Гуманистік психологияның негізгі ұстанымы
- Адамзаттың өміріне холизмдік (біртұтас) көзқарасты басшылыққа алады.
Барлық адам тумысынан, болмысынан ізгі болады деген көзқарасты ұстанады.
К.Юнг психологиялық функцияның төрт түрін көрсетеді: ойлау, сезім, түйсік және интуиция.
Ойлау сезіну рационалды (өйткені олар ақылға бағына әрекет етеді);
Түйсіну мен интуиция иррационалды(олардың қызметі ақылға сүйенбейді)
Адамның қажеттіліктер иерархиясы (А. Маслоу)
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер
Негізгі өмірлік қажеттіліктер: ауа, тамақ, су, баспана, жылу, қатынас, ұйқы және т.б.
Қауіпсіздік қажеттілігі
Қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық
Әлеуметтік қажеттілік
(әлеуметтік орны)
Өзін – өзі сыйлау
(табыс, мәртебе)
Рухани қажеттілік
Мәңгілік рухани құндылықтарға мұқтаждықтың қанағаттанбауы метапатологияға әкеліп соғады.
Метапатология- жұтаңдану. А. Маслоудың қолданатын бұл термині психикалық ауытқуларды белгілеуге, метоқажеттілік фрустрациясының нәтижесінде дамуға арналған (мысалы: апатия- немқұрайлылық, депрессия-күйзеліс, цинизм-арсыздық, әдепсіздік).
Десакрализация- жалпы адамзаттық құндылықтармен моральдан түңіліп кеткен жастардың бойында пайда болған психологиялық қорғаныс механизмі. Ол көбінесе өмірде кездесетін үлкендердің сөзі басқа, ойы басқа, ісі мүлде бөлек болуына байланысты болады. Бұл екіжүзділік жас адамдардың скептиктерге айналуына, жалпы адамзаттық құндылықтармен моральға сенбеуіне, соңғы нәтижесінде өзіне қол жұмсауға әкеп соқтырады.
Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиыны.
Дәріс 4. Қазақ халқының дүниетанымындағы өзін-өзі тану мәселесі. Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім
«Жетілудің негізі – кенді, жүректі жетілдіру, бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз» «Адамның тәні мен жаны табиғаттан жаралған, тән қажеттілігімен ғана өмір сүретін адам, хайуаннан айырмашылығы жоқ, тек қана жаннан шығатын –өзіңді түсінуге ұмтылыс, жауыздықтан қашып, қайырымдылық іс жасауға талпыну –адамды адам етеді»
Абай Құнанбайұлы (1945-1904)
«Өзіңді-өзің танысаң, істің басы...»
«Адамның екі қажеттілігі бар – дене және жан қажеттіліктері. Өзін өзі күту, өзін–өзі жақсы көру, менменшілдік пен атаққұмарлық–бұл дене қажеттіліктері. Ұят, адал қызмет етуге тырысу – жан қажеттіліктері»
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
«Біздің нақты болмысымыз – шындық,
Шындық – ақиқатты түсіндіруші»
«Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің»
«Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы»
Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
Достарыңызбен бөлісу: |