Дәріс жоспары



бет9/15
Дата31.12.2021
өлшемі170,23 Kb.
#22937
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Аналитика дәрістер 2020ж

Анықталатын

қосылыс

Гравиметриялық

форма

Гравиметриялық фактор (F)

Ag

AgCl

М(Ag)/М(AgCl)=0.7526

Mg

Mg2P2O7

2М(Mg)/М(Mg2P2O7)=0,2184

Ba

BaSO4

М(Ba)/М(BaSO4)=0,5884

Fe

Fe2O3

2М(Fe)/М(Fe2O3)=0,6994

K

K2PtCl6

2М(K)/М(K2PtCl6)=0,1609

Гравиметриялық форманың массасы белгілі болса, анықталатын компоненттің массасын келесі қатынаспен табуға болады:

МТ құрамында МА бар

mТ құрамында mА болады

Онда,

mА- анықталатын компоненттің массасы (г,мкг);

mТ – тұнбаның гравиметриялық формасының массасы (г, мкг);

МА - анықталатын компоненттің молярлық массасы;

МТ - гравиметриялық форманың молярлық массасы;



, гравиметриялық фактор

Көп жағдайда зерттеуге алынған үлгінің нақты массасындағы анықталатын компоненттің массалық үлесін анықтау қажет болады. Оны келесі қатынастан табады:



а (г) үлгінің құрамында mА (г) компонент бар болса,

, , а- үлгінің нақты мөлшері, г.

Мысалы, массасы 0,8250 г Fe2О3-теннеше грамм темір алуға болады? Гравиметриялық фактор нешеге тең? Fe2O3 құрамында 2 моль Fe бар, сондықтан:

1 моль Fe2О3 құрамында 2 мольFe

ал 0,8250 г Fe2O3 құрамында х г Fe



Сонда: г,

№ 7 ДӘРІС

5.1.ТАҚЫРЫБЫ: Титриметриялық талдау. Жіктелуі. Қышқылдық-негіздік титрлеу. Алкалиметрия және ацидиметрия. Реакцияларға қойылатын талаптар.

5.1. МАҚСАТЫ: Титриметриялық анықтаулар, есептеулердің негізгі түсініктерімен және реакцияларға қойылатын талаптармен танысу.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1. Титриметриялық талдау әдісінің мәні, негізгі түсініктері. Жіктелуі.

2. Титриметриялық анықтау тәсілдері, титрлеу түрлері.

3. Титриметриядағы бастапқы заттардың титрленген ерітінділерін дайындау.


5.3.ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Титриметриялық талдау әрекеттесетін заттар ерітінділерінің көлемдерін дәл өлшеуге негізделген. Титриметрияда қосылыстар бір-бірімен эквивалентті мөлшерде әрекеттеседі. Титриметриялық талдауда қолданылатын реакциялар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: 1) анықталатын зат пен титрант арасындағы реакция жоғары жылдамдықпен жүруі тиіс; 2) реакция аяғына дейін жүруі тиіс, яғни реакцияның тепе-теңдік константасының мәні жоғары болуы керек К≥108; 3) реакцияның аяқталуы (эквиваленттік нүктесі) айқын және жақсы анықталуы тиіс; 4) титранттың мөлшері тек анықталатын затқа ғана жұмсалуы тиіс; 5) Титрант ерітіндісі стандартталған болуы тиіс.

Титриметриялық талдаудың маңызды кезеңі титрлеу. Титрлеу - анықталатын заттың дәл өлшеп алған көлеміне титрант ерітіндісін эквиваленттік нүктеге дейін жәйлап қосу процесі. Эквиваленттік нүкте - қосылатын заттың мөлшері анықталатын заттың мөлшеріне тең болатын титрлеу кезеңі. Эквиваленттік нүктені ерітіндінің физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруімен, ерітіндінің түсінің өзгеруімен, индикатор түсінің өзгеруімен анықтауға болады. Индикаторлар -эквиваленттік нүктеде не оған жақын нүктеде өзінің түсін өзгертетін әлсіз органикалық қышқылдар. Индикатор өзінің түсін күрт өзгертетін титреу кезеңін титрлеудің аяқталу нүктесі деп атайды. Титрлеудің аяқталу нүктесі эквиваленттік нүктемен сәйкес келе бермейді. Сондықтан эквиваленттік нүкте мен титрлеудің аяқталу нүктесінің арасында айырмашылық өте аз болатын индикаторларды таңдайды.

Титрлеу әдісі анықталатын зат пен титрант арасындағы химиялық реакцияға негізделген. Химиялық реакцияның түріне қарай титрлеу әдістерін келесідей топтастырады: 1) Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі немесе бейтараптау әдісі – бұл әдіс сутек немесе гидроксоний ионының гидроксил топпен реакциясына негізделген: Н+ + ОН- → Н2О немесе Н3О+ + ОН- → 2Н2О. Бұл әдіспен күшті қышқылдар мен негіздердің, әлсіз қышқылдар мен негіздердің, суда гидролизденетін тұздардың, органикалық қосылыстардың концентрацияларын анықтайды. Титрлеуде пайдаланылатын титранттың табиғатына байланысты қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі екіге бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет