Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары



бет23/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
ТЫНЫС ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫ:-Тыныс жүйесі ағзалары қоршаған ортаның патогендік факторларының ұдайы тұрақты тікелей әсерінде болады. Оларға жататындар вирустар мен бактериялар, көптеген химиялық және физикалық тітіркендіргіштер, тыныс ағзаларына дем алған ауамен бірге түседі. Осы факторлар тыныс жолдарының ауруларын шақырады, олардың ішінде ең жиі кездесетін трахея, өкпе, бронхылардық жіті қабыну аурулары, өкпенің созылмалы абструктивтік аурулары (ӨСАА) және өкпе обыры.
БРОНХЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ӨКПЕЛЕРДІӨ ЖІТІ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ
Дәрігерлердің көбіне мән беретіні жедел бронхит, крупоздық пневмония, ошақты бронхопневмония және интерстициальдық пневмония.
Жедел бронхит-әр түрлі инфекциялық қоздырғыштардың әсерлерінен дамиды. Бұларда дененің тоңуы, алынған ауаның шаңдалуы, дененің ауыр зақымдары ағзаның беріктілігінің төмендеуіне әкелетіні үлкен мән алады.
Жіті бронхиттің морфогенезі. Бронхылардық, бронхиолдардың қабынуы, әлбетте катаральдық сипат алады, бірақ экссудат сірнелік, сілекейлік, іріңдік, фибриноздық немесе аралас болуы мүмкін. Бронхылардың сілемейлік қабығы гиперемияланған болады, жасалған сілемей мөлшері кенет көбейеді. Жыбырлық эпителия түктерін жоғалтады, ұшып түседі, осының бәрі сілекейдің бронхылардан шығуын қиындатады. Бронхы қабырғаларындаісіну дамиды,қабырғалар лимфоциттермен, плазмалық жасушалармен, нейтрофильдік лейкоциттермен инфильтрацияланады. Жиналған слемей оладың шығуының бұзылуына байланысты өз құрамындағы жіті инфекция қоздырғышарымен бірге юронхы тарауларының төменгі бөліктеріне ығысып түседі, сөйтіп бронхиолдарды бітейді. Осының нәтижесінде өкпе паренхимасының сәйкес бөліктерінде ателектаз пайда болады. Аяқталуы; жіті бронхит әдетегідей сауығумен аяқталады.Өкінішке орай кей жағдайда созылмалы турге айналады.
Крупозды пневмония-(бөлшектік пневмония, плеврапневмония) — жедёл инфекциялық ауру, өкпе бөлігінің, міндетті түрде процесте өкпеқапты қоса қабынуымен сипатталадьь Бұл пневмонияныө қоздырғыштары пневмококтар болып табылады, олар өз әсерлерін алдын ала сенсибилизацияланған және әлсіреген ағзаға эсер ету арқылы көрнектіленеді..
Крупозды пневмония


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет