Дәріс кешені ап 01 Min Мейіргер ісінің негіздері Мамандық: 0302000-«Мейіргер ісі»


Мейірбике –« жаттанды рөл ойнаушы» (әртістік тип)



бет7/8
Дата16.10.2023
өлшемі44,09 Kb.
#116557
1   2   3   4   5   6   7   8
Мейірбике –« жаттанды рөл ойнаушы» (әртістік тип) : қандай да бір рөл ойнауға тырысады (мысалы, жарылқаушы) немесе ұнаушы идеалға еру. Үнемі шынайылығы, табиғилық жоғалады және жалғандық, жасандылық пайда болады.
«Күйгелек- мейірбике» типі: эмоционалды тұрақсыз, күйгелек, ашуланшақ, жеке мәселелерді талқылауға бейім, оның қызметі бағаланбайды деп есептейді: үнемі қандайда бір инфекциялық ауруды жұқтырып алудан қорқады, нәтижесінде кей процедураларды орындаудан бас тартуы мүмкін. Профессионалды этика тұрғысынан қарағанда мұндай мейірбикелер пациенттермен жұмыс істемеуі қажет.
Еркекшора, күшті тұлға (гренадер) мейірбике типі- науқастар оның жүрісінен немесе даусынан алыстан таниды. Олар тезірек өзінің қораптарын және төсектерін ретке келтіреді, басқа да артық заттарды жинастырады. Мұндай мейірбике тәртіпті, анықтылықты ұнатады. Ол тамаша ұйымдастырушы, жақсы педагог болады. Мәдениеттің жетіспеушілігіннен- пациентпен дөрекі қарым-қатынас кезде мейірбике үнемі жауапты болады.
«Ана типтегі мейірбике»- өзінің жұмысын жоғары деңгейде және сезініп орындайды, барлық жұмыстарына үлгереді. Оған «ана», «әпке» деп жүгінген дұрыс болады. Ол үнемі басқаларға қамқор болып жүреді.
«Мейірбике-маман»- ерекше өзіндік тұлғалылығының арқасында мейірбике белгілі профессионалды қызмет саласында білуге құмарлығы болады және ол осы қызығушылығын дамытуда арнайы міндет алады.
Ятрогенді аурулар
Госпитализм» дегеніміз - пациенттің саулығына аурухана мекемесінің теріс қайшы әсер етуі. Пациентке мейірбике аурухана ережелеріне үйренбеген жағдайда қиындықтарға тап болмас үшін бөлімдегі мейірбике моральдық психологиялық жағдайлар туғызып отыруы қажет. «Ятрогения» - бұл медицина қызметкерлерінің теріс мінез-құлқының немесе пациенттің көзінше аңдамай айтқан сөздерінің салдарынан пациенттердің аурулық жағдайға душар болып немесе ауруды өзіне қабылдап алуын айтады.
Ятрогенияның болу себептері:
1. Диагноз туралы хабарды негізсіз болжау.
2. Емдеу және диагностикалық процедураны теріс түсіну.
3. Әрекетсіздіктен «мылқау» ятрогения немесе қызметкерлердің көңіл бөлмеуі.
«

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет