АЛЬВЕОЛАЛАРЛЫҚ АУА АЛМАСУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ-Бұл бұзылыстар оттегі мен көмірқышқылы газы өкпе альвеолаларында алмасының бұзылуымен бірге жүреді. Олардың ішінде негізгісі альвеолаларлық гиповентиляция, альвеолалар вентиляциясының көлемі өлшем бірлік уақытта ағзаға қажетті деңгейден төмен болуымен сипатталады.
Оның себептері болуы мүмкін: 1. тыныс алу жолдарының ауаны өткізуінің төмендеуі, бронхылардың ісікпен, қанмен, құсық заттарымен абструкциясынан (жабылуынан) болады, тыныс демікпесі ұстамасында бронхиолдар тарылуынан дамиды және басқалар; 2. өкпелердің кеңею дәрежесінің төмендеуі, ол ошақты-кілегейлі пневмонияда, бронхыларда немесе өкпе ұлпаларында ісік болғанда, өкпе тінінде склероз дамығанда сонымен бірге өкпеқап қабынуында, өкпеқап қуыстарында қанның, жалқықтың, транссудаттың, ауаның жиналуында болады; 3. тыныс алу реттелуінңің механизмдерінің бұзылыстарында, олар тыныс орталығы деңгейінде немесе афференттік және эфференттік жолдарда болады, бас сүйек-милық жарақаттарда ми тінінің зақымдануымен бірге жүреді.
Альвеолаларлық гиповентиляцияның көріністері келесі тыныстың дерттік түрлерінің дамуымен тәмамдалады: 1. апное — тыныстың жоғалуы; 2. Биоттық тыныс; ұзаққа созылмайтын тыныстық қозғалыстар кезеңі, бірнеше секундке созылатын апноемен алмасады; 3.Чейн-Стокстық тынысы, тыныс алу қозғалыстарының жиілігі мен тереңдігі бірте-бірте жоғарылап барып, біртіндеп төмендейді, ол ұзақтығы 5—20 с апное кезеңімен ауысады; 4. Кусемаулдық тынысы, тынысты терең емес ішке алу және қорылмен сыртқа шығарудан кейін апное кезеңімен алмасуымен көрінеді.
Альвеолярлық өкпе гипервентиляция уақыттық өлшем бірлігінде өкпе вентиляция көлемі ағзаға қажетті көлемнен жоғарылап кетуімен сипатталады. Бұлардың себептері болуы мүмкін, мысалы, өкпенің адекватты емес жасанды вентиляциясы, мидың шайқалуы, миға қан құйылу, бас сүйегі ішінде ісік және басқалар.
ӨКПЕДЕГІ ҚАНАЙНАЛЫМ БУЗЫЛЫСТАРЫ-Өкпенің қанмен перфузиясының бұзылыстарының себебі болып табылады: 1. кіші және үлкен қанайналым шеңберлерінің тамырларында қанның ағысының бұзылыстары; 2. кіші қанайналым шеңберінің тамырларында гипертензия кезінде және өкпеден қанның шығуының бұзылуынан өкпе перфузиясының бұзылуы; 3. кіші қанайналым шеңберінің тамырларында гипертензия, оларда қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Өкпелерде қанайналым және вентиляция бұзылыстарының әр түрлі тірлерінде, олардың альвеолаларда өзара қатынасы және газдар диффузиясы тыныс жетіспеушілігіне әкеледі. Тыныс жетіспеушілігі — сыртқы тыныс жүйесінің патоло- гиясының типтік түрі, ағзаға қажетті газалмасу деңгейін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан гипоксиямен гиперкапния көріністері болады.