Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары


Ісіктің пайда болу көзіне байланысты бөлінеді



бет28/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Ісіктің пайда болу көзіне байланысты бөлінеді: 1. бронхогендік обыр; ең жиі кездесетін түрі. Өкпе рагы брон- хылар эпителиясынан дамиды; 2. альвеолярлық обыр, олардың пайда болу көзі өкпе альвеола лары эпителиясы.
Ісіктің пайда болған жеріне байланысты бөлінеді: 1. түбірлік (орталықтық) обыр, бағандық, бөліктік жерден шығады және сегменттік бронхының бастамасында болады; 2. перефериялық (шеткерлік) обыр, бронхылардың, бронхи- олдардың майда бұтақтарынан және альвеолалардың эпите-лиясынан шығады; 3. аралас (массивті) обыр.
Бронхының ішкі қуысына қатынасына қарай: 1. экзофитті (эндобронхиальды), ісік бронхы ішіне карай шығып өседі; 2. эндофитті (экзобронхиальды және перибронхиальды), бронхы қабырғасының ішіне еніп өсуі немесе оның сыртына өсу.
Макроскопиялық пішініне қарай айырылады, обыр: 1. бляшка пішіндес; 2. полипозды; 3. эндобронхиальды жайылған; 4. түйінді; 5. тармақталған; 6. түйін-тармақты.
Гистологиялық құрылымына қарай ісіктер бөлінеді: 1. жалпақ жасушалық мүйізделінген обыр; 2. жалпақ жасушалық мүйізделінбеген обыр; 3. аденокарцинома; 4. дифференсацияланбаған обыр.
Түбірлік (орталықтық) обыр. Бұл түрі өкпе обырының 65-70% құрайды, демек жиі кездеседі. Бронхылардың немесе бронхылар бездерінің эпителийлерінен дамиды. Әуелгі кезде бляшка (бұлтық) немесе түйіншек тәріздес болады, бара-бара ісік экзофитті немесе эндофитті өсулері мүмкін, сондықтан жоғарыда айтылған пішінде дамиды. Егер ісік бронхы өзегінің ішіне қарай өссе, ол жылдам бронхыны бітейді; өкпе ате-лектазы пайда болады, ол ошақты пневмония болып асқынады. Егер обыр эндофитті өссе, ол бронхы қабырғасына енеді, одан Әрі көкірек ортаға, перикардқа және өкпеқапқа өсіп өтеді. Гистология жағынан бұл жалпақ жасушалы мүйізделінбеген немесе мүйізделінген обыр. Кейде ісіктің құрылымы аденокарцинома болуы мњмкін (11.8-сурет) немесе дифференцияланбаған обыр болады.
Шеткерлік (перифериялық) обыр ісіктің бұл түрі өкпе обырының 25-27% құрайды. Ол майда бронхылардан өседі жиі экспансивті болады және клиникалық тұрғыдан белгісіз өседі, ол белгіні беруі қашан бронхыларды сығады немесе бронхыға еніп өседі. Осы жағдайда өкпе ателектазы пайда болады. Пневмония симптомдары көрінеді. Кейде перифериялық обыр өкпеқапқа еніп, шашылып, тарап өседі. Сірнелі-геморрагиялық плеврит пайда бола¬ды және экссудат өкпені сығады. Гистологиялық құрылымынан перифериялық обыр аденокарцинома сипатын алады, сиректеу жалпақ жасушалы немесе дифференцияланбаған болып келеді.
Аралас (массивті) обыр -Өкпе обырының бұл түрі 2-3% кездеседі және массивті жұмсақ түйін болып көрінеді, өкпенің біраз көлемінің орнын басады, өкпенің көп бөлігін алады. Гистологиялық құрылымынан бұндай обыр әр түрлі құрылымда болады.
Өкпе обыры метастаздалады ол перибронхиальдық және бифуркациялық лимфаныћ түйіндерінде лимфогенді дамиды. Бауырға гематогендік метастаздар жылдам қосылады, бас миына, омыртқаларға және басқа сүйектерге, бүйрек үсті безіне тарай- ды.
Өлім. Аурулардың өлімі обырдың асқынуынан болады — пнев-мония, абсцесс, өкпенің шіруі, өкпеден қан кету, солармен бірге метастаздардан және кахексиядан болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет