Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылдаған кезде білім беру ұйымы басшысы орынбасарының, әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің бар біліктілік санаты қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі – біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасарын қайта аттестаттау
1) Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары қайта аттестаттаудан тиісті деңгейдегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жылдан кейін өтеді.
2) Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
3) Қайта аттестаттау кезінде Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылдаған жағдайда, бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
5) Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан Комиссия хатшысы мен мүшелері қол қояды және басшының цифрлық профилінде жарияланады.
«Өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негіздемесі бар, Комиссияның барлық мүшелері қол қойған жазбаша хабарламаны аттестатталушының электрондық поштасына немесе басшының цифрлық профиліне жібереді.
2. Педагогтардың біліктілік санатын анықтау мақсатында аттестаттау.
Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамы
кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.
біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
ПББ және эссе жазу (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер бойынша оқытушыларын қоспағанда);