Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет3/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер жинағы (1)

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Основы педагогического мастерство/Под ред./ Л.К.Зямина.-М:-Педагогика, 2004.
2. Мектепке дейінгі педагогика. В.И.Ядэшко., Ф.А.Сохин. Алматы., Мектеп-1996.
3-дәрісбаян.
Тақырыбы: Тәрбиеші еңбегінің әлеуметтік маңыздылығы.
Мақсаты: Тәрбиеші мамандығының қоғамда алатын орны туралы мағлұмат беру
Дәріс жоспары:

  1. Қоғам талабына сай тәриеші

  2. Тәрбиешінің жеке басының қасиеттері

Тәрбиеші мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып-білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгеруге талпынды.


Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болды. Олар атқарып отырған істің маңыздылығы және таңдаулы тәрбиешідердің беделі тәрбиешідік мамандыққа айрықша ілтипат білдірді. Бұл жөнінде ғылыми педагогиканың негізін қалаушы славяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский тәрбиешілерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ» деп жазды. Ресей педагогы К. Д. Ушинский тәрбиеші мамандығын: «Тәрбиеші ісі сырттай қарапайым болғанмен-тарихтағы ең ұлы істің бірі»,-деп бағаласа, ресей демократы В. Г. Белинский: «Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр»,- дейді. Тәрбиеші еңбегінің ерекшелігі неде? Бұл ерекшелік, сірә, тәрбиешінің адамдармен жұмыс істейтіндігінде болар? Бірақ басқа мамандық иелері де: юристер, дәрігерлер, артистер... адамдармен қарым-қатынаста болады. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі тәрбиешідердің қоғамдағы орнына қарай айқындалады.
Тәрбиеші – қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапты. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы ең бағалы және ғажетті нәрселерді алады, ал негізінен алғанда тәрбиеші арқылы жастар санасына сіңіреді. А. В. Луначарскийдің айтуынша тәрбиеші балаларға өткен ұрпақтан ең таңдаулысын беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс. Тәрбиеші жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік дүниетанымды, қоғамымызда орныққан азаматтық позицияны қалыптастырды, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.
Тәрбиеші мамандығы- біздің елімізде ең кең тараған мамандықтың бірі. Мамандықтың бұқаралығы оның маңыздылығын көрсетеді, дегенмен әрбір тәрбиешінен педагогикалық шеберлікті қоғам қажет етеді. Тәрбиеші – бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі қоғам талабы мен өзгеруіне қарай әр баланың белсенділігін арттыруға бағытталған.Л.Н.Толстой тәрбиешінің қызметі мен міндеті жөнінде:”...болашаққа жарамды адамды тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет- тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады”,- деп жазды. Бұл айтылғандар адамды жан-жақты дамыту тәрбиесінің міндеттеріне толық сәйкес келеді. Бүгін партада тәлім алып отырғандар еліміздің жаңа ғасырындағы тағдырын шешетін болады. Міне, сондықтан да тәрбиеші өз сыныбында болашақ ұрпақтың отырғандығын әрдайым есте сақтауы тиіс.
Тәрбиеші ең күрделі процестерді – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бір өзенді екі рет кешіп өтпейтіндігі сияқты, балаға әр уақытта бір өлшеммен қарауға болмайды. Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқалай приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы-оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Тәрбиеші әрқашан нақты жағдайды қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, тәрбиешіге ерекше жауапкершілік жүктейді. Тәрбиешіге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Тәрбиеші баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады, яғни оның қолында В.Г.Белинскийдің сөзімен айтқанда, адамның өмірлік тағдыры тұр. Кезінде көне грек философы Платон былай деген еді: егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны азаматтар біршама нашар киінеді, ал егер шәкірт тәрбиешіы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді. А.В.Луначарскийдің сөзі де осы ойға үндес: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол браққа кетеді, алайда ең бағалы деген гауһар тастың өзі жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет».
Алайда тәрбиешідер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы икемділіктің, танымдық және практикалық міндеттерді творчестволықпен шеше білудің де маңызы зор. Тәрбиеші ойын қадағалау мүмкіндігі балалардың ойлау мәдениетін қалыптастырады.
Тәрбиешінің жеке басындағы барлық қасиеттерінің кәсіптік мәні бар. Мәселен, А.В.Лунчарский атап көрсеткеніндей, педагогика моральдағы кез келген кемістік, мінез-құлықтағы кез келген кемістік тікелей у болып, ол жеткіншек ұрпаққа жұғады. Жақсы тәрбиеші – бұл ең әуелі қайғы-қуанышыңа ортақтасатын, парасатты әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын жақсы адаж.
Тәрбиеші дұрысында мархаббатты мамандық. Белинскийдің ойынша: тәрбие мақсаты- адамгершілік құралы- сүйіспеншілік. Педагогикадағы адамгершілік адамдарға әрдайым риясыз пайда келтіруі, балалардың рухани және дене саулығы таза болып өсуіне жәрдемдесуі арқылы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет