Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет35/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Тақырыптық конспект.
Ақпаратты бұлайша жазу тәсілінің басқа конспект түрлерінен 
айтарлықтай айырмашылығы бар. Оның мәнісі қандай да бір мәселені жазғанда бір ғана 
дереккөз емес, бірнеше дереккөз қолданылатындығында болып отыр. Конспект тақырыпты 
ашатын болғандықтан, бірнеше дереккөз негізінде құрылады. Мұндай конспектіні жасау 
біраз еңбектенуді талап етеді. Тақырыптық конспект берілген 
тақырыпты талдауға, қойылған мәселені ашуға және сол мәселені жанжақты оқуға 
басқаларынан гөрі жақсы көмектеседі. Дегенмен толыққанды конспект жазу үшін қаншама 
әдебиет қарауға тура келетініне дайын болыңыз, тек сонда ғана сіздің баяндауыңыз 
тыңдаушының құлағына жетеді. 
Еркін конспект.
Мұнда конспектінің бірнеше түрі аралас болады. Еркін конспект 
материалдармен жұмыс істеудің бірден бірнеше тәсілін пайдаланатындарға арналған. Онда 
үзінділер, дәйексөздер, жоспар, көптеген тезис түрлері жазылуы мүмкін. Сіздің өз 
ойыңызды қысқа әрі нұсқа бере білу, жоспармен, автордың дәйексөздерімен жұмыс істеу 
дағдыларыңыз қажет болады. Ақпараттарды осылайша жазу жан-жақты әрі толық 
қамтылған мәлімет беру деп есептеледі. 
Конспектілеу техникасы 
Материалды аяғына дейін оқып шығу қажет, мәтіннің ерекшеліктерін, оның сипатын, таныс 
емес терминдерді беліп көрсету керек. Мәтінді тағы бір рет оқып шығып, мұқиятталдау 
жасау қажет. Материалмен осылайша жұмыс істеу басты мәселеден қосымша ақпаратты 
ажырата білуге, оларды рет-ретімен жазуға үйретеді. 
Мәтіннің негізгі ойын бөліп көрсету тезис деп аталады. Оны дәйексөздермен (егер 
автордың ойын беру қажет болған жағдайда) немесе өзіңіздің жеке тәсіліңізбен жазуға 
болады. 
Тез конспектілеуге (осылайша оқытушының айтқанына үлгеруге 
болады) мына тәсілдер көмектеседі: 
• қарастырылатын басты мәселені беле білу; 
ақпаратты сызба, кесте, тезис түрінде бере білу; 
• қысқартулар жүйесі; 
• «өрнектеп» жазудан бастарту (мысалы, «каллиграфиялық» жазудан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет