тұлға дегеніміз – өзіндік сана қалыптастыру барысында – қарым-қаынас, іс-әрекет жасаудағы адамның әлеуметтік мәні.
Демек, жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, оның маңызды белгілері ретінде саналылық, жауапкершілік, еркіндік, қадір-қасиет, т.б. көрініс береді. Жеке тұлға ұғымын анықтау барысында «адам», «индивид» деген ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады. Адам – бет-бейнесімен, келбетімен, саналы іс-әрекетімен, сөйлеу қабілетімен сипатталатын тірі организм. Яғни ол биологиялық мәнге ие болады. Ал «индивид» латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелік». Бұл сөздің ұғым ретіндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерінің ескерілмеген көрінісін берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категогриялардың мәні де осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптаатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажеттілікке байланысты іске асырылады. Әрбір адам өзінің өмір салты, құндылық бағыттарына сай іс-әрекеттерін бағдарлап отырады. Осыған орай, адамдардың тұрмыс-тіршілігі өзгермелі болады және қоғамнан өз орнын белгілейді. Яғни жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиытығымен ерекшеленеді.
Жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеумен қатар әлеуметтендіру деген термин бар. Өйткені жеке тұлғаның өзі, оның сана-сезімі құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, мәдениетті меңгеру үдерісінде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтенуде тәрбиемен қатаралдын ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толыққұқылы мүшесі болуы байқалады.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, қоршаған ортамен байланыс орнатып, адамдармен қарым-қатына жасауы – күрделі мәселелердің бірі. Өркениетке ұмтылу барысында елдің орнықты дамуының қамтамасыз етілуі үшін қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын басты кезекті міндет және жауапкершілік ретінде қабылдау қажет.
Жеке тұлғаға байланысты философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды.
Қоғамның даму үдерісі барысында тәрбиенің мазмұны өзгереді, педагогика тәрбие субъектісі ретінде адамды қалыптастырады, ал тәрбиелеудің ықпалы оның жетілуіне бағытталған. Бұл тәрбиелеу феноменіне негізгі анықтама береді, яғни педагог – тәрбиелеушілердің қайта көркею қызметі, тәрбиеленушілердің нәтижелі іс-әрекет жасауына игі әсер етуші. Ақыл-ойының өзгеруіне, дүниеге көзқарасына, психологиялық, мәнділік бағыты, жеке білімі және амалдары, сапа өсуінің себепшісі болады және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқымда қолдану.
Әлемдік әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, яғни жеке адамның жан-жақты дамуы мен үйлесімділігі, қазіргі қоғамда әлеуметтік және кәсіптік қызмет талаптарына дайындалу, жеке адам даярлау қабілеті және оның құндылығын қалыптастыру болып табылады.