Өсімдіктердің клеткасынан әртүрлі фармацевтикалық препараттар алу
Жемшөп өндірісіндегі препараттар
Ұзақ жылдар бойы биотехнологияны көбінесе тек қана микробиологиялық процестер ретінде қабылдады. Жоғарыда келтірілген дәстүрлі биотехнология өнеркәсіптік өндіріспен бірлесіп қатар жүреді. Сонымен қоса ХХ ғасырдың 2-ші жартысында өнеркәсіптің ең ірі саласы – микробиологиялық салалар қалыптасты. Микробиологиялық өндіріс орындарында арнайы сұрыпталған бактериялардың, ашытқылардың көмегімен әртүрлі фармацевтикалық препараттар, өсімдікті қорғауға арналған заттар, биотыңайтқыштар және т.б тағам өнімдері мен шикізаттар өндіріледі. Арнайы қоректік орталарда өсімдіктердің жеке бөлініп алған клеткалары мен ұлпаларын өсірудің тиімді әдістері жасалды. Нәтижесінде өсімдіктерге, микроорганизмдерге қолданылатын технологиялар мен селекция әдістері пайдаланыла бастады. Олардың ішінде өнеркәсіптік деңгейде өсімдіктердің клеткасынан әртүрлі фармацевтикалық препараттар өндірісін, тұқымдарын алу шаруашылығына қажетті (микроклональды көбейту) өсімдіктердің патогені жоқ генотиптерін in vitro жағдайында көбейту әдістерін, протопластарды қосу жолымен соматикалық гибридизация, клеткалық селекцияны ерекше айтуға болады. Бұл әдістердің көпшілігі биотехнологияның келесі кезеңдерінің қарқынды дамуына өз үлестерін қосты Соңғы жылдары биотехнологияның қарқынды дамуына молекулалық биология мен генетика саласында ашылған жаңалықтарда өз үлесін қосты. Тұқым қуалайтын материалды (ДНҚ) бөліп алу, оны зерттеу (идентификация) белгілі бір гендерді кодтайтын жүйелер, клеткадан тыс жүргізілетін манипуляция көмегімен оның жаңа комбинацияларын жасау, осы жаңа генетикалық құрылымдарды тірі организмдерге салу арқылы дәстүрлі селекция көмегімен таңдап ала алмайтын өсімдіктердің пайдалы қасиеттері бар жаңа сорттары мен жануарлардың жаңа тұқымдарын, және микроорганизмдердің штамдарын алу әдістері жасалды. Емі жоқ ауруларды емдеуге қабілетті, тиімділігі жоғары жаңа дәрілік препараттар жасалды. Қазіргі кезде гербицидтерге, вирустарға, зиянкес жәндіктерге, ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа, тұзға) төзімді, сапалық сипаттамалары жақсартылған (белоктар, көмірсулық, өсімдік майы құрамы жақсартылған) ауылшаруашылық дақылдарының трансгенді сорттары егіс алқаптарының едәуір көп мөлшерінде өсірілуде. Бұндай өсімдік сорттарынан дайындалған азық-түлік өнімдері көптеген мемлекеттердің дүкендерінің сөрелерінен көруге болады. Биотехнологиялық өнімдер мен процестерді қолдану салалары. № Шаруашылық салалары өнімдер 1 Медицина және фармацевтика Антибиотиктер, микробтық дәрілік препаратар, ас-қорыту жолдарының ферменттері, (протеиназа және т.б) витаминдер (В12, В2, β-каротин, рибофлавин) полисахаридтер (декстран, липополисахарид, хитин және т.б) спирттер (этанол), органикалық қышқылдар (лимон, фумар, сүт, глюкан және т.б.) пробиотиктер, вакциналар, хитозан, стероидты гормондарды алудағы биотрансформациялау процестер, поли β-оксибутарат, биологиялық белсенді қоспалар. Өсімдік шаруашылығы Энтомопатогенді препараттар, бактериялық тыңайтқыштар, органикалық қышқылдар (пропионқышқылы), антибиотиктер, гербицидтер және т.б. Ауылшаруашылығы мен ветеринария Антибитиктер (биовиттер, бацитрацин және т.б) витаминдер (В12, В2, D2,β-каротин), органикалық қышқылдар (пропион қышқылы), ферменттер (протосубтилин), белокты-витаминді концентраттар, пробиотиктер, амин қышқылдары, вакциналар, биоглобулиндер, биостимуляторлар Тағам өнеркәсібі Антибиотиктер (субтилин, низин), витаминдер (β-каротин), амин қышқылдары (лизин, глутамин қышқылы), ферменттер (амилаза, инвертаза, лактаза және т.б), органикалық қышқылдар (лимон, фумар, глюкан, сүт қышқылдары және т.б.), жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың биомассасы, ББҚ Текстилді және тері өенркәсібі Ферменттер (липазалар, протеазалар және т.б) органикалық қышқылдар (лимон, фумар және т.б) Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі Полисахаридтер (ксантан және т.б.), беткі-белсенді заттар Металлургиялық өнеркәсіп Полисахаридттер, липидтер (фосфолипидтер, триаглицеридтер) Экология Мұнаймен ластанған топырақтардың, сулардың биоремедиациясына арналған биопрепараттар, органикалық қалдықтарды биокомпостирлеу, қалдық сулар мен газды қалдықтарды тазалау Химия өнеркәсібі Химиялық процестердің белгілі бір кезеңдерін биотрансформациялау (мысалы, аскорбин қышқылын, кортикостероидтарды және т.б алу кезінде), акрилонитрилден акриламидті алуда Биотехнологияның нысандары болып әртүрлі топтарға жататын организмдер болады: эукариоттар, прокариоттар, археялар, вирустар сонымен қатар культуралардың бірлестіктері мен биоценоздары. Биотехнологиялық өндірістерде: бактериялар, саңырауқұлақтар, бір клеткалы балдырлар, қарапайымдылар, вирустар, өсімдіктер мен жануарлардың клеткалары мен ұлпалары, сонымен қоса, организмдердің эндо- және экзоөнімдері (белоктар, ферменттер, нуклеин қышқылдары, амин қышқылдары, липидтер, простагландиндер және т.б) пайдаланылады. Солардың ішінде қазіргі кезде бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен ашытқылар едәуір кең қолданылады. Биотехнологиялық процестерде бактериялардың әртүрлі систематикалық және физиологиялық топтарының өкілдері кең ауқымда қолданылады: грам теріс, грам оң, автотрофты, хемотрофты, аэробты, анаэробты. Бактериялардың метаболизмдері эукариоттармен салыстырғанда алуантүрлі болып келеді. Бактериялар катаболиттік процестерінде электрон доноры ретінде органикалық та бейорганикалықта қосылыстарды пайдаланады. Гетеротрофты бактериялар әртүрлі органикалық қосылыстарды: метан, қарапайым спиртерді, органикалық қышқылдарды, көмірсутектерді, көмірсуларды, полисахаридтерді, ароматты және полиароматты қосылыстарды сіңіреді. Олар атмосферадағы оттегі бар болсада (аэробты), оттегі болмасада (анаэробты) тіршілік ете береді, температураның, рН мәнінің және осмос қысымының кең ауқымында. Бактериялар әртүрлі эндо- және экзо өнімдерді түзуге қабілетті. Эндогенді өнімдерге белоктар, нуклеин қышқылдары, витаминдер, ферменттер мен коферменттер, липидтер, токсиндер және т.б жатқызады. Экзогенді өнімдерге – антибиотиктер, гидролитикалық ферменттер, органикалық қышқылдар, токсиндер, витаминдер және т.б. Бактериялардың жоғары жылдамдықпен өсуі мен белокты түзуі, әртүрлі органикалық қосылыстарды сіңіруге және оларды трансформациялауға, адам өмірі үшін маңызды көптеген экзогенді өнімдерді түзуге қабілеттелігі, сонымен қоса бактериялардың геномының өзгеру мүмкіндігі олардың биотехнологияда әртүрлі мақсатта кең ауқымда қолдануға болатын өнімдерді алуға болатындығын көрсетті. Биологиялық нысандармен байланысты жүзеге асатын процестерді қолданудағы биотехнологияның ерекшелігін «биологиялық фактордың» көзі болатын тірі және инактивирленген клеткалар мен организмдер және олардың синтезі мен матаболизм өнімдері бар биоаэрозолдар және қалдық сулар биотехнологиялық өндірістердегі техногенді факторлар болып табылады. Осы аталған биологиялық факторлар адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсер етуін технологияны жасау, кәсіпорынды жоспарлау кезінде де және оны қолдану кезінде де шешіп отыру қажет. Соңғы жылдары геномды технология қарқынды дамып келеді. 21 ғасыр геномды кезеңнің басталғандығын көрсетеді.
Бақылау сұрақтар
Өсімдіктердің клеткасың құрылысы қандай?
Өсімдіктердің клеткасынан әртүрлі фармацевтикалық препараттар алу жолдары қандай?