Пайдаланған әдебиеттер:
Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы: Рауан 1992.– 207б.
Пичугина Н.О., Айдашева Г.А., Ассаулова С.В. Дошкольная педагогика. Ростов на Дону, Феникс, 2004
Болотина Л.Р., Баранов С.П., Комарова Т.С. Дошкольная педагогика. Москва, Академический Проект 2005
В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, Мектеп. 1999. 133-150 б.
Ә.Меңжанова, Г.Исмағұлова, Е.Дайрабаева Мектепке дейінгі педагогика Алмпаты, Мектеп, 1999.
4-дәрісбаян
Тақырыбы: Тәрбиеші қызметіндегі педагогтық әдеп туралы түсінік.
Мақсаты: Педагогикалық әдеп туралы жан-жақты мәлімет беру
Дәріс жоспары:
Әдеп сөзінің мағынасы
Тәрбиешінің педагогикал4ық әдебі
Балалармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас орнату – күрделі іс. Ол педагогтардан жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, іскерлік пен дағдыны қажет етеді. Педагогтық әдеп түптеп келгенде педагогтық тактика болып табылады. «Такт» - латынша «жанасу», «түйсіну», дегеннен, ал «тактика» - грекше «тәртіпке келтіру» деген сөзден шыққан. Біз көбіне осы бір терминді екіншісімен алмастырып жібереміз, педагогтық тактикамен істес бола отырып, педагогтық әдеп жайлы айтамыз. «Педагогтың әдебі нашар», қайырымдылығы, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар т.б. деумен бірдей. Ал педагогтық тактика тым күрделі – жақсыдан жаманға, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсіндікке және тәрбие талаптарына сай еместікке мәні болуы мүмкін. Әрбір тәрбиеші балалармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы қолдана береді, бірақ онда педагогтық әдебінің болмауы ықтимал. Былайша айтқанда, тәрбиеші балаларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалауы, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі т.б. жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы бар, бірақ ол педагогтық әдеп бола алмайды. Кейбір тәрбиешілер балаларға ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, әдепті болғанымен, олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабағында тәртіпсіздік үстем етеді, балалар үй тапсырмасын орындамайды, айтқан ақылын тыңдамайды, яғни оны сыйламайды. Мұндай оқытушының әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал-тәсілдердің қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ.
Әдеп - латынның “әсер ету”, “жақындау” деген сөзінен шыққан. Әр мамандықтың басқа мамандықтарға ұқсамайтын өзіне тән ерекшелігі болады. Тәрбиеші мамандығының бұл ерекшелігі педагогтік әдептен көрінеді. Аталған мәселемен айналысқан педагог-ғалымдарымыз педагогтік әдепке әр кезеңде әр түрлі анықтымалар берген. Мәселен, Л.Н.Толстой: “Педагогтік әдеп балалармен қарым-қатынаста мәдениеттілікті сақтай білу қабілеті”,- десе, К.Д.Ушинский: “Педагогтік әдеп - мейірімділік, қайырымдылық, әділеттілік қасиеттерді біріктіретін тәрбиешігің ақылды әрекеті”,-деген. Ал, И.Я.Писаренко: “Педагогтік әдеп дегеніміз – жүрек жылуын сақтай отырып тәрбиешінің балалармен мәдениетті қарым-қатынасы”,-дейді.
Сонымен педаготік әдеп дегеніміз не? Бұл сұрақ бірден жауап беру мүмкін емес, себебі педагогтік әдеп түсінігін бір анықтамаға сыйғызу қиын. Дегенмен, философия ғылымдарының докторы и.Я.Зязюнның берген анықтамасын негізге алуға болады. Ол педагогтік әдепке: “педагогтік әлеп – бұл педагогтың мамандық шеберлігі, баламен арадағы дұрыс қарым-қатынасты таңдай білу іскерлігі. Әешіге дауыс, суретшіге шеберлік қалай қажет болса, педагогқа балалармен жұмыста жүрек, ұстамдылық, мәдениеттілік, мейірімділіе солай қажет”,-дейді.
Педагогтық әдеп – тәрбиешінің ең жақын кәсіптік белгісі. Ол әртүрлі әрекетсаласында педагогтың балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауы.Жалпы әдеп «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Ал этикалық сөздікте әдеп адамдар арасындағы қатынастың адамгершілік сипатын қамтамасыз ететін, мінез-құлық кодексін айтады. Бірақ бұл анықтама толық емес.
Педагогтық әдеп – этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі. Ол педморальдің ерекшеліктері, кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтық әдеп – тәрбиешідер расында пайда болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлық манераларын, киінуін, балалармен қарым-қатынасын және т.б. жиынтығын білдіреді. Тәрбиеші кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебінде жатады. Әнші немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, тәрбиеші үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп – жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын тәрбиешінің мінез-құлқы. Бұл педагогтың шәкірттермен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда да, тәрбиеде де өте қажет. Оның ролі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау тәрбиешінің шәкірттермен тіл табысуы қиын. Ал ондай тәрбиешінің тәрбиесінен нәтиже шықпайды. Моральдық сенім, ынта, ықылас, талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: балалар тәрбиешідерін шексіз сүйіп, құрмет тұтуы керек. Балалар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын тәрбиешідерді жүре тыңдайды. Педагогтық әдепті сақтамайынша, олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог М.Д. Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, балалардаң әрекетіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, қылықтардың пайда болуына себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |