттын жартысынан көбiн акпаратты дайындау мен әзiрлеуге 
жұмсағаны, ал қалған жартысын жазу үдерісіне арнағаны дұрыс. Сол себепті, зерттеу 
жұмысына қанша уақыт жұмсалатынын алдын ала бiлу қажет және зерттеу материалдарын 
табуға көп уакыт бөлгені жөн. Зерттеу жұмысынын негiзгi үдерiсi мынадай жоспардан 
тұруы мүмкін: 1. Зерттеу сұрағын айқындау; 2. Ақпарат алатын топты анықтау; 3. Жауапты 
қалай жинап алатыны туралы білу; 4. Сауалнаманы құру; 5. Сауалнаманы сынақтан өткізу; 
6. Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу; 7. Ақпараттарды талдау.
Жазба жұмысын жоспарлау барысында «неге баса назар аудару қажет?» деген сұраққа 
жауап іздеу кажет. Ол үшiн жазба жұмысының зерттеу сұрағына баса назар аударуға тура 
келеді. Мәселен, эссені жазу барысында онын негiзгi сұрағы туралы ойланып, осы сұраққа 
ғана жауап беруге тырысу керек. Такырып туралы баска да бiлетiн жайттарды жазудың 
қажетi жоқ, себебі такырыпка катысты, бiрақ сұрактан тыс мәселелерді жазу жүйесiздiкке, 
кейде тiптi такырыптан ауытқуға ұрындыруы мүмкін. Академиялық жазылымнын басты 
талаптарының бірі – такырыптан ауыткымай нақты сұраққа жауап беру болып саналады.
Кез келген жазылым жалпыға ортак кipicne бөлім, ойдын дамытылуы немесе негізгі бөлім 
және қорытынды бөлім кұрылымына негізделеді. Бұл кұрылым бойынша негiзгi бөлiм 
такырыпка қатысты ойды жан-жакты талдайды, сондыктан басқа бөлiмдерге қараганда 
көлемдірек болады. Дегенмен кiрiспе мен корытынды бөлiмдердiң де маңызды екенін естен 
шығармау кажет. Бұл бөлiмдердiн мағыналық жағынан біртұтастығы мен сұраққа жауап 
беру тұрғысынан жүйесiз жазылуы түсiнiксiздiкке алып келеді. Сонымен, жоспар кұру 
барысында алдымен есте сақтайтын жайт - такырыпка қатысты кiрiспе бөлім мен ойды жан-
жақты талдайтын негiзгi бөлiмi және автор ойынын негiзгi түйiнiн беретiн корытынды 
бөлiмнiң болуы шарт. Бұл үш бөлiм бiр-бiрiмен мағыналык және құрылымдык жағынан өте 
тығыз байланыста жазылуға тиiс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет