Бесінші буын (1984-1990)
Бесінші буында есептеу жүйелері көптеген машиналардан немесе процессорлардан тұрады. Есеп шығару үстінде әрбір пайдаланушыға жеке процессор бөлінеді және керек болған жағдайда әрбір пайдаланушыларға қосымша процессорлар ресрустарын пайдалануға мүмкіндік берді.
Бесінші буын жүйелері екі түрлі архитектуралық ерекшеліктерімен белгіленеді. Біріншісінде барлық машиналар бір жады арқылы жұмыс жасайды. Екіншісінде әрбір машина өзінің жеке жады арқылы жұмыс жасайды.
Есептеу жүйесінің бірінші түріне Sequent Balance 800 жүйесі жатады. Мұнда сыйымдылығы үлкен негізгі жады 20 процессорлармен ортақ бөлініп пайдаланылады.
Бесінші буынды есептеу жүйесінің екінші бағытында әрбір процессор өзінің жады модульдерімен қамтамасыз етілген. Процессорлар бір-бірімен алмасу желілері арқылы байланысқан. Мысал ретінде Intel фирмасының iPSC жүйесін келтіруге болады. Жүйе 128 процессорларды біріктіре алады.
Бесінші буынды есептеу жүйесінің үшінші бағытына бірнеше қарапайым процессорлардан тұратын орталық құрылғы арқылы басқарылатын, әрқайсысы өз деректермен бірдей операция орындайтын жүйелер жатады. Мұндай есептеу класына Thinking Machines Inc. фирмасының Connection Machine жүйесі және Mas Par Inc. фирмасының МР-1 жүйесі жатады.
Алтыншы буын (1990 )
Есептеу машиналарының бірінші төрт буындары бір-бірінен негізінен элемент негіздерімен өзгешеленеді. Бесінші және алтыншы буын есептеу жүйелерінің элемент негіздері бірдей болғандықтан олар бір-бірінен тек архитектуралық өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Алтыншы буынды есептеу жүйелері параллель процессорлар массиві арқылы құрылады. Мұндай жүйелер
көптеген (бірнеше мың) өзара байланысқан автономды есептеу машиналарынан тұрады. Мұндай жүйелердің есептеу қуаты суперкомпьютерлермен бәсекелесе алады.
Алтыншы буынды есептеу жүйесінің екінші өзгешелелігі – жұмыс стансаларының деңгейі. Жұмыс стансаларының процессорларында RISC архитектурасы, конвейерлеу және параллель өңдеу тәсілі кеңінен қолданылады. Кейбір жұмыс стансаларының өнімділігі төртінші буынды суперкомпьютерлерімен тең түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |