Дәріс Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы Жоспары


Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар



бет3/5
Дата24.11.2023
өлшемі24,17 Kb.
#125606
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 7

3. Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар.
Жалпы алғанда, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары ретінде тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттық қасиетпен қатар жеке адамға тән қасиеттерді де жатқызуға болады.
Тұқымқуалаушылық немесе биологиялық фактор – ата-анасының балаға белгілі бір сапалық қасиеттері мен ерекшеліктерінің берілуі. Тұқымқуалаушылықты таситын «ген» грек тілінен аударғанда туа біту дегенді білдіреді. Қазіргі ғылым ағзаның қасиеттері гендік кодпен шифрланатынын, ол ағзаның қасиеттері туралы ақпараттарды сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратындығын дәлелдейді. Тұқымқуалаушылық арқылы әр түрлі нышандар, ойлау, сөйлеу, аурулар берілуі мүмкін. Ата-аналарынан балаға сыртқы бейнелер: дене бітім ерекшеліктері, көздің, шаштың, терінің түр-түсі беріледі. Қан ауруларының (гемофилия), қант диабетінің, ішкілікке салыну мен нашақорлықтың тұқымқуалаушылық сипаты бар. Адамның орталық нерв жүйесіндегі туа біткен ерекшеліктері денені тік ұстап жүру, тілдің дамуы, адамның ойлануы, еңбек етуге қабілеттілігі, музыкаға бейімділігі тағы толып жатқан нышан түрінде болады. Адам дамуы бүкіл өмір бойында жүріп жатады. Ол сан алуан дене күші мен психикасы жағынан, сандық және сапалық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Дене күштері өзгерістеріне сүйек және бұлшық ет жүйесінің, ішкі органдарының, нерв жүйесінің өсуі мен дамуы жатады.
Психикалық өзгерістер, ең алдымен, адамның ақыл-ой жағынан дамуына, жеке басының барлық психикалық сипаттарының қалыптасуы мен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік салдарды алуына қатысты болып келеді.
Абай Құнанбаев айтқандай, «адамдардың біреуі жесем, кисем десе, екіншісі көрсем, білсем» дейді. Адам көп жағдайда өзі-өзі тәрбиелей отырып, өз білім деңгейін көтеруі тиіс. Адамның әрқашан да алдына қойған мақсаты, ерік-жігері оны жетістіктерге жетелейді.
Адамның басқа адамдармен қарым-қатынасынсыз рухани, әлеуметтік, психикалық дамулардың болуы мүмкін емес.
Сыртқы орта әсеріне географиялық, әлеуметтік, отбасындағы жағдайлар, мектеп, достары, микроаудандар жатады.
Бала кезде адамға үй ішіндегі жағдайлар көп әсерін тигізеді. Отбасында адамның даму негіздері қалыптасып, бағыт-бағдар алады. Тірі организм үздіксіз өзгеріп, қоршаған ортаға бейімделіп отырады. Климат ауыстырған кезде басқа климатқа кейбір адамдар тез бейімделіп, ал кейбіреулер өте қиындықпен бейімделуі мүмкін. Табиғаттың өзі де адамның түсінігіне, ішкі дүниесіне әсер етеді, нәр береді.
Климат пен барлық сан алуан табиғат жағдайларының және ресурстарының, географиялық ортаның адамның тіршілік ету салты мен оның еңбек қызметінің сипатына ықпал ететіндігі даусыз.
Биологиялық және әлеуметтік факторлар – бір-біріне параллель емес байланыссыз екі фактор. Олар тұлғаға кешенді түрде бірдей әсер етеді. И.Шванцордың кестесі, осы тұрғыдан алғанда, белгілі бір қызығушылық туғызады. Бұл кестеде адам дамуындағы үш фактордың қарым-қатынасын суреттейді.

Биологиялық

Әлеуметтік

Биоәлеуметтік

Адам – табиғи тіршілік иесі. Тұлғанын рухани қасиетінің биологиялық негіздері болады: іс-әрекет пен туа біткен қабілеттері мен инстинктеріне және адам бейімделетін сыртқы талаптарға сай анықталады. Тәрбие – табиғи дамуды тежейтін үдеріс

Адам биологиялық тірі жан болып туғанымен де, өмір барысында ортаға бейімделіп кетеді. (өзіне жақын әлеуметтік топ ықпалына) Тәрбие – сыртқы орта әсерін реттеуші

Адам – биологиялық та, әлеуметтік те жан. Биологиялық табиғатына психикалық үдеріс тән. Ал оның бағытталуын әлеуметтік орта әсері деп білеміз

Іс-әрекеттің кез келген жағдайында анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орынға ие бола алады (мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.) Олар баланың қабілеттілігінің, іскерлігінің дамуының алғышарттары болып табылады.


Тәрбие мен білім беру барысында адамдардың табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, дамуларының тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет