Әділеттік принципі- залал тудырмайтын принципі барлық пациенттің статусына, жағдайына немесе сыртқы жайына қарамастан медициналық қызметкерлердің бірдей қатынасы және қызмет көрсетуді талап етіледі. Бұл принцип сонымен қатар медициналық қызметкер пациентке қандай да болмасын көмек көрсеткен жағдайда пациенттің өзіне де, басқа тұлғаларға да ешқандай зардабы тимеуі керектігін анықтайды. Пациентпен және оның жақындарының немесе басқа да медицина қызметкерлерінің арасында конфликт жағдайы туындағанда, осы принципті ұстана отырып, пациенттің жағында болу керек.
Медициналық көмек көрсетудің толыққанды принципі профессионалды медициналық көмек көрсету және пациентке профессионалды қарым-қатынас жасауды тұспалдайды, сапалы диагностика мен емдеу жүргізу үшін алдын- алу шараларын және полиативті көмек көрсетуді іске асыру денсаулық сақтауды қарастырады. Бұл принцип денсаулық сақтаумен байланысты барлық заң нормаларын, сондай-ақ этикалық кодекс ережелерін міндетті орындауды талап етеді.
Биоэтика анықтамасы және принциптері Этика – адамның түрлі қызметінде кеңінен таралған ұғым. Сондықтан да, философия саласы, яғни философиялық ғылым деп түсіну қажет. Этика (грекше ēthiká ếthos – салт, таным, мінез) ғылым ретінде адамның ар-ұяты мен танымын зерттейді. сондай-ақ, алғашқы Аристотельмен қолданылған зерттеудің түрлі саласын білдіретін термин. Этика адам қоғамының түрлі даму дәуіріндегі наным-сенім, құндылықтар, моральды ұстанымдардың қалыптасу задылықтарын қарастырады. Дұрыс, рұқсат етілген әрекеттер, моральды және аморальды, гуманистік жіне адамға қайшы қылықтар тарихи кезеңге байланысты мағыналық метоморфозға ұшыраған болатын. Яғни, қоғамныңдаму мен перспективалық қажеттіліктеріне байланысты. Адамзаттың қазіргі даму кезеңінде этикалық қағидалар өзгертіліп, тарихы өзге елдер адамзат құндылықтары бойынша ортақ консенсусқа келіп жатыр. Бұл ең алдымен адамның аса маңызды құқығы: өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, денсаулық сақтау құқығы, баспаналы болу құқығы.
Этиканың қосалқы мағыналары адамдардың қарым-қатынасындағы нормаларда, тәжірибелік қызметте, басылымдарды қолданылады. Аса тарағаны –профессионалы этика. Бұл қызметке қарасты салт-дәстүр, ой бөлісу, идеялар, көзқарастардың қосалқы жүйесі болып табылады.дәрігерлік және мейірбикелік этика, ғылыми медициналық зерттеулер ұғымы планетаның бүкіл даму барысында дамыған этикалық қағидалар. Мұндағы аса зер қоятыны медицина қызметкерінің міндеті, профессионалды компетенттілік, деонтология. Мейірбике міндеті – тарихи құрамдастырылған нормаларжиынтығы,ол мейірбике меннауқас, мейірбике мен дәрігер, мейрбикелердің өзара қарым-қатынасы, мейірбикенің мейірбике ісіндегі ролін бақылайды. Профессионалды міндет – бір жағынан медицина қызметкерініңмораль көрсеткіші – гуманизмді (адамгершілік, адамға сүйсіну), ал басқа жағынан гуманизм мен мейірбике міндеті бір-біріне қайшы келуі мүмкін. Мейірбике ешкімге алғашқы көмек көрсетуден бастартпауықажет. Бұл моральды талап Женевалық декларация, Мейірбике кодексі мен басқа да құжаттарда берілген.
Қазіргі кезде медициналық этика қағидалары биомедициналық этика ұғымына жинақталған.
Ол медицина қызметкер тұрлғасын, оның құқығы мен профессионалды қызметін орындау барысында заң бойынша және санасы бойынша әрекет етуін қолдайды.
Бүгінде биомедициналық этика төрт түрлі формада берілген:
1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады.
2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр.
Оныңнегізіндеемдікүрдісқалыптасады.
3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген.
4. Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оныңнегізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.
Биоэтика философиялық ғылымның маңызды нүктесі, ол жаңа заман медицинасының технологиялық жабдықталуымен, генді инженерия ғылымының пайда болуы, трансплантологии, адам өмірін сақтауға арналған құралдардың болуына байланысты. Бүгінде аборт, бала көтеру, жасанды ұрықтандыру, клондау, сексология, эвтаназияға байланысты этикалық ахуалдар көп. Сенм орнату, дәрігердің науқасқа түсінікпен, жақсы, саналы қарау делінген. Деонтологиялық этикаға қарағанда биоэтикада құқықтар шағылысы аса маңызды, яғни ұрықтың өмір сүру құқығы, әйелдің түсікжасату құқығы – жүкті болу құқығы, эвтаназия құқығы –жақсы өлім.
Мұндағы науқастың өлімге бет бұру деген құқықтық санасы дәрігердің профессионалды заңдылығы –зиян келтірмеу мен өлтірмеу деген қағидаларына қайшыкеледі.
Медициналық этика мен ұжымдағы қарым-қатынас