Дәріс Кіріспе. Есептеу машиналары мен жүйелерінің



бет3/7
Дата16.10.2023
өлшемі132 Kb.
#116204
1   2   3   4   5   6   7

1.2. Бірінші буын (1937-1953)


Бірінші буынды машиналардың элемент негізі электронды-вакуумды шамдар болды. Өйткені мұндай шамдардың жылдамдығы электромеханикалық релелерге қарағанда өте жоғары (мыңдаған есе). Бірінші электронды есептеу машинасына бірнеше есептеуіштер таласа алады. Олардың ішінде бірінші ABC (Atanasof-Berry Computer) арнайы калькуляторын атауға болады. АВС 1939 жылдан 1942 жылдар аралығында профессор Джон Атанасовтың аспиранты К.Берримен жасаған калькулятор көмегімен сызықтық теңдеулер жүйесін шешу үшін қолданылады. АВС жады 50 битті 50 сөздерді сақтауға мүмкіндік берді. Жады элементтері ретінде регенерациялау тізбегі бар конденсаторлар қолданылды. Сырт жады ретінде перфокарталар іске асырылды.
Бірінші ЭВМ-ге таласушы ретінде 1943 жылы Англияда жасалынған Colossus есептеуіші жатады. Оны Томми Флауэрс профессор Макс Ньюменннің
жетекшілігімен жасаған. Colossus-тың көмегімен немістің шифрлаушы машинасы «Лоренц Шлюссель-цузат-40» кодаларын шешеуге қолданды.
Біріншілікке кандидат үшінші есептеуішке жалпы мақсатты бағдарламаланатын электронды калькулятор ENIAC (Electronic Numerical Integrater and Computer – электронды цифрлық интегратор және компьютер) жатады. Калькулятродың идеясының авторы Пенсильван университетінің қызметкері Джон Мочли (1907-1970). Калькулятор 1946 жылы Преспер Эккертпен бірге іске қосылған. ENIAC калькуляторы сутегі бомбасын жасау бағдарламасында кеңінен қолданылды. ENIAC салмағы 30 тонна, құрамы 18000 радиошамдардан тұрды. Секундына 5000 қосу және 360 көбейту амалдарын ондық санақ жүйесінде орындайды. ENIAC жобасына кеңесші ретінде Джон Фон-Нейман қатысқан болатын. Джон Фон-Нейман сонымен қатар, Принстон орталығында өзінің IAS (Immediate Address Storadge) деген машинасын жобалауға кіріскен болатын. EDVAC және IAS машиналарының жобаларын жасау үстінде Фон-Нейманның ойға түйген идеяларына мыналар жатады: есепті шығару алдында бағдарлама және деректер цифрлық түрде компьютердің ішкі жадында сақталу керек және ENIAC машинасында қолданылатын ондық арифметика (әрбір ондық разрядты көрсету үшін он электронды шам қолданылады) бинарлы арифметикамен алмастырылуы керек. Жоғарыдағы аталған идеяларды іске асыратын жоба қазіргі кезде Фон-Нейман есептеу машиналары деп аталады. Бағдарламалары ішкі жадыда сақталатын бірінші машина қатарына ЕDSAC машинасы жатады. Фон-Нейман машинасының архитектурасы 1.1-суретте келтірілген.


1.1-сурет. Фон Нейман машинасының сұлбасы
Фон Нейман машинасы 5 бөліктен: машина жадынан, арифметикалық және логикалық құрылғысынан (АЛҚ), басқару құрылғысынан, енгізу-шығару құрылғысынан тұрады. Жады 4096 сөзден, ал сөз әрқайсысы 20 биттен тұратын екі команда немесе 40 разрядты бүтін сан. Әр команданың 8 биті команда типін көрсетсе, қалған 12 биттері жадының 4096 сөздерінің бірін көрсете алды.
Арифметикалық-логикалық құрылғының құрамындағы 40 битті регистр- аккумулятор арқылы деректер компьютер жадымен және енгізу-шығару құрылғыларымен алмастыру жүргізіледі. Джон Фон Нейманның IAS және EDSAC машиналары компютерлік техниканың ары қарай дамуына зор ықпал етті.
1953 жылы IBM фирмасы IBM-701 машинасын сериялы түде нарыққа шығарды.
1951 жылы С.А.Лебедевтің басқаруымен МЭСМ (кіші электрондық есептеу машинасы) жасалынды. Бұл ССРО-да және Европада жасалған бірінші электронды машина болды.
1952 жылы (И.С.Брук, Н.Я.Матюхин, А.Б.Залкинд) М-1 машинасы жасалынды.
1953 жылы Европадағы ең жылдам жұмыс жасайтын есептеу машинасы БЭСМ (С.А.Лебедев) пайдалануға берілді. Оның жылдамдығы 8000-10000 операция/секунд.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет