Дәріс Химияны оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар. Топтық және ұжымдық оқыту технологиялары, модульдік технология және дифференциалды оқыту технологиясы



бет4/5
Дата18.10.2023
өлшемі23,53 Kb.
#118905
1   2   3   4   5
Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту ұғымының қалыптасу және даму тарихына үңілсек, ерте кезден-ақ ақыл-ой белсенділігі пәндердін, құбылыстардың, процестердің мәніне терең енуіне, есте қалдыруына мүмкіндік беретіні белгілі болды. Сократтың дискуссиясының өзіне тән ерекшелігі әңгімелесушіге проблемалық сүрақ қою арқылы, зерттеулердің нәтижелерін табуға бағыттап отырған. Проблемалық оқыту деген оқушының барлық оку материалын өз бетінше оқуы немесе қойылған проблеманы өзі шешуі емес. Мұнда мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың репродуктивті әрекеті, тапсырманы құрастыру және жаттығулар орындау да кіреді. Оқу процесі проблемалық негізде ұйымдастырылады. Бұл оқытудың өзіне тән негізгі белгісі - оқу проблемасын өз бетінше шешу. Проблемалық оқытудың мақсаттары: логикалық, ғылыми, шығармашылық ойлауды үйрету; оқушыларда тек білімді қалыптастырмай, оқу материалын дәлелді және сенімді етіп жасау, ғылыми, диалектикалық-материалистік дүниетаным қалыптастыруға негізделген білім беру; білімнің беріктігін қалыптастыруға ықпал ету, өйткені оқушылардың өз бетімен тапқан ақпараттары есте жақсы сақталады; оқушының эмоциялық өрісіне әсер ету, яғни оларға өз күшінің сенімділігіне, ойлау іс-әрекетінің күрделілігіне қанағаттандыру сияқты сенімдер қалыптастыру; ізденіс және зерттеушілік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру; окушының білуге ұмтылу ынтасына мән бере отырып, оның ілімге деген танымын қалыптастырып, қызығушылығын жебеу арқылы белсенділігін дамыту. Проблемалық оқытуға толық анықтаманы М.И.Махмутов берді. Проблемалық оқыту - бұл дамыта оқытудың бір типі, онда оқушы өз бетінше іздену жүйесі мен дайын ғылыми қорытындыны үйлестіре игереді. Әдістер жүйесі проблеманың принципі мен мақсатын ескере жасалған. Сонымен, проблемалық оқыту - білім беру мақсатындағы бірізділік пен қойылған проблемаларды шешу. Проблемалық оқытудың міндеттерін М.И.Махмутов жалпы және арнайы міндеттер деп екіге бөлді.
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері: оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі; оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту; мектеп оқушыларының диалектикалық-материалистік ойлауын қалыптастыру. Проблемалық оқытудың арнайы міндеттері: білімді шығармашылық жолмен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу; білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (менгерген білімдерді жаңа ситуацияға қолдану) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу; жинақтау; шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және орындалуы қажет: оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру; ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет