Дәріс Ғылыми білімнің әдіснамалық негіздері



бет10/10
Дата09.10.2024
өлшемі420,1 Kb.
#147299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
дәріс тезистері

Сараптамалық. Осы кезеңде зерттеу нысаны туралы жалпы түсінік қалыптасады. Бұл оқыту мен тәрбие амалдарының тиімділігі немесе тиімсіздігінің деректері туралы, оқушының белгілі бір оқу материалын игерудегі қиындықтары туралы, оқытушылар жұмысының жетістігі немесе сәтсіздігі туралы білім болуы мүмкін. Содан соң, ғылымның әр саласына жүргәзәлген талдаулар негізінде жиналған білім негізінде таңдалған зерттеу нысаны туралы теориялық түсінік жасалады. Қалыптасып жұмыс жасап тұрған педагогикалық жүйені жаңалап, жаңғыртуды қажет ететінін анықтау үшін оны жан-жақты тексеріп, сапасын бағалау,зерттеу мәселесі бойынша теориялық зерттеулердің жан-жақты сараптамасын жасау жүзеге асады.
Жобалық. Кезеңнің мақсаты: нысанның ғылыми негізделген түсінігі болу үшін онымен қандай жұмыс атқару керектігін іздестіру. Бұл уақытта жобалау үлгісінде педагогикалық іс-әрекеттің жаңартылған салалары қандай болу керек, бұл іс-әрекетті жақсарту үшін не істеу қажет деген білімдер қарастырылады. Көнерген, тиімсіз үлгілердің орнын басатын жаңалықтарды пайдалануға болатын педагогикалық шешімдердің үлгісі іздестіріледі. Педагогикалық жүйенің жаңартылған саласының инновациялық үлгісін жобалау, жаңалықты іске қосудың тәртібін құрастыру, болашақ тиімді үлгіні нобайлау арқылы жаңғыртуды қажет ететін педагогикалық жүйенің жай-күйінің өлшемдік аппаратын және өлшеуіштерді жасау іске асырылады.
Эксперименттік. Жобалау үлгісін оқу үрдісі жағдайында эксперименттен өткізу, алынған нәтижелерді математикалық өңдеу, тәжірибешілер үшін іс-әрекеттің нақты ережелері, мәліметтер мен нұсқаулары, мұғалімдер, әдіскерлер, ғылыми қызметкерлер үшін ұсыныстардайындау осы кезеңге сәйкес келеді. Бұл кезеңде сондай-ақ жаңалық нәтижесінде оқытушы еңбегінің сапасының өсуі дәлелденеді. Кәсіби лексикаға жаңа ұғымдарды енгізу және барларын нақтылау, зерттеу нәтижелерін іс жүзінде қолданусияқты әрекеттер жүзеге асады.
Педагогикалық зерттеу нәтижелері әрдайым оларды тұтынушылар: оқытушылар, мұғалімдер, тәжірибешілер т.б. бағытталғандықтан, олар педагогикалық іс-әрекетті жаңарту бойынша әдіснамалық әзірлемелерді басшылыққа ала отырып, оны іс жүзінде қолдану міндеттерін шешеді.
Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайларда білім беру мен тәрбие саласындағы ғылыми әзірлемелер авторларының зерттеу жұмысының басында-ақ болашақ өнімнің белгіленген өлшемдерін, пайдаланушылар дәрежесін, сәтті пайдалану шарттарын, алдағы оң нәтижелерін, жұмыс қорытындысын білім беру қызметі нарығына ұсыну түрлерін жобалауға мүмкіндігі бар.
Педагогикалық зерттеулердің ұйымдастырылыу кезеңдерін нақтылау мына төмендегіні көрсетеді:

  1. Зерттеу мәселесімен жалпы танысу. Оның көкейкестілігі мен (өзекті мәселе) зерттелу жағдайын негіздеу. Зерттеудің тақырыбын, нысанын, пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсаттарын талдау, міндеттерін айқындау.

  2. Зерттеудің бастапқы әдіснамалық тұжырымдамасын тірек ететін теориялық ережелерді және зерттеудің болашақ нәтижелерін анықтау.

  3. Ақиқаттығын дәлелдеуге тура келетін зерттеудің теориялық құрылымы болып табылатын оның ғылыми болжамын құру.

  4. Зерттеу әдістерін таңдау (айқындау). Зерттеу пәнінің бастапқы деңгейін анықтау мақсатында айқындаушы эксперимент жүргізу. (Диагностикалық жұмыстар).

5.Қалыптастырушы, өзгертушілік эксперимент жасау.
6.Зерттеу барысында алынған нәтижелерді талдау, безендіру.
7.Зерттеу жұмысы бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Осы ретпен жүргізілген зерттеу жұмыстары дұрыс нәтиже беріп, ғылымға үлес қосуға ықпал етеді. Зерттеуші ізденісін табысты жүргізуі үшін өз жұмысының орындалу ретін жасап, оны уақытылы орындап отыруды дағдыға айналдырғаны жөн. Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесіп отыру, осы мәселемен айналысқан ғалымдармен кездесіп, пікір алысудың да мәні зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет