Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Иванов Д.А. Экспертиза в образовании.- Москва, 2008.
2.Петрова Е.А.Визуальная диагностика личности в практической деятельности психолога.- Москва, 2007.
3. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.
4. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и методах преподавания: Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.
15-дәрісбаян Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері
Мақсаты: Мектеп жасна дейінгі балаларды оқытудағы тәрбиешін қызметін талқылау Дәріс жоспары: Мектеп жасна дейінгі балаларды оқыту
Оқыту процесіндегі тәрбиеші ықпалы
Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ.
Сол жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы - балабақша.Кез келген бүлдіршін үшін балабақша тәрбиесі ата-анасынан берілген тәлім-тәрбиені жалғастыра отырып, жандандыратыны сөзсіз.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке жас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық»,- деп атап көрсеткендей мектеп жасына дейінгі балаларды оқыта отырып, тәрбиелеу балабақша тәрбиешілеріне үлкен жауапкершілікті жүктейтіні сөзсіз.«Тәрбиеші әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, алдымен тәрбиеші жоғары деңгейде білімді, жан-жақты болуы керек.
Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған орта жайлы көптеген мағлұмат алады.Олардың ой-өрісі кеңейе түседі.Әр түрлі ойындар, серуенге экскурсияға шығару мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзінше сабақ болады.Бұл жұмыстар балалар бақшасында белгілі бағдарлама бойынша жүргізіледі және балаларды әрі қарай мектепке оқуға дайындайды.Бала өзінің айналасындағы заттармен, олардың маңызымен және өмірде не үшін қолданылатынымен танысады, олар өлең айтуды, ана тілін, алғашқы санау жұмыстарын, оқып үйрене бастайды.Ең ересек топта-мектепке дайындау тобында-балаларды жаза бастауға үйретеді.Ал балалар бақшасындағы оқыту, негізінде ауызша жүргізіледі.
Тәрбиешілер баларды қызықтыруға, ойлануға, еске түсіруге, салыстыруға, көргендері мен естігендерін айтып беруге баулитын әдістер қолданады.Жаңадан білгендерін, шеберліктері мен алған дағдыларын, бұрыннан білетіндерімен байланыстырады.Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізген кезде
көрнекті құралдар кең қолданылады.Мұндай көрнекі құралдарға жататындар: халық шеберлері жасаған заттар, үйде қолданылатын заттар, табиғи материалдар сол сияқты балаларға арналған бейнежазбалар, үнтаспа, суреттер. Көрнекті құралдар ішінде қолдан жасалғандары көп болады. Оларды тәрбиешілер,ата-аналар, сол сияқты балалардың өздері жасайды.
Алуан түрлі ойындар балалар үшін білім беретін үлкен мектеп болады.Бұл ойындардың мазмұнында сөз де, санау да, елестеу де, тапқырлық та бар. Ойындар баланы қызықты түрде табиғатпен,адамдардың мінез-құлқымен,ересек адамдардың алуан түрлі еңбек әрекеттерімен таныстырады.
Театрға, мұражайға, саябаққа, мектепке және басқада қоғамдық орындарға саяхатқа бару балалардың білімін молайта түседі және ұмытылмастай айқындалып есте қалады..
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ісінде әр түрлі үлгілерді көрсету үлкен орын алады.Тәрбиеші суреттің, қолдан жасаған ойыншықтың, жапсыру үлгілерін жасайды немесе әдеби мысал келтіреді.Алғаш бала осы үлгіні қайталайды, ал одан соң өз бетімен жаңасын жасайды. Сөйтіп, ол белгілі бір жұмысты орындау әдістерін үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі бала үшін білімнің,ойланудың,қиялдаудың үлкен көзі ертегі болып табылады.Тәрбиеші балаға ертегінің бас кейіпкерінің мінез- құлқынан және ертегі оқиғаларынан өмірдегі нақты қаһармандарды және аса бай қиялдың өзінен асып түсетін нақты өмірді көре білуге көмектеседі.Осы жастағы баланың белгілі бір топтан екінші бір топқа ауысқан сайын алатын білімінің, дағдысының шеберлігінің көлемі кеңіп, күрделілене береді.Балалардың жасына сәйкес оқыту әдістері өзгертіліп отырады.
Оқыту үнемі тәрбиелеп те отырады. Бала жинақылыққа, тәртіптілікке дағдыланады, ол тыңдай білуге және зейінін қоя білуге үйренеді, сөйтіп, оның мінез-құлқы қалыптаса бастайды.Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.
Бүгінгі таңдағы тәрбие мен білім алып жатқан бүлдіршіндер де өздерінің қабілеті мен қабылдағыштығы жағынан болашағынан зор үміт күттіреді.Олардың жаңа қоғамдағы жаңалыққа, жаңа технологияны білуге, үйренуге, меңгеруге ынталы, яғни талпынысы өте күшті.Тәрбие мен білімнің негізі мектепке дейінгі кезеңде басталатындықтан оны қазіргі заман талабына сай етіп беру міндеті уақыт талабы
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Мектепке дейінгі педагогика. В.И.Ядэшко., Ф.А.Сохин. Алматы., Мектеп-1996.
2. Мектепке дейінгі педагогика. В.И.Логинова., В.Г.Саморукова. М.П.2002.
3.Балабақшада оқыту және тәрбиелеу Программасы. А.М.1992.
4. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы:Рауан 2002
.