Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып



бет16/22
Дата15.11.2023
өлшемі84,42 Kb.
#123709
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
лекции по практикуму орфогр и пункт-1

Сияқты, ретінде, қатар, емес, түгіл деген сөздермен келген және –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақты сөздермен келген тіркестер де, оңашаланған мүше сияқты, сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді: Мен Әлти ғана емес, Сәдуақасқа да іштей қайран қап отырмын (С.Мұқанов).

  • Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге аяқталатын тіркестер де үтірмен бөлінеді: Аяғының ауырғанына қарамастан, ол шапшаң жүріп отырды.

  • Оңашаланған мүше инверсияланып келуі мүмкін, ол күнде де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Мұқанның баласы ғой, менің былтыр өлген ағамның (С.Мұқанов).

  • Оңашаланған айқындауыш мүше өзінің алдындағы айқындайтын сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса, яғни айқындалушы сөз атау тұлғада келсе, араларына сызықша қойылады да, айқындауыштан кейін ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: Күлкінің иесі – қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Ал айқындалатын сөзімен морфологиялық тұлға жағынан қиыспай тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған айқындауыш ешқандай тыныс белгісімен ажыратылмайды: Менің інім Марат биыл мектеп бітірді. Оның бұл тұрған қалпын ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан басқа ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов).

    5. Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа бөліп қарауға болады: араларында жалғаулық жоқ бірыңғай мүшелер, араларында жалғаулық бар бірыңғай мүшелер және жалпылауыш сөзбен қатар келетін бірыңғай мүшелер.
    - Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады: Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын (М.Әуезов).
    - Жалғаулықсыз келген күрделі бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады: Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті, қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа қара жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау мұрынды, қоңыр өңді кісі еді (С.Мұқанов).
    - Бірыңғай мүшелердің алдыңғыларының жалғаулары түсіп қалып айтылуы мүмкін. Ол күнде де араларына үтір қойылады: Бөкенші, Борсақ Қызықшоқы, Қыдыр, Көлқайнарға жаппа тігіп қонды да, көшпей отырып алды (М.Әуезов).
    - Да шылауы етістіктен болған екі бірыңғай баяндауыштың арасында қайталамай келсе, де-ден кейін үтір қойылады: Бұның балдызына үйленген жандарал төрені сүйетін де, сүйейтін (М.Әуезов).
    - Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді байланыстырып тұрған да шылауынан кейін де үтір қойылады: Бір жерлерге келгенде, Биденко мен Горбунов ескі тамның түбіне бой тасалап отыра қалады да, Ваня ілгері барып жер шолып келеді.
    - Да жалғаулығы әр бірыңғай мүшеден кейін қайталап келсе, үтір қойылады: Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да (Абай).
    - Не, немесе, я, яки, әрі, әлде жалғаулықтары әр бірыңғай мүшенің алдынан қайталап келгенде, бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады: Теріскейден соққан желдің екпіні әрі күшті, әрі суық (С.Мұқанов).
    - Бір сөз бірдей не әртүрлі тұлғада қайталап айтылса, араларына үтір қойылады. Олар қатар да, араларына сөз салып та келе береді: Лаула, жан, костерден от, лаула, лаула!
    - Екі бірыңғай мүшенің арасында келетін бірақ, дегенмен, алайда, сонда да деген жалғаулықтар мен сондай-ақ, сонымен бірге деген тіркестердің алдынан үтір қойылады: Абай өлеңдерінде, сондай-ақ публицистикалық әңгімелерінде баланы тәрбиелеу деген мәселеге үлкен мән берді.
    - Бірыңғай мүшелердің әрқайсысынан кейін сұраулық шылаулары, болсын деген сияқты сөздер қайталап келе береді, мұндайда бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады: Желдің бе, қасқырлардың ба – әлдененің ұлыған үні жер-көкке сыймай тұрған сияқтанды (С.Мұқанов).
    - Үн жоқ, түн жоқ; ұзын арқан, кең тұсау; бір сырлы, сегіз қырлы; апы кіріп, күпі шығып; алты аласы, бес бересі; күн демей, түн демей; о жақ, бұ жағы сияқты күрделі қос сөздердің арасына, бірыңғай мүшелерге қойылғандай, үтір қойылады: Ол бір сырлы, сегіз қырлы жігіт еді.
    - Егер алдыңғы сын есім тікелей зат есімнің сынын білдірмей, өзінен кейінгі тұтас тіркестің сынын білдіретін болса, араларына үтір қойылмайды: Мен жап-жаңа алтын сағат сатып алдым. Мұндайда бірыңғай емес анықтауыштардың алдыңғылары өзі анықтайтын сөздің сыны емес, келесі анықтауыштың құрамындағы басқа сөздің сыны болып кететін қауіп болса, араларына үтір қойылады: Төңіректің бәрі де бірінен-бірі биік, қарағай жамылған ақ бас шыңдар (Ғ.Сыланов).
    - Бір деген белгісіздік есімдігі мен соған жалғас келген анықтауыштың арасына үтір қойылмайды: Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келді (М.Әуезов). Егер бір деген есімдік екі бірыңғай анықтауыштың арасында тұрса, ол өзінен кейінгі анықтауыштың құрамына енеді де, үтір алдынан қойылады: Баяғыда айлакер, бір қу түлкі болыпты.
    - Бірыңғай мүшелердің арасында қайталамайтын мен, және деген жалғаулықтар тұрса, үтір қойылмайды: Бұлардың артында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді (М.Әуезов).
    - Да шылауы қайталамай, екі бірыңғай сын есім, үстеулерден болған мүшенің арасында келсе, үтір қойылмайды: Қызғанышқа жеңгізген жас жүрек кінәшыл да әділетсіз (М.Әуезов).
    - Бір мағынаны беретін, бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі етістіктің арасында келген да шылауынан кейін үтір қойылмайды. Ол етістіктер бірыңғай мүшелер болып табылмайды: олардың соңғысы өз алдына лексикалық мағынасы жоқ көмекші етістік болады да, алғашқысын көсімше тұлғасына салып айтуға келеді: Дауыл көтерілді де, төңірек ұйытқыған қалың қар болды да кетті (С.Мұқанов).
    - Не, немесе, я, яки, әрі, әлде жалғаулықтары қайталанбай, екі бірыңғай мүшенің арасында тұрса, үтір қойылмайды: Есін жиғанын не оянғанын Асқардың өзі де білмейді (С.Мұқанов). Бұл жалғаулықтар қайталанбай, құрмалас сөйлемдегі екі жай сөйлемнің арасында тұрса, алдарынан үтір қойылады: Мұндағылар егін басына барады, немесе егіс басындағылар мұнда келеді.
    6. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, бірыңғай мүшенің ең соңғысынан кейін сызықша қойылады: Үш нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
    - Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, жалпылауыш сөзден бұрын сызықша қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін жалпылауыш сөз болып келетіндер, көбінесе, бәрі, барлығы, баршасы, күллісі, бірі деген есімдіктер және сан есім аралас басқа есімдер болады: Ортасында Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар – бәрі бар (М.Әуезов).
    - Жинақтаушы мәнде қолданылған кейбір зат есімдер де, оның ішінде мөлшерлі сан есімнен келгендері де, жалпылауыш сөз бола алады: Екі ақсақ, бір жел аяқ – үш боздақ енді базарға қарай бет алдық (Ғ.Мүсірепов).
    - Жалпылау сан есімдерінен болған жалпылауыш сөзден бұрын сызықша қойылмайды: Мәкіш, Ербол екеуі Абаймен құшақтасып амандасты (М.Әуезов).
    - Бірыңғай мүшелер мен олардан кейін келетін жалпылауыш сөздің арасында қыстырма сөз тұрса, қыстырма сөзден бұрын сызықша, соңынан үтір қойылады: Электр станциясының салынып біткен мерекесіне арналған митингіге жас та, кәрі де, оқушылар да, бөбектер де – қысқасы, ауыл адамдарының бәрі тегіс келді.
    - Көбінесе бірыңғай мүшелерден кейін келетін тағы басқалары, тағысын тағылар, тағы сондайлар деген сөздердің толық не қысқарған түрлері келсе, бұлардан бұрын, яғни бұлардың алдынан үтір қойылмайды, өйткені бұл жердегі «тағы» сөзі және деген жалғаулықтың қызметін атқарады: Мыналар элемент болады: оттегі, темір, күкірт, сынап, цинк, мыс т.т.
    7. Бір мезгілде немесе бір-біріне ұласа болған істі білдіретін, салаласа құрмаласқан жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады: Итбай мен Горбунов дойбы ойнап отыр еді, терезеден айғай шықты (С.Мұқанов).
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет