Дәріс Кіріспе. Есептеу машиналары мен жүйелерінің



бет5/7
Дата16.10.2023
өлшемі132 Kb.
#116204
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс-1

1.4. Үшінші буын (1963-1972)


Үшінші буынды машиналар интегралды микросұлбалар негізінде құрылды. Жады құрылғыларында магниттік өзекшелердің орнына жартылай өткізгіштер қолдана бастады.


Процессорлар негізінен микробағдарламалық басқару құрылғылары арқылы құрылды. Командалар мен операциялар конвейерлік тәсілмен орындала бастады. 1964 жылы Сеймур Крей CDC-6600 жаңа есептеу жүйесін құрды. Жүйе он тәуелсіз функционалды блоктардан және 32 тәуелсіз жады модулььдерінен тұрды. Жүйе жылдамдығы -1 Mflops (жылжымалы үтірлі сандармен секундына миллион операция жасалған), 1969 жылы Крей жасаған CDC-7600 жүйесінің жылдамдығы 10 Mflops-қа жетті. CDC-7600 жүйесі - бірінші конвейерлік есептеу жүйесі деп аталды. Үшінші буынды машинаға IBM-360, IBM-370 машиналары, SOLOMON, ILIAC-IV жүйелері, конвейерлік- векторлық жүйелер TI-ASC және STAR-100 жүйелері жатады. IBM-360 жүйелерінің негізінде Кеңес одағы мен социалистік елдерде EC-1010/1060 іске қосылды.
Кеңес одағында жасалған үшінші буынды машиналарына БЭСМ-6 (С.А.Лебедев) машинасы жатады. Оның жылдамдығы секундына 1 миллион операция. Одан басқа М-220, М-222,МИР-1 машиналарын жатқызуға болады.


    1. Төртінші буын (1972-1984)


Төртінші буынды машиналар үлкен интегралды сұлбалар (Large-scale integration,LSI) және өте үлкен интегралды сұлбалар (Very large-scale integration,VLSI) негізінде құрылған. Сұлбалардың бірінші түрінің кристалында 1000 транзистор орналасса, екінші түрінде 100000 транзистор орналасады. Транзисторлардың мұндай тығыздығы бір микросұлбада компьютердің барлық


негізгі құрылғыларын орналастыруға мүмкіндік берді. Әртүрлі микропроцессорлар мен микро-ЭВМ-дер пайда болды. Олардың қатарына командалары ықшамдалған есептеу машиналары (RISC, Reduced Instruction Set Computer ) жатады. Мұндай машиналар процессор командаларының орындалу жылдамдығын арттыруға алып келетін қарапайым сұлбалар арқылы құрылған. Күрделі командалар ішкі бағдарламалар арқылы жылдам орындалатын қарапайым командалар арқылы орындалады.
Өнімділігі жоғары есептеу жүйелері көбінесе векторлық процессор негізінде дамуын жалғастырды.
С бағдарламалау тілі пайда болды. UNIX операциялық жүйесін С тілінде жазу арқылы UNIX операциялық жүйесін басқа есептеу машинасында қолдануға мүмкіндік берді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет