Тұнбаны декантация әдісімен жуған тиімді. Тұнба жуғанда жуатын ерітіндінің көп мөлшерін алуға болмайды, себебі тұнба шығыны артады. Тұнба шығыны таразы сезімталдығынан аспауы тиіс (1∙10-4 г).
Тұнбаны қыздыру, гравиметриялық форманы алу
Тұнбаны қыздырмай кептіру. Кейбір тұнбаларды қыздырмай гравиметриялық форманы алуға болады. Бұл жағдайда тұнбаны эфирмен, спиртпен жуып, тұнбадан ауаны сору арқылы кептіреді. Бұл әдіс өте сирек кездеседі, мысалы, натрийді цинк-уранил ацетатының кристаллогидратымен NaZn(UO2)3(СH3COO)9∙6H2O күйінде анықтайды.
Тұнбаны төмен температурада кептіру. Органикалық реагенттерден түзілген көптеген тұнбаларды 100 °С қыздырып гравиметриялық форма алуға болады. Мысалы, никельді диметилглиоксиммен, көптеген оксихиноляттармен тұндырылған тұнбалар.
Тұнбаларды қыздыру. Жалпы жағдайда гравиметриялық форманы алу үшін тұнбаны жоғары температурада қыздырады, көбіне 600-1100 0С. Қыздыру температурасы және уақыты тұнбаның табиғатына байланысты.
Анықталатын заттың гравиметриялық формасына қойылатын талаптар:
Құрамы химиялық формуласына сәйкес келуі тиіс.
Химиялық тұрақты болуы тиіс.
Анықталатын компоненттің гравиметриялық формадағы массасы аз болуы тиіс.
Тұнбаны тұрақты массаға дейін қыздырады. Тұнбаны қыздыру мақсаты: 1) еріткіштен және ұшқыш компоненттерден құтылу; 2) құрамы белгілі өлшеу формасын алу үшін қыздырады.
Анықталатын заттың мөлшерін есептеу. Гравиметриялық талдаудың ең соңғы операциясы. Анықталатын компонент немесе ионның массасы тұнба массасынан гравиметриялық фактор арқылы есептелінеді. Гравиметриялық фактор дегеніміз анықталатын компоненттің молярлық массасының тұнбаның молекулярлық массасына қатынасы:
Кестеде кейбір қосылыстардың гравиметриялық факторларына мысалдар келтірілген: