Дәріс 7. Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы Жоспары: Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі.
«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.
Тұлға – іс – әрекееттің және өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.
Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.
Жеке тұлға жайында түсiнiк. Тәрбиенiң негiзгi мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету.Ал бұл мiндеттердiң табысты шешiмiн беру жеке адамның дамуы қалай өтетiнiн және онын қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететiнiн бiлумен байланысты.Ең алдымен ескертетiн жайт: адамнын дамуында бiр-бiрiне байланысты 2 өзек байқалады:биологиялық және әлеуметтiк.Адам туылғанда тек био-қ тіршілік иесі болып танылады,жеке тұлғалыққа жету әлі ерте.Био-қ нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойымүшелік пісіп жетілуі және қалыптасу процесінің сипатын көрсетіп отырады.Адамның био-қ кемелдену және өзгеру процесі,оның дамуының жастық сатылары мен мінезқұлығында көрініп,осыдан балалық,жасөспірімдік,ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз.Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрі алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді өабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып барады,бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды.Мысалы,нәрестенің жақын адамдарды танып,күлімсіреуі,кейін тілге келуі,тік жүруі,үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары,еңбектенуі және т.б.Өсе келе ол білім алады,моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды әртүрлі жұмыс істеуге ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып,дамып отырады.Адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады.Міне,осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға,субьект,яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады.Демек, «адам» түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік,сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.Ал жеке адам түсінігін алатын болсақ,ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты.Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп,тіл игеруі,санасы,әртүрлі әдеттерімен ерекшеленеді.Жеке адамдық өасиетке ие болу,оның табиғи, биологиялық болмысына емес,қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты.Сонымен жеке адам дегенәмәз адамның қоғамдық сипатын танытып,оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапа мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.С.Л.Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетінсаналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады,яғни өз әрекетін ойластыра біліп,жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы;өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі-жеке адамның мәнді белгілері.Белгілі философ,ғалым В.П.Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды: саналылық, жауапкершілік, еркіндік, жеке басының қадірі,даралық осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағытты қосады.Жеке адамдықтың критерийлерін белгілеумен В.П.Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденумен байланыстырады.
Индивид (лат.individuum-бөлінбейтін) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың,туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі;табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан,құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық үдерісті меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Тұлға - дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының ерекше,қайталанбас әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. ұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады.Ал тегі, құрылымы және нысаны жағынан даралық сипатта болады. Адам тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып қалыптасады. Тұлға ұғымы-отандық психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі,ал оқу тәрбие процесінің ізгілендіруіне орай педагогикада да жиі қолданылатын санатқа айналды. Тұлғалардың әртүрлі таптастырылып саралануын білу мұғалімнің өз шәкірттерінің ерекшеліктерін тез аңғаруына көмектеседі.