Қолданбалыпедагогикалық зерттеулер оқу, тәрбие әдістерімен, білім беру мазмұнымен, мектеп ісін жүргізу мәселелерімен, мұғалімдерді дайындаумен байланысты теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталады. Қолданбалы зерттеулердің пәні оқу мен тәрбиені басқарудың ашылған заңдарын іс жүзінде қолдану арқылы жаңа сапаға қол жеткізуді жүзеге асырады. Көп жағдайда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулердің жалғасы болып та жатады.Кейде олардан бұрын да жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда қолданбалы зерттеулер ғылым мен тәжірибені, іргелі зерттеулер мен әзірлемелерді, теориялық және тәжірибелік ұсыныстарды байланыстыратын аралық буын қызметін атқарады.
Зерттеулер-әзірлемелерге бағдарламалар, оқулықтар, нұсқаулы-әдістемелік ұсыныстар жатады. Әзірлемелер қолданбалы зерттеулерді жалғастырады және оларды тәжірибемен байланыстырады. тәрбие мен оқыту бойынша, оқушының әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістері мен түрлері бойынша нақты нұсқаулар бар.
Кез келген педагогикалық зерттеу тәжірибелік педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми дәлеліне қосылған үлес болып табылады. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми дәлел құрылымында түрленуін олардың өзара байланысындағы бірнеше үлгілердің қалыптасу үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Зерттеу қисынын сөз еткенде, әдетте, аралық нәтижелерге жету үшін бірнеше жеке міндеттерді анықтау ойға оралады. Бұл міндеттер мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керектігін айқындауға көмектеседі. Педагогикалық зерттеулердің қисынын түсінікті түрде ұсыну үшін оны педагогикалық іс-әрекеттің эмпирикалық сипатынан абстракциялық үлгілердегі көрінісіне өтуінің бірізді кезеңдері ретінде көруге болады. Бұл кезеңдердің жалпы құрылымдық үлгісі кестеде көрсетілгендей болып бөлінеді: