Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары



бет25/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
лекции

Ошақты бронхопневмония — өкпе тінінде жедел пайда бола- тын қабыну, үдей дамыған бронхиттің салдары, сондықтан бронхопневмония әлбетте екіншілік болып келеді.
Морфогенез. Бронхопневмония морфогенезі жұқпалы қоз- дырғыштардың тарауы ауа-тамшылық, гематогендік, сирек болса да жанасулық (контакт) болып келуі. Бронхопневмония дамуының негізгі шарты — бронхының дренаждық (кәріз) қызметінің, созылмалы бронхит нәтижесінде бұзылуы. Инфекциялық қоздырғыштардың өкпеге өтіп түсуіне салқын тию, наркоз, мастық және т.б. ықпал жасайды. Аспирациялық, гипостатикалық және операциядан кейінгі бронхопневмониялар пайда болуы аутоининфекцияның белсенділенуіне байланысты. Майда бронхылардың қабырғаларын зақымдайтын қабыну процестері өкпе ұлпасының жақын жатқан бөліктеріне тарайды. Қабыну ошағының үлкендігіне байланысты бронхопневмония болуы мүмкін: 1. альвеолаларлық; 2. ациноздық; 3. бөліктік; 4. ошақты-құйылыстық; 5. сегменттік.
Морфологиялық жағынан ошақтық бронхопневмонияда қабыну ошақтары тарылады, олар ең жиірек өкпенің артқы төменгі сегменттерінде дамиды. Олардың үлкендіктері әр түрлі, тығыздалған өкпені кесіп қарағанда кесік бетінде бөлектеніп, сұр- қызыл түсті ошақ түрінде көрінеді. Жалқықтар (эссудат) сірнелі, іріңді, кейде сірнелі-геморрагиялы сипат алады. Пневмония ошақтары айналасында перифокальдық өкпе энфиземасы пайда болады, яғни альвеолалар тікелей кеңіп, созылады. Сырқаттардың жасына қарай бронхопневмонияның ағымы және пайда болған жерінде кейбір ерекшеліктер болады.

Ошақты бронхопневмония асқынулары ошақты пневмосклероз дамуы, абсцесс жасалуы, кейбірде плеврит пайда болуы болып табылады.


ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АБСТРУКТИВТІ АУРУЛАРЫМЕН (ӨСОА) ауыратын адам саны әрбір 10—12 жылда 2 рет өседі. Созылмалы өкпе ауруларының дамуы қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан темекі шегу, тыныс жолдарының жіті инфекциялары және айта кететін бір жай, ауруға тұқымдық ыңғайлылық. Осы дертте ең көп мән алатын созылмалы абструктивті бронхит, бронхоэсказдық ауру, созылмалы абструктивті өкпе эмфиземасы, өкпенің деструктивтік аурулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет