Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын жалпығылымилық ұстанымдары: 1. объективтілік ұстанымы – құбылысты тудыратын факторларды, жағдайларды есепке алу, объект жайында шынайы ақпарат алуға мүмкіндік беретін зерттеу тұрғылары мен әдістерінің сәйкестігі, фактілерді жинақтау және бағалауда субъективтіліктің болмауы. Бұл ұстаным мына талаптарды белгілейді: дәлелдеу (зерттеудің негізділігі) және ғылыми ізденістің альтернативты сипаты.
2. мәндік талдау ұстанымы – зерттелетін құбылыстың жалпы, ерекше және жеке сипаттарын сәйкестендіру, олардың даму факторлары мен жағдайларын, оларды мақсатты түрде өзгерту мүмкіндіктерін, олардың өмір сүру және қызмет ету заңдарын ашумен байланысты. Бұл ұстаным бойынша педагогикалық құбылыстарды сипаттаудан түсіндіруге, түсіндіруден болжауға көшу белгіленеді. Талаптары: зерттелетін педагогикалық құбылыстың үздіксіз өзгерісте, дамуда болатынын есепке алу қажеттілігі, зерттелетін үрдіс нәтижесін анықтайтын негізгі факторларды белгілеу, зерттелетін пәннің қарама-қайшылығын, оның сандық және сапалық анықталуынашу.
3. логикалық және тарихи бірлік ұстанымы – объектінің тарихын (генетикалық жағы), теориясын (объектінің қазіргі жағдайдағы құрылымы, қызметі, байланыстары) және оның даму бағыттарын зерттеуді ұштастыру. Талаптары: сабақтастық, өткен өмірден жинақталған тәжірибені, дәстүрді, ғылыми жетістіктерді есепке алу.
4. тұжырымдамалық ұстаным – зерттеуде белгілі бір тұжырымдамаға сүйену, оны дамыту жәнежақтау.
5. жүйелілік ұстанымы - жалпы жүйенің ішіндегі жеке бөліктердің бір-бірімен байланысын анықтайды. Бұл ұстанымның мәні мына қағидаларда көрініс тапқан: қоршаған ортамен салыстырғанда жүйенің бітұтастығы, оны ортамен тұтастықта зерттеу (білім беруді әлеуметтік және экономикалық дамуды қарастыру); тұтастықты элементтерге ажырату; жүйенің барлық элементтері өзара күрделі байланыстарда және әрекеттесуде болады, оның ішінен жүйеқұраушы байланысты табу қажет және т.б. Талаптары: тұтастық.
6. тұлғалық ұстаным – адамның даоалық ретінде және адамгершілік дамуы мен құрметке деген құқығын, тұлғаның ерекшелігін мойындауды талап етеді.
7. іс-әрекеттік ұстаным – жеке адам дамуындағы негізгі құрал және шешуші жағдай: фактілер педагогикалық зерттеу және практикада тұлғаның іс-әрекеті нәтижесінде дамып отырады. Оның мағынасын А.Н.Леонтьев өз еңбектерінде былай деп жазды: «Адамға мәдениеттің жетістіктерін меңгерту үшін әрбір жаңа ұрпақ өз қызметтерін көрсетулері, ұсынулары тиіс. Сондықтан, әрбір тәрбиеленуші өз бетімен өмір сүруге даярлануда және әрқилы әрекеттерге даярлануда маңызды деген әлеуметтік, рухани қарым-қатынас жасай білуге үйренуі ӛтемаңызды».
8. мәдениетке сәйкестік ұстаным - адамның мінез-құлқы, қызметі, шығармашылық қызметі өседі. Бала өмір сүреді, оқиды, белгілі бір ортада өседі. Мәдени ұстаным этнопедагогикалық ұстанымға ауысады.
9. Этнопедагогикалық ұстанымда ұлттық, тарихи құндылықтарда оқыту әдістері білінеді. Соңғы кезде ұлттық педагогика негізінде оқыту-тәрбиелеу әдісідамытылуда.
10. Антропологиялық ұстаным - барлық ғылымдардың адамды тәрбие құралы ретінде пайдалану және педагогикалық үрдісте қолдану арқылы жүзеге асады.
2. Педагогикалық принциптер (ПП) – талаптардың көрініс табатын негізгі бағыты. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің басты принциптері: біртұтастық принципі, тұлғалық принципі, іс-әрекеттік принципі, полисубъектілік принцип, культурологиялық принцип, этнопедагогикалық принцип,антропологиялық принцип.
Педагогикалық зерттеулердің басты принциптері:
1. Біртұтастық принципі.
2. Тұлғалық принципі.
3. іс-әрекеттік принципі.
4. Полисубъектілік принцип.
5. Культурологиялық принцип.
6. Этнопедагогикалық принцип.
7. Антропологиялық принцип.
Зерттеу ізденісінің логикасы мен динамикасы бірнеше кезеңдерден тұрады: эмпирикалық, гипотетикалық, экспериментальдық-теориялық (немесе теориялық), болжаулық. Эмпирикалық кезеңде зерттеу объектісі жайында түсінік алынады, шынайы білім беру прктикасы мен ғылыми білім деңгейі мен құбылыстың мәнін түсіну қажеттілігі арасныдағы қарама-қайшылықтар белгіленеді, ғылыми проблема қалыптасады. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі – зерттеудің гипотезасы.
Гипотетикалық кезең зерттеу объектісі жайындағы түсініктер мен оның мәнін түсіну қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықты шешуге бағытталған. Ол зерттеудің эмпирикалық деңгейінен теориялық деңгейіне ӛту жағдайларын тудырады.
Теориялық кезең зерттеу объектісі жайындағы функциональды және гипотетикалық түсініктер мен ол жайындағы жүйелі түсініктерге қажеттілігі арасындағы қарама- қайшылықтарды жеңумен байланысты.
3. Педагогикалық зерттеу әдістерін қолдана білу педагог-практиктердің ӛзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибесін зерттеп, талдап, ӛз жаңалықтарын ашуға да мүмкіндік береді. Ал студенттерге ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін тақырыпта көтерілген мәселеге сәйкес қолдану тиімді зерттеу жұмысы негізінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге жағдай жасайды.
Қандай да бір тақырыпқа байланысты қолдануға болатын ғылыми-зерттеу әдістерінің үлгі ретіндегі жиынтығы:
1.Тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу және талдау;
2. Іс-қағаздарын зерттеу;
3. Жұмыс тәжірибесін зерттеу және сипаттау;
4. Анкеталау;
5. Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу т.с.с.
Дәріс 4. Зерттеу жұмыстарының кезеңдері мен деңгейлері
XIX ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан ғылымның даму беталыстары оны теорияландырудан тұрды. Міне осыдан ғылыми жұмыстардың ең көп тараған іргелі терең, қолданбалы және талдамалық бөлінуі келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е.Гмурман) ғылымдардың бөлінуін басқаша береді: іргелі, теориялық, теориялық – қолданбалы және талдамалық, зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсетеді.
Педагогикалық энциклопедияда білім саласына қатысты зерттеулердің жіктемесі ғылым мен тәжірибенің байланысына негізделіп, педагогикалық зерттеулер іргелі, қолданбалы және әзірлемелер болып үш түрге бөлінетіндігі көрсетілген. Іргелі педагогикалық зерттеулер педагогикалық үрдістің заңдылықтарын, педагогика ғылымының жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын ашады. Іргелі зерттеулердің белгілеріне мыналар жатады: ғылым үшін аса маңызды заңдылықтар, ұстанымдар және фактілерді анықтауда пайда болатын теориялық тұрғыда өзектілік; тұжырымдамалылық; тарихилық; т.б.
Іргелі терең зерттеулер, кұбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде, олардың әрекеттерінің тетіктерін, зандар мен зандылықтарын, дамуы мен өмір сүріп, қызмет етуін ашып көрсетуді мақсат етеді.Нақтылы көрінбейтін құбылыстардың мәнін зерттеумен, олардын өзара байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен, оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін айқындайды.