Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: сынға дейінгі кезең /1770/ мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И. Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» /вещь в себе/ және «біздің зат» /вещь для нас/ деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Ол сонымен бірге субьективтік идеалист, дуалист. Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады. Канттың этикалық ілімімен оның эстетикалық көзқарастары ұштасып жатыр. Ол эстетикалық көзқарастың негізі ретінде көркемдік, маңыздылық және даналық ұғымдарын қарастырады. Даналық арқылы табиғат өз заңын жүргізсе, маңыздылық пен көркемдік – эстетикалық талғамдар. Ал олар адамның қажеттілігінен немесе көңіл-күйінен туындамайды, керісінше, ешқандай мүддесіз, мақсатсыз, ұғынықтылықсыз-ақ қалыптасады.