Тотығу-тотықсыздану потенциалына әртүрлі факторлардың әсері:
1) Ерітінді рН мәнінің әсері. Көптеген суда жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларына Н+ немесе Н3О+ ионы қатысады. Бұл жүйелердің потенциалдары ерітіндінің рН-ына тәуелді. Мысал ретінде келесі жартылай тотықсыздану реакциясын қарастырайық:
MnO4- + 8H+ + 5е → Mn2+ + 4H2O
Мысалы, [H+] = 0,1 моль/л, [MnO4- ] = [Mn2+ ] = 1моль/л болғанда
2) Тотығу-тотықсыздану потенциалына тұнба түзу және комплекстүзу реакциялары да әсер етеді.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары: а) тіршілік процестерінде: потологиялық жағдайларды реттеуде, потологиялық жағдайларда диагноз қоюда, фармакотерапияда емдеуде; б) талдауда: тұнбаны ерітіндіге көшіруде, бір қосылысты екінші қосылысқа айналдыруда, тотықтырғыштарды болжауда қолданылады.
ДӘРІС№ 6
5.1. ТАҚЫРЫБЫ: Сандық талдау. Гравиметрия.
5.2. МАҚСАТЫ: Гравиметриялық талдаудың негізгі түсініктерімен және осы әдіспен жұмысты орындау тәртібімен танысу.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1. Гравиметриялық талдау әдісінің мәні мен тәсілдері, орындалу жағдайлары, негізгі кезеңдері.
2. Анықталатын заттың массасын есептеу.
3. Тұнбаға түсіруші реагенттің массасын есептеу.
4. Тұнбаның түзілу жағдайлары.
5.3.ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Гравиметриялық талдау әдісі анықталатын заттың немесе оның құрамындағы компонентті химиялық таза немесе лайықты қосылыс түрінде бөліп алынған массасын дәл өлшеуге негізделген сандық талдаудың түрі.
Бұл әдіс келесі фундаментальді заңдарға негізделген: 1) құрам тұрақтылық заңына; 2) химиялық эквивалент заңына; 3) массалар сақталу заңына.
Гравиметриялық талдау әдісі үш үлкен топқа бөлінеді: 1) бөлу тәсілі; 2) тұндыру тәсілі; 3) айдау тәсілі.
Гравиметриялық әдіс табысты, ойдағыдай орындалу үшін келесі жағдайларды орындау қажет:
1. Анықталатын компонентті сандық жағынан толық тұнбаға түсіру қажет, яғни ерітіндіде қалатын мөлшері 10-5-10-6 моль/л болса, анықталатын компонент толық тұнбаға түсті деп есептелінеді.
2. Түзілген тұнба химиялық таза, жақсы сүзілетін, химиялық құрамы белгілі, тұрақты, ірі кристалды болуы тиіс.
3. Тұндырылған формасы гравиметриялық формасына оңай айналуы тиіс.
Мысалы, BaSO4 BaSO4; 2Fe(OH)3 2Fe2О3 + 3H2O
4. Гравиметриялық формасының химиялық құрамы химиялық формуласына сәйкес болу тиіс. Мысалы, темірді анықтағанда гравиметриялық форма - Fe2О3 болу тиіс, Fe3О4, FeО болмауы керек.
Гравиметриялық талдаудың негізгі операциялары:
Анықтау үшін алынатын заттың нақты өлшендісін есептеу;
Анықтау үшін алынатын заттың есептелген нақты өлшендісін өлшеу;
Алынған затты еріту және тұнбаға түсіруші реагентті таңдау;
Тұнбаға түсіру (тұндырылған форманы алу), толық тұнбаға түскенін тексеру;
Кристалдық тұнбаны жетілдіру;
Тұнбаны сүзу және оны жуу;
7. Сүзгішті тұнбасымен кептіру және оны күйдіру, тұрақты массаға дейін жеткізу (гравиметриялық форманы алу);
8. Компоненттің мөлшерін есептеу (г немесе %).
1. Анықтау үшін алынған заттың нақты өлшендісін есептеу. Барлық аналитикалық операцияларды дұрыс орындаған жағдайда, гравиметриялық әдістің қатесі өлшеу дәлдігімен анықталады.
Анықталатын заттың нақты өлшендісі тұнбаның табиғатына байланысты әртүрлі болады. Кристалдық тұнба түзілетін болса, гравиметриялық формасының массасы 0,1-0,5 г болуы тиіс.
Аморфты тұнба түзілетін болса, гравиметриялық формасының массасы 0,1 г болуы тиіс.
Таразыда өлшегенде үтірден кейін төрт сан алынады.
3. Анықталатын заттың өлшендісін еріту үшін заттың табиғатына байланысты еріткіш таңдайды, ол талдауды әрі қарай жүргізуге кедергі жасамауы тиіс, тұндырушының артық мөлшері қыздырғанда ұшып кетуі тиіс, сондықтан көбіне аммоний қосылыстарын тұндырғыш ретінде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |