Дәріс кешені ап 01 Min Мейіргер ісінің негіздері Мамандық: 0302000-«Мейіргер ісі»



бет8/8
Дата16.10.2023
өлшемі44,09 Kb.
#116557
1   2   3   4   5   6   7   8
Эгогения» дегеніміз - ол пациенттердің ауруына немесе белгілі бір ауруының жағдайына байланысты өз -өзін теріс әсер етуі. Кейде пациенттерде өзінің аурулары (мерез, әтектік, гинекологиялық аурулар) туралы дәрігермен сөйлесу әдепсіз деген теріс түсінік қалыптасқан. Мұндай жағдайларда пациенттің көңіл- күйі бұзылып, аурулары созылмалы түрге айналып ұзақ уақыт емделуге әкеліп соқтырады. Сондықтан мейірбике өзінің жылы сөзімен пациенттің көңілін тауып, қорқыныш күдігінен арылтып пациенттің саулығына белсенді көмек көрсетеді.
«Эрготогения» - бір палата ішіндегі ем алып жатқан пациенттердің көңіл-күй, жеке бастық қасиетері мен мінездерінің бір-біріне теріс әсерін айтады. Әсіресе осындай жағдайларда жүйкесі тозған пациенттер төзе алмайды. Сондықтанда осындай пациенттер бөлек палатада болуын қалайды және де бұл пациенттермен бірге сабырлы да, салмақты, өз денсаулығына белсенділікпен қарайтын пациенттерді орналастырады.
Мейірбикенің орынсыз үндемеуі. Мейірбике өзінің кәсіптік жұмысын атқарғанда пациенттермен қатыгез, дөрекі, төрешіл, тәкәппар, өзімшіл, сұрампаз, немқұрайлы және шектен тыс салқын болмауы керек.
Медицина қызметкерлерінің парызы үнемі пациенттің жанының жайбарақатын бұзатын, дененің саулығына қайшы әсер ететін жағдайлармен белсенді күресу, мейірімді, кішіпейіл болу. Мейірбике ашуланшақ, ынтасыз немқұрайлы болса, онда пациенттер жағымсыз пікірде болады. Мейірбике пациенттермен араласқанда этикалық нормадан басқа әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай біліп, кәсіптік байсалдылық пен жоғары сезімге ие болғаны жөн. Сонымен бірге мейірбике әр нақтылы жағдайда пациентермен түсінісе білуі, оның ауруына қарсы күресіп денсаулығын бұрынғы қалпына келуіне жағдай жасауы керек. Балалар ауруханасының медицина қызметкерлері балалар психологиялық ерекшелігіне, әсіресе пациент баланың жасына мінез-құлқына, түріне, ауыртпалығына сонымен бірге балаға аурухана жағдайының берген әсерін ескерген жөн. Кішкентай балалар сырқаттанғанда жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты мінез-құлқы, хал-жайы өзгергені байқалады. Әсіресе әртүрлі процедура мен инъекцияларға, операцияға әзірлікке және тағы басқа да шараларғаөте қорқыныш сезім білдіреді. Аурухананың балалар бөлімшесінде қызмет ететін медицина қызметкерлері балалардың ата-аналарымен араласқанда түрлі қиыншылықтармен кездеседі. Себебі ата-аналардың балаларының саулығына деген қорқыныш, абыржулары байқалады, мұның бәріде олардың табиғи сезімдері бола тұра мейірбике аса мейірімділікпен ата-аналармен жұмыс атқаруы қажет.

4.4 Иллюстрациялық материал


1. Ақпараттық технологиялық құралдар: компьютер,мултимедиялық құрылғы, интерактивті тақта

4.5 Әдебиет



  1. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г.

  2. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы М.Ш. Нурманова, Ж.Т. Матакова, Э.Т. Бейскулова, Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012

  3. C.А Мухина . И И Тарновская « Мейірбикелік істің теориялық негіздері» 2014ж

  4. С.Ж Төлебаев. К Ш Сыздықов «Мейірбике ісіндегі менеджмент және әкімшілік үрдіс» Алматы 2015ж

  5. М.Ш Нурманова Ж Т Матакова «Мейірбике ісі негіздері» стандарттар жинағы Қарағанды 2019ж

  6. Биоэтика: вопросы и ответы. Под ред. Б.Г.Юдина, П.Д.Тищенко. М.: Прогресс- Традиция, 2005. – 63 бет.

  7.  Введение в биоэтику. Учебное пособие. Отв. ред. Б.Г.Юдин, М.: Прогресс-Традиция, 1998. – 382 бет.

  8.  Гусейнов А.А.. Апресян Р.Г. Этика: Учебник. – М.: Гардарика. 1998. – 472 бет.

4.6 Бақылау сұрақтары
1. Ішкі бейне дегеніміз не?
2. Сөйлесу мәнері дегенді қалай түсінесіз?
3. Этика дегеніміз не?
4. Биоэтика түсінігі
5.Мейірбике мен науқастың арасындағы қарым қатынасты қалай түсінесіз
6. Рутинер мейірбике қандай мейірбике
7. Ана тиіптегі мейірбике
8Эгогения дегеніміз не?
9.Эрготогения дегеніміз не?
10. Ятрогенді аурулардың науқастың денсаулығына әсері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет