Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет5/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер жинағы (1)

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Кравцов Г.Г., Кравцова Е.Е. Шестилетний ребенок: Психологическая готовностъ к школе.– М., 2003.
2. Усова А.П. Обучение в детском саду. М.: Просвещение, 2001.
3. Балбөбек бағдарламасы – Алматы, 2000.
4. Мендлина П.Я. Дошколъное воспитание во Франции. - М.: Педагогика, 1994.
5-дәрісбаян
Тақырыбы: Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті.
Мақсаты: Студенттерге мәдениет, сөйлеу мәдениеті жайлы анықтама беру
Дәріс жоспары:

  1. Тәрбиеші сөзінің мәнерлілігі

  2. Сөйлеу мәдениеті

  3. Сөйлеу процесінің негізгі тірегі

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты.Олар бір мезгілде жүріп отырады. Адамға тән сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды.Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі–оның мәнерлілігі. Сөйлейтін сөзінің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы, дегеніміз–екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз–адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айтуы.
Адамның миының жарты шарының сол жақ бөлігінде жүйке саласы бар.Ол–кісінің дыбыстап сөйлей алуын басқарып отыратын орталық. Сөзді қабылдауды, оның мәнісін түсінеуде мидың есту, көру, сипап–сезу, қозғалыс зоналарының,төбе,самай, желке бөліктерінің қызметі ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келеді.Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай зақымданудың екі түріболады. Бірі–адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен, сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, оған үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түріне–адам сөйлей алғанмен басқа біреудің айтқанын түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, жарақатталуы, қабынуы, ісуі афазияның пайда болуына әкеліп соқтырады.
Сөйлеу мен тіл ұғымдары бірдей ұғымдар емес. Сөйлеу дегеніміз –адамдардың тілі арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті.Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақта сол ұлттың қолданып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса осы құралдардың жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры сондай-ақ, грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдық өндірістің даму барысында, адамдардың өзара сөйлесу процесінде пайда болады, сөйтіп адам дайын тілді игереді.
Адамдардың бір ұғымға бірігіп еңбек ету процесінде, бір-біріне бірдеңе айту қажеті пайда болған.Адамдар замандастарына сөйлесу арқылы сол кезеңде болып жатқан оқиғаларды баяндап қана қоймай, ол бүкіл адамзаттың барлық жинақталғанбілім қорын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отырады.
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – адамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде сөздің әдеби тіл талабына, деңгейіне сай болуы. Ал әдеби тіл ең дұрыс үлгілі тіл деп есептелінеді. Педагогтың сөйлеу мәдениеті осы келтірілген анықтымағы сай болуы керек. Себебі, педагог өз жұмысында көбінесе ауызша тіл қатынас формаларын:лекция, әңгімелеу, әңгімелесу, хабарлама айту, баяндама оқуды қолданады. Педагог сөзі мазмұнды, мақсатты, көркем, ашық болуы керек. Сондықтан педагог тіл мәдениетінің екі компонентін білуі керек. Олар: а) тіл элементтерінің мәдениеті (барлық тіл элементтерін меңгеруі);б) тіл қатынас мәдениетін білуі (әдеби тіл, оның құралдарын меңгеруі).
Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені белгілі. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі жануарлардың қысқа мерзімді қылықтылық күйін білдіретін аффектік тілінен ажыратылады. Жануарлар тілі ешқашанда нақты бір затты белгілі дыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныты алмайды. Сөздің бұл қызметті сигнификативтік қызмет деп аталады. Сөздің белгілеу қызметі–нақты ұлт өкіліне түсінікті сөздерден құралған тілдің қызметі.Осы қызмет нәтижесінде адам әр түрлі заттардың бейнесін жанама түрде санада тұрғыза алады. Осыдан адам танымы еселеніп, байиды, яғни адам өзіндік сана қорында заттың таңбалық баламасымен де байланысқа келеді.
Сөздің және бір күрделі қызметі бар. Ол арқылы заттардың талдап, олардың мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға топтастыру мүмкіншілігіне ие боламыз. Сөздің бұл қызметті сөз мағынасы терминімен белгіленеді . Сөзді игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланысытармен қатынынастарды танимыз, зерттеп, үйренеміз.
Сөйлесудің және бір қызметті –коммуникативтік өрнектер құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бірігіп, сөз және сөйлем формасына келуінен әлі сөйлеу шықпайды. Сөйлеу–заттық негізі бар мағына болғанда ғана іске асады. Сөздің белгілі зат жөнінде баяны болып , екінші біреуге бағытталса ғана, өзінің коммуникативтік қызметіне сай болады.
Сөз бір нәрсе жайлы баяндаумен бірге ықпал жасау құралы болып та қызмет етеді. Адам тілінің ықпалдық қызметі тікелей әрекет –қылықты өзгерпегенімен, тыңдаушының ой –санасына , сезіміне қандай да бір өзгеріс ендіреді.
Сөйлеу процесінің негізгі тірегі – түсіну, түсінісу .Сөздің қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөйлеу, тілдесуге арналған және тілдесуде пайда болатын әлеуметтік өнім. Сөйлеу саналы әрекетке айналу үшін әңгіме арқылы шешілетін мәселе және оның мақсаты анық, мәнерлі болуы керек. Педагогтың сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы сөз мәнерлілігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет