Дәріс Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы Жоспары



бет2/5
Дата24.11.2023
өлшемі24,17 Kb.
#125606
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 7

Жеке тұлғалық - жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі,тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы, мүдделер сипатында, перцевтивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді.
2. Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші.
Жеке тұлғаның дамуы – объективті шындықтың күрделі процесі. Бұл процесті терең зерттеу үшін қазіргі дамудың құрамдас бөліктерін, атап айтқанда, тән, психикалық, рухани, әлеуметтік және басқа салаларды жеке-жеке бөліп қаратырған дұрыс. Педагогика жеке адамның рухани даму мәселелерін оның білім берудің барлық басқа негізгі компоненттерімен байланысы тұрғысында зерттейді.
Жеке тұлға дамуының заңдылықтары ретінде ішкі және сыртқы жағдайды есепке алу; жеке тұлғаның іс-әрекеттегі өзін-өзі жетілдіруге байланысты белсенділігін ескеру; өзі қатысатын іс-әрекет мазмұны мен түрткіге байланыстылығы; көптеген факторлардың әсер етулері басшылыққа алынады.
Ал оның дамуының қозғаушы күші – қарама-қайшылық. Қарама-қайшылық ішкі, сыртқы және жалпы, жеке болып бөлінеді.
Ішкі қарама-қайшылық адамның өз-өзімен келіспеуі барысында туындайды. Мысалы, адамның өзінің ағзасының дамуы мен жеке өзіндік потенциалына қанағаттанбауы барысында туындайтын қарама-қайшылықтар.
Сыртқы қарама-қайшылық адамның басқа адамдармен, қоғаммен, табиғатпен қарым-қатынасы барысында туындайды. Мысалы, жоғары оқу орнының талаптары мен студент тілегі арасында қарама-қайшылықатар туындауы мүмкін.
Жалпы қарама-қайшылық барлық адамдардың даму барысында туындайды. Яғни материалдық, рухани қажеттіліктер мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қарама-қайшылықтар.
Жеке қарама-қайшылықтар жеке бір адам үшін туындаған қарама-қайшылық. Қарама-қайшылықты шешу жоғары деңгейде іс-әрекет жасау барысында нәтиже береді. Қажеттілік қанағаттандырылған кезде қарама-қайшылық та жойылады. Қарама-қайшылықты шешу барысында адам дамиды, ал даму барысында жаңа қарама-қайшылықтар туындайды.
Жеке тұлға дамуына ішкі, сыртқы көптеген факторлар әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – ең алдымен, оның ағзасындағы, қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер.
Жеке тұлғаның қаыптасуына қоршаған орта зор әсер етеді. Яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлардың әсері. Қоршаған орта макро, мезо және микро болып бөлінеді. Макро-орта дегеніміз – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Мезо-орта дегеніміз – идеологиялық және діни қатынастар, моральдық нормалар мен құндылықтар жататын адамдар және әлеуметтік топтардың өмір сүру ортасы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына белгілі бір мөлшерде табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары да әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет