Ұйымдары арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және көрсетілген қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
Ұйымдары арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және көрсетілген қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
Құжаттар толық ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттардың берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі немесе портал арқылы жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған кезде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді немесе портал арқылы жолдайды.
Аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсіміне қатысуға өтініш қабылданды.
Осы хабарлама жіберілді "____" __________20___жыл
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы шағымдықарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.
Көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуғажатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күніішінде қаралуға жатады.
Егер ҚР өзгеше көзделмесе, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.