Дәріс Ғылыми білімнің әдіснамалық негіздері


Дидактикалық зерттеулердің типтері мен мазмұны



бет6/10
Дата09.10.2024
өлшемі420,1 Kb.
#147299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
дәріс тезистері

Дидактикалық зерттеулердің типтері мен мазмұны



Зерттеудің атауы

Мақсаты

Мазмұны

1

Әдіснамалық зерттеулер

педагогика ғылымының және оның салаларының дамуының заңдылықтары мен даму үдерістерін, педагогикалық ғылым мен практиканың байланыс тәсілдерін, педагогикалық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын көтерудің ұстанымдарын айқындау және олардың практикаға ықпалын күшейту

- дидактиканың пәні;
- практикаға бағдарланған дидактикалық теорияны жасаудың тәсілдері;
- дидактиканың басқа ғылымдармен арақатынасы;
- оқытуды ғылыми негіздеудің құрамы мен деңгейлерінің мәселелері;
- оқытудың дидактикалық категория ретіндегі тиімділігі

2

Іргелі зерттеулер

- педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу;
- педагогикалық ақиқаттың түпкі негізін табу;
- бұл негіздердің ғылыми түсіндірмелері

- оқыту мен тәрбие теориясы;
- білім беру мазмұнының теориясы;
- оқыту әдістерінің теориясы;
- оқытуды ұйымдастыру формаларының теориясы;
- оқыту нәтижесін жоспарлау теориясы.

3

Қолданбалы зерттеулер

практиканың нақты кемшіліктерін түзетуге бағытталған

-анықталған кемшіліктерді жою әдістері;
- әрекет жобасы;
-практика үшін тұжырымдар

Берілген жіктемені М.А. Данилов шартты және салыстырмалы деп есептеді және жоспардағы қойылған мәселе деп қарастырды. Кейінірек ғылымтануда зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолданбалы зерттеу және жасалымға арналған база құрады. Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді. Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады. Олар ғылым және тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теоретиктер мен практиктерді байланыстыратын аралық буын рөлін атқарады.


Ғылыми ізденістің тиімділігіне көбінесе зерттеу кезеңдерін дұрыс тізбектей орналастыра білу және олардың нақты қадамы шынайы нәтижеге жеткізуі, яғни зерттеу логикасы себепші болады.
Педагогикалық зерттеудің әрбірі жеке сала ретінде қарастырылатын әдіснама, дидактика, тәрбие теориясы, педагогика тарихы, мектептану сияқты пәндердің шекарасында жүргізіледі. Әрбір пәннің көлемінде іргелі де, қолданбалы зерттеу де болуы мүмкін. Бұған дәлелді біз педагогикалық іс-әрекет түсінігіне талдау берілген В. В. Краевскийдің жұмысынан табамыз. Ол өзіне тәрбиешілер, мұғалімдер іс-әрекетін ғана емес, сонымен қоса, педагогика саласындағы ғылыми іс-әрекетті, мұғалімдерге педагогика ғылымындағы материалдардың берілуін, педагогика саласындағы ғылыми әрекетті бағыттайтын және реттейтін басқарушылық жұмысты да қамтиды. Бұндай кең түсінік бізге әрбір педагогикалық пәнде іргелі және қолданбалы зерттеу болуы мүмкін деген негіз береді.
Жіктелу нысандарының белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, зерттеудің тәуелсіз жіктелінген топтамаларға бөлінуі – ғылыми-педагогикалық зерттеу жіктелуінің негізіне фасетті әдіс лайық. Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді. Бірінші фасет – зерттеу міндеттері - ғылыми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргізетін жұмысы сипатталады. Екінші фасет – зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін көрсетеді. Үшінші фасет – зерттеу нәтижелерін пайдаланушы ұйымның мекен-жайы – ғылыми және тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды. Төртінші фасет – құжат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі қырларын сипаттау берілген фасетке тән және көпқырлы белгілерін көрсететін фасеттің әрқайсысына көптеген терминдер енеді. Сонымен, зерттеу міндеттері: сипаттау, анықтау, негіздеу, жасау, айқындау, толықтыру, жүйелеу, жетілдіру, дамыту, нақтылау, талдау (тұжырымдаманы, болжамды, әдістемені, әдісті, білім мазмұнын және т. б.) болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері тұжырымдамаларды, ұстанымдарды, заңдылықтарды, болжамдарды, жіктеулерді, әдістемелік нұсқауларды, ұсыныстарды, оқу құрал-жабдықтарына талаптарды және т. б. қамтиды.
Дидактикалық зерттеулер – педагогика ғылымы мен педагогикалық практиканы байланыстыратын тізбектің органикалық бөлігі. Дидактика-педагогика ғылымының қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға қойылатын аса жауапты міндеттерді шешу барысында үнемі дамып отыратын, білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, талаптарын, шарттарын, оны ұйымдастыру әдістері мен формаларын және технологиясын, оқыту нәтижелілігін зерттейтін құрылымы қалыптасқан маңызды да күрделі саласы. Дидактиканың тарихи тамырларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептегі пәндерді оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын жүйелеу, білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, жаңа сапалы білімге қол жеткізу үшін құнды болып табылады.
Өзінің 300 жылдық даму тарихында оқытудың мәнін ашатын көптеген дидактикалық тұжырымдамалар пайда болды. Олардың бәрі де осы кезге дейін мектептерде білім беру мен тәрбиелеу тәжірибесіне үлкен ықпал етіп келді және әлі де ықпал ете береді. Дидактикалық тұжырымдаманың мәні мен мазмұнын сипаттау үшін оны жіктеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жіктеудің негізі жалпы дидактиканың зерттеу пәні ретінде есептелетін оқу үдерісі болып табылады. Бұл жөнінде көптеген ғалымдар өз көзқарастарын білдірді. Осыған сәйкес, дидактикалық тұжырымдама үш топқа бөлінеді: дәстүрлі, педоцентристік және қазіргі заманғы дидактикалық жүйе. Әр топтың өзіндік теориясы мен белгілі бір бағыттары бар. Солардың бірі (Ч. Куписевич, П.И. Пидкасистый бойынша) дидактикалық зерттеулердің басты пәні сабақ беру үдерісі (дәстүрлі дидактикалық жүйе) және тәрбие үдерісі (педацентристік жүйе) немесе оқыту үдерісі (дидактиканың қазіргі жүйесі) болатынына тәуелділігіне байланысты жүзеге асады. Басты рөлді сабақ беру мәселесі алатын дәстүрлі жүйеге Я.А. Коменскийдің, Песталоццидің, А. Беллдің, Д. Ланкастердің, И.Ф. Гербарттың тұжырымдамалары жатады.
Оқушы іс-әрекетіне басымдық берілетін педоцентристік жүйеге ХХ ғасырдың бас кезіндегі Д. Дьюи, Г. Кершенштейнер және В. Лай теориялары жатады.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйеде оқыту мен оқу өзара бірлікте. Дидактикалық тұжырымдама шеңберінде бағдарламалап оқыту, мәселелеп дамыта оқыту, гуманистік психология, когнитивтік психология, психодидактика, педагогикалық технология және педагогикалық ынтымақтастық т. б сияқты әртүрлі бағыттарда жұмыс істейді.
Педагогиканың даму барысында дидактика барынша үлкен дәрежеде өз алдына зерттеу пәні бар жеке педагогикалық ғылыми пән мәртебесін иемденген пән болып табылады. Дидактиканың пәнін анықтауда теория мен практиканың бірлігі туралы таным теориясының іргелі мәні бар. Дидактика практикаға, практикалық педагогикалық әрекетке айналған, сондықтан, дидактиканың басты қызметі оқыту практикасының ғылыми тұрғыдан негізделуінде. Дидактиканың пәнін міндетті анықтауда басшылыққа алынатын екінші жалпы әдіснамалық қағида – адамның танымының белсенділігі туралы тезис. Сөйтіп, ғылыми дидактиканың әдіснамалық негізі мәнді өзгерту мен танудың теориясы мен әдісі түріндегі материалистік диалектика болып табылады. Дидактика әдіснамасы мәселесіне көптеген педагогтардың еңбектері арналды. Бұл еңбектерде оқыту теориясының әдіснамалық негізі таным теориясы екендігін бірдей түсіну орын алған. Дидактика практикамен тығыз байланыста дами отырып, ірі жетістіктерге жетті.
