Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Дипломдық жоба жұмысының тақырыбын таңдау



Pdf көрінісі
бет47/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Дипломдық жоба жұмысының тақырыбын таңдау.
Дипломдық жоба жұмысының негізі – жоба тақырыбы болып табылады. Тақырып 
арқылы бұл жұмыс қандай ғылыми саланы қамтитындығы, автор нені зерттеп отырғандығы 
туралы жұмыстың негізгі бағдары алдын ала белгілі болады. Дипломдық жоба жұмысының 
тақырыбы теориялық және эмприкалық зерттеулерге негізделеді. Теориялық зерттеулер 
түрлі дерек көздерде берілген мәліметтерді, деректерді, материалдарды зерттеу, жинақтау 
бойынша жұмыстарға бағытталса, эмприкалық зерттеулер өзіндік жеке зертеулер, бақылау 
мен экспериментке жүгінеді.


Дипломдық жоба жұмысының тақырыбын таңдау екі түрлі жолмен жүзеге 
асырылады: 
1.
Диплом жоба тақырыптары тізімінен таңдап алу арқылы. Бұл тізім кафедрада 
бекітіліп, студентке таңдауға ұсынылады
2.
Студент өзін қызықтыратын тақырыпты таңдап, ғылыми жетекшінің 
келісімімен, кафедрада бекітеді. 
Дипломдық жоба жұмысының тақырыбы төмендегідей критерийлерге сай болуы 
қажет: 
-
Нақтылық.
Бұл параметр дипломдық жоба жұмысының мақсаты мен 
маңыздылығын көрсетеді: не зерттелуде, неліктен, қалай зерттелуде және т.б. 
-
Тақырыптың шұбалыңқы емес, қысқа болуы.
Тақырып түсінікті және қарапайым 
болуы керек. Тақырып жай сөйлемдер арқылы жасалып, 1-2 кәсіби негізгі 
сөздерді қамтуы қажет, дегенмен, кәсіби терминдерді көп қосу оқырманға 
тақырыптың түсініктілігін қиындатады бірнеше кілт сөздерді қосу міндетті 
болып табылады. Орташа алғанда, тақырып жай сөйлемдерге біріктірілген 7-10 
сөзден құралады. 
Дипломдық жоба жұмысының кіріспе бөлімін жазу
Кіріспе бөлім мәтіннің негізгі жоспары болып табылады. Кіріспе оқырманға беретін 
біраз мәліметтерді қамтиды. Кіріспе бөлімде мәтінннің тақырыбы және оның неліктен 
маңызды тақырып екендігі жазылады. Көптеген академиялық пәндерде негізгі дәйек етеп 
алынанатын тұжырымдардың негіздемесін беруді талап етеді. Дәйек етеп алынып отырған 
тұжырымдардың параграфтарда берілуі мен ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерге 
қысқаша тоқталады. Демек, кіріспені оқып отырған адамдар негізгі бөлімді оқу барысында 
жаңа тұжырым немесе ретсіз берілген ақпаратты кездестірмеуі қажет. 
Кіріспеде мынадай мәліметтер қамтылуы керек: 
-
Жұмыстың өзектілігі 
-
Дипломдық жоба жұмысының мақсаты 
-
Дипломдық жоба жұмысының міндеттері 
-
Жобаның күтілетін нәтижелері (өнім) 
-
Жобаның мазмұны. 
-
Жобаның нақты бөлімдері бойынша әрбір топ мүшесінің жауапкершілік 
салаларын көрсете отырып, жоба командасының сипаттамасы. 
-
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері. 
-
Жобаның даму перспективалары қамтылады. 
Кіріспеде оқырманның қызығушылығын тудыру үшін қызықты мәліметтерді де 
ұсынып отыру керек. Кіріспені жазу барысында тақырып жайында білетін жайттың бәрін 
жазу дұрыс емес, тек қажетті деген мәліметтерді қысқаша беру керек. 
 Кіріспеде тақырыптың өзектілігін айқындау маңызды.
Тақырыптың өзектілігі 
дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда, тақырыпқа және онда қарастырылатын мәселелерге 
қазіргі уақыт тұрғысынан баға беру. Зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетуде мынадай 
сұрақтарға жауап жазу дұрыс: яғни қандай мәселе қарастырылып отыр, бұл тақырып бұрын 
қаншалықты зерттелді, осы мәселе бойынша қорытынды, бірізді шешім бар ма деген 
сұрақтарды аша келіп, өзіңіздің зерттеуіңіздің артықшылық тұстарын нақтылап көрсеткен 
дұрыс. «Дипломдық жоба жұмысының тақырыбы өзекті, өйткені...», «Дипломдық жоба 
жұмысы тақырыбы өзектілігі, біріншіден, .... байқалады, ... байланысты ... анықталады» 
деген тәрізді сөйлемдермен дәйектеген дұрыс.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың мақсаты тақырып және онда 
қарастырылатын мәселелер негізінде анықталады. Сондықтан жұмыстың мақсатын
жазғанда «зерттеу», «шешу», «талдау» т.б. етістіктерді қолданңан тиімді. Бір ауқымды 
мақсат қойып, оны кішірек бөліктерге бөлу арқылы міндеттер қойылады. Жұмыстың 
мақсаты жеке бір сөйлем ретінде жазылады, ал мақсаттан туындайтын жұмыстың 


міндеттері нөмірленіп немесе басқа да шартты белгілермен бөлектеніп, мақсаттан кейін 
жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет