Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Конспектінің түрлері 
Конспект-жоспар.
Тақырыпты ашуға қажетті басты мәселелер санамаланатын жоспар 
негізінде жасалады. Қағазда бұлайша мазмұндау түрі материалдың алдын ала құрылған 
жоспарының негізінде жасалады, белгілі бір тармақтар (тақырыптарымен бірге) және 
тармақшалардан тұрады. Əр тақырып конспектілеу барысында ашылады, қысқа мәтінмен 
толықтырылады, соңында дұрыс құрылған конспект-жоспар шығады. Осындай нұсқадағы 
конспект түрі кепшілік алдына немесе семинарға шығу үшін тез арада дайындалуға 
көмектеседі. Əрине, жоспар жүйелі жасалса (оның тармақтары барынша мазмұнды болуы 
керек), сіздің баяндамаңыз да мазмұнды әрі толық болып шығады. Мамандар жоспар 
түріндегі конспектіні сіздің қолданған барлық дереккөздеріңіз көрсетілетін 
белгілермен толықтыруды ұсынады, ейткені уақыт өте келе оларды еске 
түсіру қиынға соғады. 
Сызба түріндегі жоспарлы конспект
. Мұндай жоспардың тармақтары сұрақтар 
түрінде, ал ақпарат қысқа жауап түрінде беріледі. Бұл конспектінің ерекшелігі мынада: 
жоспардың барлық тармағы жауабын жазуға тура келетін сұраулы сөйлемдер түрінде 
беріледі. Материалды оқи отырып, сіз әр тармақтағы сұрақ бойынша қысқаша белгілер (2-
3 сөйлем) қоясыз. Мұндай конспектіде барлық мәліметтердің құрылымы мен ішкі 
байланыстары жазылады және бұл өз кезегінде ақпаратты жақсы меңгеруге мүмкіндік 
береді. 
Мәтіндік конспект
. Мұндай конспект мәтіннің үзінділері мен дереккөзден алынған 
дәйексездер (цитата) негізінде жасалады. Бұлайша баяндау тәсілі басқа конспект түрлерінен 
толыққандылығымен ерекшеленеді, себебі ол түпнұсқадан алынған үзінділерден және 
дәйексөздерден тұрады. Мәтіндік конспектіде жоспарды біріктіруге 


немесе оны түрлі тезистермен және терминдермен толықтыруға болады. Мәтіндік конспект 
авторлардың дәйексездері әрдайым маңызды болып табылатын ғылымды немесе әдебиетті 
игергісі келетіндерге жақсы көмектеседі. Алайда мұндай конспектіні жазу оңай емес. Ол 
үшін аса маңызды дәйексөздерді материал туралы мағлұмат беретіндей етіп 
бөліп жаза білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет