Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып



бет6/22
Дата15.11.2023
өлшемі84,42 Kb.
#123709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
3. Бөлек жазылатын сөздер:
- Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме) әрбір сөзі бөлек жазылады: Ғылым және жоғары білім министрлігі.
- Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін, неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінің және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін білдірсе олар бір-бірінен бөлек жазылады: ат қора, ағаш күрек, ұл бала, ой желке, ортан жілік, бас сүйек.
- Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады: он бір, қара ала.
- Күрделі және құранды етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады: жаза бер, қызмет ету, лап қойды.
- Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөзі бөлек жазылады: таяқ жеді, қырғи қабақ болу.
- О баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанмен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек.
- Қыз, ер, сал, сері, батыр, сұлу, би, қожа тәрізді тұрақты эпитеттер өздеріне қатысты жалқы есімдерден бөлек жазылады.


4-тақырып. Қосымшалардың жазылуы
Қосымшалар сөздің соңғы дыбысының, буынының әуенімен үндесіп, бірге жазылады: бала-лар, ерке-лік. Осы ережеге бағынбай жалғанатын қосымшалар: -мен, -бен, -пен, -паз, -қор, -қой, -нікі, -дікі, -тікі, -гер, -кеш, -хана, -тал, -дар. –ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшаларыбуын үндестігіне бағынбай жалғанады. –ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбысына аяқталған жалқы есімдерге жалғанады да, басқа барлық дауыссыздардан кейін -ов (-ова) қосымшасы жалғанады. Мұнда сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Мұратов, Жүнісов. Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан, фамилия -ин (-ина) қосымшасы арқылы жасалады: Нұралин, Алтынсарин, Сейфуллин. –ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Аймановқа, Жүнісовке.
Қосымша жіңішке жалғанады:
- соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне және ог, уг дыбыстарына біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке түрде жалғанады: полктер, педагогтер, округке, ансамблі.
- соңғы буынында не бір буынды сөздің өзінде и дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: кассир-ге, магнит-тік, магний-ге.
- соңғы буынында ю, э, ё дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: полюс –ті, актер-ге, дуэль-ге, дуэт-ке.
- жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады: оське, ткані, тюлі, князі.
Қосымшалар жуан жалғанады:
- соңғы буынында не бір буынды сөздің өзінде у дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жуан жалғанады: курс-қа, автобус-қа, шуруп-ты. (г дыбысына аяқталған сөздер мен жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздер және бль, ль дыбыстарына аяқталатын сөздер бағынбайды).
- орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынында я әрпі болса, оған қосымша жуан түрде жалғанады: поляктар, коряктар, разрядшы.
- сөз х дыбысына аяқталғанда, оған қосымша жуан түрде жалғанады: тарихшы, цехтан.
Күнә, кінә, шүбә, Күләш т.б. сияқты соңғы буынында жіңішке ә әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады, тек барыс жалғауы мен етістік тудыратын –ла жұрнағы жуан айтылып, жуан жалғанады: кінәлі, куәсі, күмәнсіз, Күләшқа, шүбәлану, кінәлау.
Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша жуан және жіңішке болса, керісінше жіңішке түрде жалғанады: лагерьге, фестивальға.
Жіңішке ль дыбысына аяқталған сөздерге тәуелдік жалғаулары сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай, тек қана жіңішке жалғанады: дизелі, фестивалі.
Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге де қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады: вальсқа, асфальтқа, рельске.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның басқы дыбысы да қатаң, ал сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса, қосымшаның басқы дыбысы да ұяң я үнді болып жалғанады: малмен, астықты, қағаздар.
Бұл ережеге с, ш қатаң дыбыстарынан басталатын қосымшалар -сыз, -сіз, -са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -шең: сөзшең, ұраншыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет