негіз қышқыл
Сонымен, протолиттік теория бойынша негіздерге аниондар да жатады, олар протонды қосып алып қышқыл түзеді. Демек, қышқыл мен негіз бір-бірінсіз бола алмайды. Қышқыл мен негіз қосарласқан жұпты былай көрсетуге болады: қышқыл ⇆ Н+ + негіз
Ерітінділерде протонды бөлу немесе қосып алу процестері жеке-жеке жүрмейді. Протон қышқылдан бірден негізге ауысады, демек ерітіндіде бір мезгілде екі процесс жүреді.
Қышқыл1 + негіз2 ⇆ қышқыл2 + негіз1
Мысалы, CH3COOH + NaOH = CH3COONa + H2O.
қышқыл1 негіз2 негіз1 қышқыл2
Сірке қышқылы протонды беріп қышқылдың ролін атқарса, NaOH протонды қосып алып негіздің ролін атқарады. Протон ауысу процесіне қатынасатын заттарды (қышқылдар мен негіздерді) протолиттер деп атайды. Осы процестегі тепе-теңдікті протолиттік тепе-теңдік деп атайды. Көптеген қосылыстар протонды қосып та алады, бөліп те шығарды. Мысалы, гидрокарбонат ионы НСО3- сілтілік ортада протонды бөліп, қышқыл ролін атқарса, ал қышқылдық ортада керісінше.
НСО3- ⇆ Н+ + CO32- HCO3- + H+ ⇆ H2CO3
сілтілік орта қышқылдық орта
Протонды қосып алуға және бөліп шығаруға қабілетті заттарды амфолиттер деп атайды. Протолиттік теорияда еріткіштердің протолизі маңызды орын алады. Мысалы, еріткіш ретінде алынған су өзі диссоциацияланғанда: 2H2O ⇆ H3O+ + OH-
судың бір малекуласы қышқыл, бір малекуласы негіз болады.
H2O ⇆ H+ + OH-, H2O + H+ ⇆ H3O+.
Бұл процесті автопротолиз деп атайды. Қышқылдар мен негіздердің судағы диссоциациясы протолиттік теория бойынша протолиттік реакциялар болып табылады. Бұл реакцияларда су қышқылдық немесе негіздік қасиет көрсетеді.
Мысалы, HCl + H2O ⇆ Cl- + H3O+
қыш1 негіз2 негіз1 қыш2
NH3 + H2O = OH- +NH4+
негіз2 қыш1 негіз1 қыш2
Протон қатысында жүретін қышқылдар мен негіздердің еріткіштермен әрекеттесу реакциясы протолиз реакциясы деп аталады.
Тұз қышқылының диссоциациясы кезінде гидраттық протон (гидроксоний ионы H3O+) түзіледі. Ал, еріткіш ретінде органикалық қосылыстар қолданған кезде сольваттық протон түзіледі.
HCl + H2O ⇆ Cl- + H3O+ HCl + C2H5OH = Cl- + C2H5OH2+
қыш1 негіз2 негіз1 қыш2 қыш1 негіз2 негіз1 қыш2
Протолиттік теориямен қатар американдық ғалым Г.Н. Льюистің қышқылдық-негіздік теориясы (1926ж.) ұсынылды. Льюис теориясы бойынша қышқыл дегеніміз жұп электронды қосып алып, ковалентті байланыс түзетін қосылыс, негіз дегеніміз ковалентті байланыс түзу үшін жұп электронды беретін қосылыс. Қышқылдық-негіздік теорияны дамытуға қазақстандық ғалым академик М.И. Усанович. үлкен үлес қосты. М.И. Усанович бойынша қышқылдар мен негіздерге тотығу-тотықсыздану реакцияларын жатқызды.
Протолиттік теория бойынша қышқылдар 3-ке бөлінеді:
Бейтарап қышқылдар НА (НСl, H2SO4, HNO3 т.б.);
Катионды қышқылдар ВH+ (H3O+, NH4+);
Анионды қышқылдар HАn- (HSO4-, HSO3-, H2PO4- т.б.).
Қышқылдардың барлық түрі протонды бөліп шығарады. Мысалы, NH4+ ⇆ NH3 + H+
Протолиттік теория бойынша негіздер де 3-ке бөледі:
Бейтарап негіздер В (NH3, C6H5NH2, C5H5N);
Катионды негіздер B+ ([Al(H2O)5OH]2+, [Zn(H2O)5OH]+);
Анионды негіздер An- ( OH-, Br-, NO3- т.б.).
Полипротонды қышқылдардың протолизі сатыланып жүреді.
H2SO4 + H2O = HSO4- + H3O+
HSO4- + H2O = SO42- + H3O+
Достарыңызбен бөлісу: |