Оқыту теориясының өзіндік заңдары мен заңдылықтарын, ұстанымдарын, қағидалары мен тұжырымдамаларын анықтауға және оларды әдіснамалық тұрғыдан зерттеуге С.И. Архангельский және т. б өз еңбектерін арнады. Жалпы білім беретін мектепте оқыту теориясы құрылымдық, қолдану және одан әрі дамуы жағынан оқытудың дидактикалық әдісінен шығады және осы әдісті теория мен оқыту үдерісі тұжырымдамасының барлық байланыстары мен қатынастарында пайдаланады. Мектептегі оқыту теориясының әдіснамалық бастауы таным үдерісін қозғалыста, қайшылықтар дамуында қарастыратын таным теориясы болып табылады. Дидактика танымды күрделі қайшылықты білмеуден білуге, толық емес білуден неғұрлым толық та терең білуге, объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарды танудан олардың мәнін, заңдылықтарын, байланыстары мен қарым-қатынастарын тануға қарай жүретін үдеріс ретінде қарастырады.
Оқыту теориясының ұстанымдары, заңдары, ережелері мен тұжырымдамалары жоғары мектепте оқу үдерісі жүйесі құрауыштарының түсінік алаңын құрастыру, оны басқару, реттеу және бақылау үшін қарастырылады. Зерттеушілер дидактика заңдылықтарын неғұрлым ғылыми мәнділік тұрғыда дамытады, оқыту теориясы үшін жалпығылыми ұстанымдар мен әдістерді тарту мүмкіндіктерін іздейді. Бұл жерде С.И. Архангельскийдің жоғары мектепте оқыту теориясын жасаған ғылыми мектебінің маңызын атап өтуге болады. Ғылыми мектеп өте нақты, әдіснамалық тұрғыдан негізделген жоғарғы мектептің өзіндік оқыту теориясының заңдарында тұжырымдамаларын ашып анықтады. Осы сияқты, В.И. Загвязинский, Л.И. Гриценко оқыту мен тәрбиелеудің, педагогикалық мақсаттылықтың теориялық және практикалық мәселелерінің, мақсатқа жетуге ықпал ететін объективтік және субъективтік факторлардың есебі мен қолданылуының әдіснамалық мәселелерін зерттеп келеді. Олар оқыту мен тәрбиелеудің қозғаушы күшінің әдіснамалық тұжырымдамасын дамытып, қарама-қарсы жақтың табысқа жету шамасының бірлігінің, үйлесімділігін, тәсілдерінің ұстанымдарын нұсқау ретінде ұсынады.
Болгар ғалымы И.Марев өзінің «Дидактиканың әдіснамалық негіздері» монографиясында жалпы әдіснамалық мәселелермен (жалпы дидактиканың мәселелері, пәні, құрылымы, басқа ғылымдармен байланысы және т. б) қатар теориялық мәселелер де (оқу бағдарламаларын құрастыру, интеллектіні дамыту, оқулықтың функциялары мен оны құрастыру, оқытуда компьютерлендіру және т. б) қарастырады.
Дидактикалық зерттеудің типтері және олардың мақсаты мен мазмұнын 4-ші кестеден көруге болады. Дидактикалық зерттеудің пәні оқу үдерісінде, оның барысында, әдісінде, құралдары мен ұйымдастырылуында қойылған мақсатқа сай көрінетін барлық саналы дидактикалық қызмет болып табылады.
Барлық ғылыми зерттеулер оның әдіснамалық негізделуінен басталады. Ю.К.Бабанскийдің пікірі бойынша, әдіснамалық негіздеу зерттеулер тұжырымдамасынан (мәселенің тарихи-логикалық талдауы, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі – құрылымдық талдау, оның сипаттамасына біртұтас тұғыр тұрғысынан келу, педагогикалық құбылыстың даму үлгісі болып табылатын қарама-қайшылықтарды айқындау, қарастырылып отырған педагогикалық құбылыстың, үдерістің және басқалардың дамуының заңдылықтарын анықтау сипаттамалары және т. б.) негізі болып табылатын туыстас ғылымдар көздеріне талдаудан тұруы керек.
Ғалымның дидактикалық зерттеулердің әдіснамалық негізділігін талдауынан оның материалистік диалектиканың заңдары мен категорияларын дидактика мәселесін зерттеуді ғылыми қамтамасыз етуге пайдаланғанын байқаймыз.
Оқу үдерісінің әдіснамалық негіздерін қарастырған кезде оның әдістерін анықтау өте маңызды. Педагогикалық әдебиеттерде мұндай әдістерді көптеп кездестіруге болады. Мысалы, Л.В. Занков дидактикалық зерттеуде байқау, талдау және тәжірибені жалпылау, дидактикалық эксперимент әдістерін қолданған. Ол зерттеудің әдіснамалық аспектісіне көңіл аударуды ескерту және экспериментті педагогикалық зерттеудің жетекші әдісі ретінде қолданады.
Педагогикалық әдебиеттерде дидактикадағы лабораториялық эксперименттің мүмкіндіктері туралы арнайы қарастырылған. Дидактикалық зерттеулердегі лабораториялық эксперимент сенімді мәлімет алуды қамтамасыз етеді. Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін белгілі ресейлік ғалым В.И. Загвязинский тұжырымдады. Дидактикалық зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарына ол жалпы ғылымилық және объективтілік ұстанымдарын зерделеді.
Педагогикалық зерттеу үшін аса маңыздысы - әрбір зерттеуде нысанның тарихы (генетикалық қыры), сонымен қатар оның теориясын (құрылымы), қызметтерін, қазіргі жағдайдағы нысанның байланыстарын үйлестіру. Тарихи талдау тек белгілі бір педагогикалық тұжырымдама тұрғысынан ғана мүмкін болады, ал теориялық талдау нысанның генезисін (шығуы, пайда болуы) зерделемейінше мүмкін емес. Қарастырылған ұстанымнан сабақтастық, жинақталған тәжірибені және практиканың дәстүрлерін, педагогиканың бұрынғы жетістіктерін есепке алу талабы туындайды.

№3 дәріс тақырыбы: Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері.



  1. Зерттеу әдістемесін өңдеу әдісі.

2. Психологиялық-педагогикалық зерттеу принциптері.
3. Зерттеу әдістерін топтау.
1. Педагогикалық ғылыми зерттеудің нәтижелі болуы оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуына тәуелді. Педагогикалық зерттеудің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, тарихи-педагогикалық зерттеу, әдіснамалық, дидактикалық-әдістемелік т.б. Зерттеуші ғылыми зерттеу әрекетінің мақсатын, міндеттерін анықтап алып, зерттеу әдістерін іріктейді. Педагогика ғылымындағы зерттеу әдістерінің үнемі жетілуі оның дамуына өз әсерін тигізеді.
Әр әдістің өзіндік мәні мен қызметі бар. Олардың әрқайсысы педагогикалық құбылыстың бір немесе бірнеше қырларын ғана зерттеуге бағытталады және бір-бірін толықтырып, тығыз байланыста қызмет етеді. Бір әдістің зерттеудің ақиқатты нәтижесін беруге әлеуеті жеткіліксіз, сондықтан зерттеуші әдістерді бір жүйеге келтіріп, зерттеу барысында оларды бірізділікпен қолданып отырады. Педагогикадағы зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы,механизімі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.
Педагогикалық зерттеулерді теориялық және қолданбалы деп екіге бөлуге болады. Теориялық зерттеулер арнайы ғылыми мақсатпен байланысты жүргізіледі. Қолданбалы (ғылыми-практикалық) тікелей практикадағы мәселелерді шешу және жетілдіру мақсатында практик-мұғалімдер жүргізетін зерттеулер деп түсінуге болады. Қолданбалы зерттеулер бірнеше (стадия) кезеңдерден тұрады: мәселені дайындау, оны практика жүзінде шешу, алынған мәліметтерді сандық өңдеу, интерпретациялау, қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдау. Педагогика ғылымында эмпирикалық, яғни тікелей практикадан алынған мағлұматтарды талдау және жалпылауда, ғылыми теориялар жасап, ғылыми қағидаларды негіздеуде теориялық әдістер тобы қолданады. Теориялық әдістер педагогика мәселелері бойынша классиктер еңбегін зерттеу; педагогикадан жалпы және арнайы жұмыстарды зерттеу; педагогикалық баспа сөз материалдарын зерттеу; мектеп, тәрбие, мұғалімдер жайында кӛркем әдебиеттерді оқып- үйренуді; педагогикалық және басқа ғылымдар саласына қатысты анықтамалық әдебиеттерді, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды зерттеумен байланысты. Бұл әдебиеттерді зерттеу көтеріліп отырған мәселенің қай жақтары жақсы зерттелген, қандай жақтары бойынша ғылыми пікірталастар бар, қандай аспектілері шешілмегенін анықтау мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет