Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып


Тасымал Жазып келе жатқан жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады: ала-қан т.б. Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й



бет9/22
Дата15.11.2023
өлшемі84,42 Kb.
#123709
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Тасымал
Жазып келе жатқан жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады: ала-қан т.б. Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді буындағанда, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады: да-уыс, са-уат.
Ал ұу, үу, ый, ій қосар әріптердің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады:бу-ын, су-ық, қи-ын,ти-ын.
Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссыз қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін шығарып тасымалдау керек. Мыс.: құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа.
Біріккен сөздер буын жігімен де, түбірлер жігімен де тасымалдана береді: бі-рыңғай немесе бір-ыңғай.
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар буын жігіне қарай тасымалданады: ро-лінде (рол-інде емес).
Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.
Жазып келе жатқанда жолға сыймаса, мынадай орындарда тасымал жасауға болмайды:
а) екі, үш не одан да көп әріптерден құралған бір буынды сөздер тұрғанда тасымалданбайды: ай, күн, пункт.
ә) сөздің жеке әрпін сол жолдың өзінде қалдыруға да, келесі жолға тасымалдауға да болмайды: ара, аяқ, а-лақан.
б) бас әріптен қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды. Мыс.: БҰҰ ( Б-ҰҰ немесе БҰ-Ұ).
в) кісі атының қысқартылып алынған әрпін (инициалдарын) фамилиядан айырып сол жолда қалдырмаған да, екінші жолға көшірмеген де дұрыс: М.О.Әуезов т.б.
г) цифр арқылы таңбаланатын сандарды оларға қатысты қысқарған атауларынан бөлмей тасымалдаған жөн: 25 га (25-га емес)


7-тақырып. Пунктуацияның зерттеу нысаны, мақсаты, міндеттері, маңызы. Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары. Қазақ тілі пунктуациясының жүйесі

  1. 1. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылық белгісі

  2. 2. Тыныс белгілері мен интонацияның өзара байланысы

3. Тыныс белгілерінің алғашқы түрлері
4. Тыныс белгілерінің зерттелу тарихы


1. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылықты арттырады, әрі синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі. Тіліміздегі сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері. Әрбір тыныс белгілерінің өздеріне тән интонациясы болады. Тыныс белгісі мен интонация, кідіріс көбіне-көп сай келіп жатады. Алайда тыныс белгісі қойылуға тиісті емес жерлерде де интонация мен кідіріс жасалады. С.Торайғыровтың:
Сүйемін туған тілім – анам тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, – деген өлең жолдарындағы «анам тілін» деген оңашаланған мүше үтірмен бөлінбей, сызықшамен бөлініп жазылғаны дұрыс. Өйткені «туған тілім» деген тіркестен кейін үтір қойып жазсақ, анасының тілі бір басқа деген сияқты ұғым туады. Сонымен сөйлемді ұғуға тек тыныс белгісі ғана көмектеседі. Сол сияқты бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен болса, олардың арасына сызықша қойылады. Кейде мұндай жай сөйлемнің ішінде бірыңғай оңашаланған айқындауыш мүшелер кездеседі.
Л.Н.Харитонов ешбір тыныс белгілері қойылмайтындарға қытай, араб, монғол тілдерін жатқызады.
2. Тілдің ауызша және жазбаша түрі бар. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Жазба түрде берілген ойды қағазға айқын түсіру үшін, ойымыздың екінші біреуге жазба түрде дұрыс айтып беру үшін, әрбір дыбыстарды, әрбір тыныс белгілерін орын-орнына қоя білуіміз керек. Орфография мен пунктуацияны білмейінше, сауатты жазу мүмкін емес.
Пунктуация латынның «punctum» – «нүкте» деген сөзінен алынған. Ол – жазу тілінің құралы, интонация ауызекі тілдің құралы болады. Пунктуацияны интонация белгілемейді, керісінше, қойылған тыныс белгілері дұрыс интонациямен оқу керек екендігін көрсетіп тұрады. Пунктуация ауызекі тілдегі ритмді, паузаны, әртүрлі дауыс құбылыстарын белгілейді.
Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді оқу да, ұғыну да жеңіл. Тыныс белгісін дұрыс қою арқылы жазушы өз ойын, сезімін жазба түрде дәл жеткізеді және айтпақ ойын екінші адамдардың сондай дәрежеде дұрыс түсінуіне жәрдемші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет